ІІ тарау. Қазақ ойшылдарының шығармашылығындағы
тарихи үдерістің зерделенуі
әлеуметтік қайшылықтарды бейбіт жолмен реттеуге мүмкіндік
беретін демократия принциптерін дамыту.
Әлеуметтік употизм туралы айтпасқа болмайды. Жалпы әлеу-
меттік употизм дегеніміз – жеке және қоғамдық сананың сыңаржақ
ойлау тәсілдерімен образ-концепция құруы арқылы жаңа түрдегі
әлеуметтік ілім жасауға ұмтылуы. Бұл құбылыстың негізгі гнесеоло-
гиялық айшығы саналылық пен санасыздық, эмоция мен таза ойлау,
дәрежесіз білімсіздік пен қалыптасқан білім дәрежесінің шекара-
ларын ажырата білмеу, оларды жеке-жеке абсолюттеу деуге болады.
Қазақ халқының дүниетанымындағы «қой үстіне бозторғай
жұмыртқалайтын заман» үлгісі орындалмайтын арман ғана. Әлеу-
меттік әділеттілік принципі әрбір адамға берілген бостандық пен
таңдау теңдігі. Қоғам даму тенденциясы ондаған адамдардың даму
бағыттары және кезеңдер арқылы айқындалады. Тарихқа зер салсақ,
қазақ қоғамында ежелден жеке адамдардың даралық қасиеті өте
жоғары бағаланған. Оның әлеуметтік-ізгілік тұтастығын түсіндірген-
де ғана толық мәнін ойлауға болады.
Әрбір жеке тұлғалар әлеуметтік шындыққа дұрыс немесе
бұрыс қатынасы оның өзі қабылдаған философиялық-теориялық-
методологиялық принциптеріне байланысты.
XX ғасырдың басындағы қазақ ұлт-азаттық қозғалысының
көрнекті қайраткерлері өмірдің объективті жағдайларын өзгертуде
күшпен емес, сананы сол процеске енгізу арқылы өзгерту керек
деп уағыздады. Олардың негізгі идеялары – бостандық, тәуелсіздік,
рухани езгіден құтылу жолдары және қазақ халқын жалпы
адамзаттық құндылықтарға жақындастыру болды. Қазіргі Қазақстан
өркениетті ел, егеменді мемлекет құрып, дамыған қоғамдастықтың
терезесі тең мүшесі болуды мұрат етуде. Оның негізі дәстүрлі
мәдениет пен рухани дүниеде жатыр. Осы көтерілген мәселелердің
бәрі келешектегі бірлескен тарихи, әлеуметтік-гуманитарлық және
философиялық ізденістердің алғы шарты болып табылады. Бұның
негізінде толыққанды, теориялық даму деңгейі жетілген тұтастай
қазақтану ілімін жасау жолында жекелей ұлы тұлғалардың дүние
танымдық көзқарасын анықтап, ұлттық өрлеу шыңындағы белестерді
белгілеуге жол ашылады.
Философия тарихында ненің қалай болғаны емес, керісінше, ол
неге осылай болған, неге басқаша болмаған деген идея басымдығын
көрсетуі дұрыс. Осы идеяны басшылыққа алғанда философия
тарихының заңдылықтарын ашуға мүмкіндіктер туар хақ.
Философия тарихына синтетикалық немесе теориялық әдісті
қолдану осы процестің мәніне тереңірек бойлауға, оның қыры мен
|