Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі ғылым комитеті



бет366/401
Дата08.12.2023
өлшемі1.5 Mb.
#485985
1   ...   362   363   364   365   366   367   368   369   ...   401
treatise187525

Әдебиет: Мұхамметдинов Р.Ф. Зарождение и эволюция тюркизма. – Казань, 1996; Зия Гөкалп. Түрікшілдіктің негіздері. – А., 2000; Шілдебай С. Түрікшілдік және Қазақстандағы ұлт-азаттық қозғалыс. А., 2002; Мараш И. Религиозное обновление в тюркском мире (1850–1917). – Казань, 2005.
478


ТҮРКІ ЭТИКАСЫ – түркі халықтарына ортақ моральдық, адамгерші- лік, құқықтық құндылықтар мен салт-жоралғылар, әдеп жүйесінің түп бас- тауы. Т. э. Түркі дүниетанымындағы адам мәселесінің орт., негізгі мәселе болуымен айқындалып, адамның әлемдегі орны және оның жаратылыспен үйлесімде өмір сүруі, рухани-адамгершілік, діни-танымдық ұстанымдары негізінде қалыптасты. Т. э. еуразиялық кеңістіктегі қазақ, өзбек, қырғыз, т. б. түркі тілдес халықтардың ұлттық этик. көзқарастары мен ұстанымдары- ның қалыптасуына игі ықпал етті. Дәстүрлі қоғам өмірі құқықтық, діни- киелілік негіздегі жарғылар мен тыйымдар жүйесі бойынша қалыптасқан. Бұл қоғам бірыңғай экон. тіршілік салты мен қандастық негіздегі бірлікке сүйенді. Көшпелі мәдениет пен тұрмысты жалғастыру оны сыртқы дұшпаннан бірлесе қорғана алатын ру немесе тайпа болғанда мүмкін болады. Ұран – рудың текті, намысты, даңқты тарихын білдіретін, қуат беретін дәстүрлі символы болып табылады. Ұранның негізгі қызметі ру арасындағы бірлікті нығайту, ортақ мақсат үшін шайқаста ру мүшелерінің батылдық-жүректілігін күшейтеді. Жалпы қазаққа «Алаш» ұраны ортақ болса, жекелеген рулардың өзіне тән ұраны бар. Сонымен қатар әрбір ру- дың өзіне тән «таңбасы» мен «ені» бар. Алғашқыда дәстүрлі түркі қоғамы адамының Тәңір алдында моральдық әрекеттерге қарағанда культтік әрекет- тері басым болды. Уақыт өте келе діни нормаларға негізделген моральдық ұғымдар мен этик. ұғымдар қалыптасты. Бұл ұғымдар мен түсініктер дала өркениетінің моральдық-құқықтық жүйесі, салт-дәстүрі мен әдеттерінде нақышталған. Дәстүрлі дүниетаным адамының рухы, оның мекені, өлім, өмірдің мәні жайлы толғануы түркі мифологиясынан көрініс тапқан. Мәселен, «сүйек – рухтың ұясы» ұғымымен байланысты: сүйек – «тек- жануар» – субстанция ретінде ұрпақтар арасындағы жалғастықты, генетик. негізді, қонақтың сол шаңыраққа туыстық дәрежесін анықтады, осыған байланысты қонаққа мүше тарту әдебі қалыптасты. Табиғат жағдайының қаталдығы, сыртқы дұшпандармен дамылсыз күрестер көшпелілерге жауын- герлік рух пен қатал әрі ұдайы қозғалысқа негізделген мінез дарытқан. Шыншылдық, жомарттық, қамқорлық, ержүректік, адалдық, сүйіспеншілік пен достықты қастерлеу осы қасиеттер төңірегінде қалыптасқан рухани құндылықтар болып табылады. Көшпелі қоғамдағы адамның ең жиіркенішті әдеті – жалған сөз, өтірік айту. Түркі қоғамының адамы үшін туған жерінің әрбір тау-тасы, ойы мен қыры, сай-саласы мен бел-белесі сол кеңістікте тұнып тұрған тарихын, болған оқиғаларды, сол кеңістіктегі көңіл-күйлерін еске алу болғандықтан кеңістіктің өзі еске алу теориясы қызметін атқарған. Яғни, әлем – көшпелі адамның өз рухымен болған тұтастықты, үндестікті, ғарыштық үйлесімді қамтамасыз ететін айна. Сондықтан Т. э. табиғатпен үндестікте өмір сүрген адамның тұрмысы мен дүниетанымының ішкі үйлесімін түзуші жүйе.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   362   363   364   365   366   367   368   369   ...   401




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет