Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі «Ғылыми қазына» мақсатты бағдарламасы



Pdf көрінісі
бет107/126
Дата01.11.2023
өлшемі2.92 Mb.
#482164
түріБағдарламасы
1   ...   103   104   105   106   107   108   109   110   ...   126
4100d37a29d9cd8e6f0c6385f1c84be9

Саиф Сараи (1321-1396) – қыпшақ ақыны, Алтын Орда дәуірі 
әдебиетінің көрнекті өкілі. Сарай қаласында дүниеге келген. Хан 
ұрпақтары арасындағы тақ таласы тұсында туған жерінен кетіп, өмірінің 
соңғы кезеңін мәмлүктер билігіндегі Мысырда өткізді. Саиф Сараиды 
Ә.Наджип қазақ халқының негізін құраған қыпшақ тайпасынан шыққан 
деп есептейді. Бізге жеткен елеулі еңбегі – бес мың жолға жуық түркі 
(қыпшақ) тіліндегі «Гүлстан бит-түрки» (1391) туындысын Сарайда 
бастап, Египеттегі Ніл өзені бойында аяқтаған. Мысыр қаласында 1396 
жылы дүниеден озды.
Толстов С.П. (1907-1976) – академик, Ресей ғылым академиясы
этнография институтының директоры, ММУ-дің тарих факультеті 
деканы қызметтерін атқарған. Тарихшы, этнограф, археолог, Орта Азия 
халықтары тарихын зерттеген. Ежелгі хорезмдік өркениетті ашқан және 
сол бағытта көптеген ғылыми еңбектер жазған.
Уәлиханов Ш.Ш. (1835-1865) – қазақ ғалымы, ориенталист
тарихшы, этнограф, географ, фольклортанушы, ағартушы. Жеке меншік 
мектепте оқып хат таниды. Шығыс тілдерінен араб, парсы, түркі тілдерін 
меңгерген. Омбы Кадет корпусын бітірген. ХІХ ғасырдың орта шенінде 
қазақтың өз ортасынан шығып, халық әдебиетін, этнографиясын көптеп 
жинап, оны баспа жүзіне шығаруда және сол материалдарды зерттеуде 
үлкен қызмет атқарып, үлес қосқан әйгілі ғалым.
Потанин Г. (1835-1920) – ғалым, жиһангер. Омбы облысы, Ямышск 
станциясында туып өскен. Омскідегі Кадет корпусында оқыған 
жылдарынан бастап Шоқанмен дос болған. Қазақ әдебиетіне байланысты 
жиналған материалдары Санк-Петербург, Омск, Томск, Алматы т.б. 


375
қалалардың қолжазба қорларында сақтаулы. Ол Азияның аз зерттелген 
аудандарының географиясы, этнографиясы, фольклоры жөнінде деректер 
жинау мақсатымен бірқатар саяхаттар жасады. Ол Ш.Ш.Уәлихановтың 
еңбектерін жариялауда үлкен еңбек сіңірді. 
Пелльо П. (1878-1945) – француз шығыстанушысы, қытай тарихы мен 
будда дінін зерттеген. Сонымен қатар моңғол жерін, орта азиялықтардың 
тарихы, мәдениеті, тілін зерттеген. Әсіресе ол оғыздардың шығу тегі мен 
«Қорқыт ата» кітабы жайлы құнды пікірлер айтқан ғалым. 
 Пропп В.Я. (1895-1970) – ресейлік атақты ғалым, фольклортанушы-
филолог. Дүниежүзі бойынша фольклор ғылымында салыстырмалы-
типологиялық әдістің негізін салушы, мәтін теориясын негіздеушілердің 
бірі. 
Ісімақова А.С. (1958 ж.т.) – филология ғылымдарының докторы, 
профессор (1998). Мәскеу қаласындағындағы Дүние жүзі әдебиеті 
институтында аспирантурада (1982–1985) оқыған. «ХХ ғасырдың бас 
кезіндегі қазақ көркем прозасының поэтикасы (тақырып, жанр, стиль)» 
атты тақырыпта докторлық диссертация қорғаған. 400-ден астам ғылыми 
зерттеу мақалалары мен 5 ғылыми монографиялық еңбектің авторы. Он 
жылдан астам М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтында 
бөлім меңгерушісі қызметін атқарған. Қазіргі таңда Абайтану және жаңа 
дәуір әдебиеті бөлімінің бас ғылыми қызметкері. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   103   104   105   106   107   108   109   110   ...   126




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет