Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі «Ғылыми қазына» мақсатты бағдарламасы



Pdf көрінісі
бет104/126
Дата01.11.2023
өлшемі2.92 Mb.
#482164
түріБағдарламасы
1   ...   100   101   102   103   104   105   106   107   ...   126
4100d37a29d9cd8e6f0c6385f1c84be9

Иасауи Қожа Ахмет (1093-1166) – түркі халықтарының, соның 
ішінде қазақ халқының, байырғы мәдениетінің тарихында айрықша 
орны бар ұлы ақын, пәлсапашы. Сайрам (Исфиджаб) қаласында дүниеге 
келген. Ол «Диуани хикмет» (Даналық кітабы) жинағының авторы. 
Ахмет Иасауидің «Диуани хикметі» – ХІІ ғасырда түркі тілінде жазылған 
түркі әдебиетінің ең көне үлгілерінің бірі. Түркістан (Иасы) қаласында 
дүниеден озды.
Көпейұлы М.Ж. (1858-1931) – ойшыл, фольклортанушы, этнограф, 
тарихшы, қазақ мәдениеті мен әдебиетінің белгілі тұлғасы. Павлодар 
облысы, Баянауыл ауданында туған. 10-15 жасынан бастап-ақ өлең 
жазып, хат жазарлық болғаннан-ақ Мәшһүр Жүсіп халық әдебиетін ел 
ау зы нан да, қағаз бетінен де жинау мен айналысады. Мәшһүр Жүсіптің 
үш кітабы: “Сары ар қаның кімдікі екендігі”, “Хал-ахуал”, “Тір ші лікте 
көп жа сағандықтан көрген бір тама шамыз” ат ты туын ды лары 1907 жылы 
Қазан қа ласындағы Құсайы н ов тар бас па хана сынан жарық көреді. 
Кәкішев Т. (1927 жылы туған) – әдебиетші, ғалым, сыншы. Филология 
ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Республикасының еңбек 
сіңірген ғылым қайраткері. 1950 С.М.Киров атындағы ҚазМУ-ды (қазіргі 
ҚазҰУ) бітірген. «Лениншіл жас» (қазіргі «Жас алаш») газетінде бөлім 
меңгерушісі, «Мектеп» баспасында аға редактор міндетін атқарған. 
1960–1968, Әдебиет және өнер институтында ғылыми қызметкер болды. 
1968 жылдан Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде аға 
оқытушы, доцент (1968–1978), декан (1978–1986), кафедра меңгерушісі 
(1987-1999) болып қызмет атқарды. 2000 жылдан осы университеттің 
құрметті профессоры. Көптеген ғылыми еңбектердің авторы.
Корш Ф.Е. (1843-1915) орыс шығыстанушысы, Ресей Ғылым 
Академиясының академигі. Мәскеу, Новороссийск университеттерінің 
және Лазарев институтының профессоры. Негізгі еңбектері славян
араб, иран, түркі тілдерін, әсіресе, олардың дәстүрлі әдебиетіндегі өлең 
құрылысын зерттеуге арналған. Ол тіл білімінде салыстырмалы-тарихи 
әдісті жақтап, әр түрлі тілдерді типологиялық жағынан салыстыра 
зерттеуге көп көңіл бөлді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   100   101   102   103   104   105   106   107   ...   126




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет