Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі «Ғылыми қазына» мақсатты бағдарламасы



Pdf көрінісі
бет106/126
Дата01.11.2023
өлшемі2.92 Mb.
#482164
түріБағдарламасы
1   ...   102   103   104   105   106   107   108   109   ...   126
4100d37a29d9cd8e6f0c6385f1c84be9

Низами (1141-1209) – әзербайжан ақыны. Негізгі шығармалары 
парсы тілінде жазылған. «Гәнжауи» – оның лақап аты. Әкесі Иранда, 
кейін Гәнжа шаһарында тұрған, ұлын түркі халқының дәстүрінде 
тәрбиелеген. Оның басты шығармасы – «Хамса» («Бес кітап»), оған 
«Құпиялар қазынасы» (1173 – 80), «Хұсрау – Шырын» (1181), «Ләйлі – 
Мәжнүн» (1188), «Жеті сұлу» (1197) және «Ескендірнама» (1203) атты 
бес дастаны кірген. Низами дастандары ерте кезден-ақ қазақ арасына 
тараған. Низами дастаны негізінде Абай «Ескендір» поэмасын жазса, 
Шәкерім де шығармасында Низами сюжеттерін пайдаланған.
Радлов В.В. (1837-1918) – шығыстанушы, түркі тілдері мен 
фольклорының үлкен білгірі. Ұлты – неміс, Германияның Берлин 
қаласында дүниеге келген. Берлин университетін бітіргеннен кейін 


374
Ресейге келіп, тіл үйрену мақсатымен Алтай өңіріне барып, оқытушылық 
қызмет атқарады. В.В.Радлов әр түрлі ғылыми сипаттағы экспедицияларға 
қатысып, фольклорлық үлгілерді ғылыми тұрғыда жинап, қағазға 
түсіреді. В.В.Радлов 1870 жылы «Түркі тайпалары халық әдебиетінің 
нұсқалары» деген көптомдық еңбегінің үшінші томында қазақ халқының 
ауыз әдебиеті үлгілерін жариялады. 
Сағди Ширази (1203-1292) — парсы-тәжік әдебиетінің классигі. 
Шираз қаласында дін қызметкерінің отбасында өмірге келген. 1257 
жылы «Бустан» дастанын (алғашқы аты «Сағдинаме») жазды. 1258 
жылы “Гүлстан” атты шығармасын жариялады. Ақын екі шығармасын 
да Шираздың билеушісі Әбу Бәкр ибн Сағдиге (1226 — 60) сыйға тартты. 
Ресей ақыны А.С.Пушкиннің «Бақшасарай фонтаны», «Ескерткіш» 
атты туындыларынан Сағди шығармаларының әсері байқалады. Ақын 
М.Майлыкентидің «Тухфа уа жумхурият» атты өлеңмен жазылған 
шығармасы мен “Бустан” дастанының композициялық желісінің 
ұқсастығын аңғаруға болады. Сағдидің «Бустан» дастанының үзінділері 
қазақ тілінде (1966, 1973) басылып шықты.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   102   103   104   105   106   107   108   109   ...   126




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет