Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі «Ғылыми қазына» мақсатты бағдарламасы



Pdf көрінісі
бет103/126
Дата01.11.2023
өлшемі2.92 Mb.
#482164
түріБағдарламасы
1   ...   99   100   101   102   103   104   105   106   ...   126
4100d37a29d9cd8e6f0c6385f1c84be9

Джувейни (1226-1283)Ала-ад-Дин Ата-Малик Джувейни белгілі 
парсы тарихшысы және мемлекет қайраткері. Хорасандағы (Шығыс 
Иран) Джувейни аймағында туылған. Оның «Тарих-и джаханугуши» 
(«Әлемді жаулап алушының тарихы») атты тарихи еңбегі 1252-
1260 ж. аралығында жазылды. «Тарих-и джахангуши» – моңғолдар 
тарихына жазылған бірінші шығарма. Ол бізге дейінгі маңызды тарихи 
мәліметтермен қатар, ғалым-тарихшылардың қиял көріністерін, сол 
ғасырдағы тарихи оқиғалардың ерекшелігін жеткізді.
Ибн Баттута (1304-1377) – араб саяхатшысы. Танжер қаласының 
тумасы. Оның Қырым мен Алтын Орда иеліктерінде болып, жазған 
мақалалары, Өзбек ханның сарайы туралы хабарламалары түрік 
халықтарының тарихы үшін өте құнды деректер. Ол 30 жыл бойы саяхат 
жасаған (1323-53). Өмірінің аяғына дейін ол Мароккода тұрған. Фес 
қаласында (қазіргі Марокко) дүниеден өтеді.
Ильминский Н.А. (1822-1891) – орыс миссионері. Қазан 
университетінің профессоры, түрік халықтарының әдебиетін зерттеуші 
ғалым, ориенталист. Қазақ салт-санасы, тілі жөнінде «Древний обычай», 
«Материалы к изучению киргизского наречия» деген еңбектер жазған. 
Қазақтың ауыз әдебиеті үлгілерін жинап бастырған. Соның бірі – «Қозы 
Көрпеш – Баян сұлу» жыры.
Иүгнеки Ахмед  (ХІІ ғасырдың соңы, Түркістан өңірі – ХІІІ ғасырдың 
басы, сонда) – орта ғасырлық ақын, хакім, ойшыл. Иүгнек (қазақша 
Жүйнек) қаласында туып өскен. Ахмед Иүгнекидің ғұмыры, өмір сүрген 
ортасы туралы деректер тым тапшы. Шариғат қағидаларын жан-жақты 
зерттеп-танып, терең іліміне сай «Әдиб Ахмед» деген құрметті атқа ие 
болған. Ақыл-ойы толысып, діни танымы әбден кемелденген шағында 


372
Ахмед Иүгнеки қысқаша тақырыптарға бөліп, ислам құндылықтарына 
негізделген өлең-жырларын өмірге келтіре бастайды. Кейін бұл 
жәдігерліктердің басы біріктіріліп, «һибат-ул-хақаиқ» («Ақиқат сыйы») 
деп аталатын дидактикалық өлеңдер жинағына айналған. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   99   100   101   102   103   104   105   106   ...   126




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет