Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі «Ғылыми қазына» мақсатты бағдарламасы



Pdf көрінісі
бет109/126
Дата01.11.2023
өлшемі2.92 Mb.
#482164
түріБағдарламасы
1   ...   105   106   107   108   109   110   111   112   ...   126
4100d37a29d9cd8e6f0c6385f1c84be9

«Гүлстан бит-түрки» – Саиф Сарайдың туындысы. Дастанның негізгі 
бөлімі Сағдидің «Гүлстан» шығармасының еркін аудармасынан тұрады, 


377
сондай-ақ, оған өзімен тұстас сегіз шайырдың ғазалдары, ақынның өзі 
жазған лирикалық өлеңдері, нақыл, ғақлия, толғаулары енген. Саиф 
Сараидың бұл поэмасы ХІҮ ғасырдағы қыпшақ әдебиетінде қалыптасқан 
әдеби дәстүр, озық поэзия үлгісі болған. Саиф Сараидың қолжазбасы 
1915 жылы белгілі болды, оның фотокөшірмесі Анкарада (1954), орыс 
әліпбиі негізіндегі транскрипциясы Ташкентте (1968) басылды.
«Диуани хикмет» – Қожа Ахмет Иасауидің сопылық идеясын жыр 
еткен, этикалық-дидактикалық мазмұндағы ХІІ ғасырда түркі тілінде 
жазылған әдеби шығармасы. Ақын өз кітабын қыпшақ даласы мен 
Орталық Азия түркілеріне түсінікті оғыз-қыпшақ тілінде жазған. Мұның 
өзі араб тілінде жазылған Құран Кәрім мен түрлі хадис, тәфсирлердің 
күрделі қағидаларын жергілікті түркі халықтарының түсініп оқуына 
мүмкіндік берді. «Диуани хикмет» – көшпелі елдің ауыз әдебиеті 
үлгілеріне негізделіп, түркі халықтары фольклорының тілдік-стильдік, 
модельдік тәсілдерін зор шеберлікпен пайдалана отырып жазылған 
көркем туынды. «Диуани хикметтің» түпнұсқасы сақталмаған. Ең ескі 
нұсқасы XV ғасырдың орта кезінде араб әрпімен көшірілген. Бертін келе 
«Диуани хикмет» Қазан (1887–1901), Стамбұл (1901), Ташкент (1902–
1911) баспаларынан жарық көрген.
«Диуани лұғат-ит-түрк» – Махмұд Қашқари 1072-1074 жылдары 
Бағдат қаласында жазылған түркіше-арабша сөздік. Ол түркі тілдері 
бойынша ең ауқымды және ең маңызды ежелгі тіл жәдігері. Оның 
қолжазба нұсқасы 638 беттен тұрады, онда 9000-нан астам түркі сөзінің 
араб тіліндегі егжей-тегжейлі түсіндірме-аудармалары қамтылған. 
Түркілердің тарихы, жағырапиялық таралуы, тайпалары, диалектілері 
және дәстүрлеріне қосымша мәліметтер берілген. Классикалық араб 
лексикографиясының қағидалары бойынша дайындалған бұл сөздік
Махмұт Қашқаридің түркі тілі туралы білімінің ауқымдылығын ғана 
емес, араб филологиясы ғылымы бойынша дайындығының да көлемді 
екендігін айғақтайды. 
«Жүсіп-Зылиха» – Шығыстағы көп елге тараған ғашықтық дастан. 
Негізінен Інжіл мен Құран Кәрімде баяндалатын Жүсіп пайғамбар 
туралы оқиғаға құрылған. Сюжеті Шығыстың бірқатар ақындарының 
шығармаларына өзек болған. Оның ауызша нұсқаларымен бірге жазба 
нұсқалары да бар. Дастанның көне қолжазбалары Британия музейінде 
және Будлин кітапханасында сақталған. Дастанның 1516 жылы 
көшірілген ең көне нұсқасы Түркияның Топқапы кітапханасында, ал 
1563 жылы көшірілген 2-нұсқасы Париж ұлттық кітапханасының сирек 
кездесетін қолжазбалар қорында сақтаулы.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   105   106   107   108   109   110   111   112   ...   126




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет