380
мың жол, 30 тараудан тұрады, 11 буынды қара өлең үлгісінде жазылған,
7 – 8 буын жыр үлгісі де кездеседі. Дүниежүзілік әдебиетте жоғары
бағаланатын «Рүстем-Дастан» қазақ танымына
мейлінше жақын етіп
жырланған, ол арғы-бергі ертегі-аңыз оқиғаларға толы. Дастанның
үлкен бір бөлігі М.Әуезовтің алғы сөзімен 1961 жылы басылып
шықты. «Жәмшитнама» (12 мың жол) және «Дарапнама» (4 мың жол)
бөлімдерімен толықтырылған нұсқасы 2004 жылы «Шаһнама. Рүстем –
Дастан» деген атпен жарық көрді.
«Сейфүлмәлік-Бәдіғұлжамал» – оқиғасы «Мың бір түннен»
алынып, ел арасына кең тараған ғашықтық дастан. Тұңғыш рет 1807
жылы «Сейфүлмәлік» деген такырыппен шағатай тілінде жарияланды.
Осы кітаптан кейін қазақ арасына кең тараған жырдың екі нұсқасы он
шақты рет басылып шықты. 1870 жылы В.В. Радлов жинағында басылған
нұсқа, оны Ж.Шайхысыламұлы
қайта жырлап, 1903, 1908 жылдары
Қазан қаласында бастырған. Радлов жинағындағы және Жүсіпбек
бастырған нұсқаның тілі таза, араб-парсы сөздері аз, көп сөзділік,
қайталау кездеспейтін көркем туынды. «Сейфілмәлік-Бәдіғұлжамал»
дастаны шығыс сюжетіне құрылса да, қазақ халқының ауыз әдебиетімен
орайласып, үйлесіп кеткен шығарма. Дастан «Ғашыкнаме» жинағына
енді (1979).
«Таһир-Зуһра» – ғашықтық дастан.
Дастанның сюжеті өзбек,
татар, ноғай, әзербайжан, түрікмен, қазақ арасында кеңінен танымал,
батыстың «Ромео – Джульеттасы», шығыстың «Ләйлі – Мәжнүнімен»
үндес. Қазақстан Ғылым Академиясының
Орталық ғылыми кітапхана
қорында дастанның екі нұсқасы сақтаулы: бірі – А.Оразаев (1834 – 1883)
бастырған нұсқа, ол 1889 – 1908 ж. аралығында Қазан қаласыннда қазақ
тілінде 9 рет басылып шыққан. Екіншісі – 20 ғасырдың басында өмір
сүрген қиссашыл ақын Ақылбек Сабалұлы өлеңмен жырлаған нұсқа.
«Тотынама» – хикаяттар жинағы. Үнді және Орталық Азия
халықтарына ежелден мәлім. Әлемдік әдебиетте «Тотынаманың»
85
нұсқасы бар, оның 20-ға жуығы Ресей архивтерінде сақтаулы.
«Тотынама» сюжеті қазақ арасына парсы әдебиеті арқылы еніп, кең
тараған. Хикаяттың бір үлгісі 1892 жылы Қазан қаласында татар тілінде
жарық көрген. Көтерген тақырыбы – әйел мекерлігі, олардың түрлі
қулық-сұмдықтары туралы оқиғалар. Жинақ –
циклдену процесінен
өткен шығарма, «Тотынама» нұсқаларының бірінде 52, бірде 70 түннен
тұратын хикаяттар баяндалады. Оның халықтық және авторлық
нұсқалары бар. Ә.Қоңыратбаев және Т.Қоңыратбаевтардың аударуымен
1991, 2005 жылдары «Тотынама» деген атаумен қазақ тілінде шыққан.
Достарыңызбен бөлісу: