Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі «Ғылыми қазына» мақсатты бағдарламасы



Pdf көрінісі
бет120/126
Дата01.11.2023
өлшемі2.92 Mb.
#482164
түріБағдарламасы
1   ...   116   117   118   119   120   121   122   123   ...   126
4100d37a29d9cd8e6f0c6385f1c84be9

Мерке, Меркі – ортағасырлық қалашық орны. Жамбыл облы-
сы Мерке ауданы Мерке ауылының батыс жағында, Алматы – Та-
раз автодаңғылының солтүстігіне қарай орналасқан. Мирки қаласы 
ҮІІ ғасырдан бастап белгілі. Ол ІХ – Х ғасырлардағы Кудам мен Ибн 
Хордадбехтің жолжазбаларында үлкен елді мекен деп аталып өтеді. 
Қалаға неғұрлым дәл сипаттама берген әл-Макдиси “Мирки – орташа 
аумақты, бекемделген, ішкі қамалы бар қала” деген. 
Мидия – тарихи аймақ. Б.з.б. ҮІІ – ІҮ ғасырларда Әзербайжанның 
оңтүстік мен Иранның солтүстік-батыс бөлігінде өмір сүрген қуатты 
патшалық. Мидия жөніндегі алғашқы деректер б.з.б. ІХ ғасырдың 2-жар-
тысында жазылған ассириялық жылнамаларда кездеседі. Астанасы – Эк-
батана қаласы (қазіргі Хамадан маңында) болды. 
Мысыр – араб елінің африкалық бөлігіндегі көне шаһар әрі ел ата-
уы. Жергілікті арабтар Египетті де, оның астанасы Каирді де Мысыр деп 
атайды. Қазақ фольклорында, сондай-ақ, көптеген шығыс халықтарының 
ауыз әдебиеті шығармаларында Мысыр атауы жиі ұшырасады.
Отырар (Фараб) – ортағасырлық қала орны. Оңтүстік Қазақстан 
облысы Отырар ауданының Темір темір жол стансасынан солтүстік-
батысқа қарай 7км жерде орналасқан. Отырар ҮІІІ ғасырдың басынан 
Тарбанд (Трабан) деген атаумен белгілі. Бұл атау Күлтегін және Білге 
қаған құрметіне арналған көне түркі жазбаларда кездеседі. Отырар ІХ 
ғасырдың өзінде-ақ ірі қала болған. Х ғасыр жазбаларында Кедер де-
ген орталық қаласы бар Фараб аймағы аталады. Кейбір зерттеушілердің 
пікірінше, қалада сол кезде әлемдегі аса ірі кітапхана және көптеген 
мешіт-медреселер болған.
Иран (1935 жылға дейін Парсы елі), Иран Ислам Республикасы – 
Азияның оңтүстік-батыс бөлігінде орналасқан мемлекет. Ресми тілі – 
парсы тілі. Мемлекеттік діні – ислам дінінің шиит тармағы. Иран – діни 
мемлекет. Жоғарғы заң шығарушы орган – бір палаталы парламент – Ис-
лам кеңесі жиналысы (меджлис) 4 жыл сайын сайланып отыратын 270 
депутаттан тұрады. Ұлттық мейрамы 11 ақпан – Революция күні (1979). 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   116   117   118   119   120   121   122   123   ...   126




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет