379
деректер мол кездеседі. Шежіре шамамен 1240 жылы аяқталған. Авторы
белгісіз, ол хан ордасында қызмет етіп, еңбекті ұйғыр әліпбиі негізінде
жазған. Еңбек ақсүйектер ғана оқитын мемлекеттің ішкі-сыртқы саясаты,
стратегиясы мен тактикасы, әскери доктринасы жайлы жазылған кітап
болғандықтан «Моңғолдың құпия шежіресі» аталған. Еңбек 1969
жылы қазақ тілінде М.Сұлтанияұлының тәржімалауымен Баян Өлгий
қаласында жарық көрді. Өлеңін аударған И.Байбатырұлы, алғысөзін
жазған Б.Бұқатұлы. Кейіннен 1998 жылы Алматыда, 2002 жылы Улан-
Баторда қазақ тілінде қайта жарияланды.
«Мың бір түн» – араб әдебиетінің
орта ғасырдағы классикалық
шығармасы. Бұл прозалық жинаққа үш жүздей аңыз-әңгімелер, новелла,
ертегілер топтастырылған. “Мың Бір Түн” белгілі бір қаламгердің
шығармасы емес, араб-парсы, үнді халықтарының әр кезеңде туындаған
ауыз әдебиеті үлгілері. Шығарма әйелдер қауымын жазықсыз жазалаған
Шахрия патша мен уәзір қызы Шаһризаданың мың бір түн бойы айтқан
қызықты әңгімелері арқылы ажал сағатын ұзартқаны төңірегінде өрбиді.
Шығарма билеушілерінің озбырлығын әшкерелеу,
жаман әдеттерден
тыйылуға шақыру мақсатында туған. Жинаққа Құран Кәрім, «Қисса-ул-
әнбия» оқиғаларымен байланысты діни дастандар да енген. Жанрлық
тұрғыдан
мұнда сатирикалық, дидактикалық шығармалар қамтылған.
Қазақ тіліне Қ.Әбдіқадыров, Қ.Мұхамеджанов аударды. Шығыс
елдерінде “Мың Бір Түн” сюжетінің желісінде жазылған жыр-дастандар
нәзирагөйлік дәстүрін қалыптастырды.
«Мұңлық-Зарлық» – Шығыс сюжетімен құрылған жыр.
Сюжеті
жағынан жырдың халық арасына кеңінен таралуына қиссашыл ақын
Жүсіпбек Шайхысламұлы көп еңбек сіңірді. Ол ауызша тараған үлгісі
негізінде жырды қара сөзбен (өлең аралас)
қайта жырлап, 1896-1916
жылдары Қазан қаласында «Хикаят Рисале-и Мұңлық-Зарлық» деген
атпен бірнеше рет жариялады. Жыр сюжеті қазақтың ертегі, аңыздарымен
сарындас, онда батырлық эпоста кездесетін
сөз оралымдары мен
бейнелеу тәсілдері кеңінен қолданылған.
Достарыңызбен бөлісу: