Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі «Ғылыми қазына» мақсатты бағдарламасы



Pdf көрінісі
бет25/126
Дата01.11.2023
өлшемі2.92 Mb.
#482164
түріБағдарламасы
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   126
4100d37a29d9cd8e6f0c6385f1c84be9

Енді төрт тармақты жыр шумақтарына бірнеше мы сал келтірейік. 
Олардың өзі ұйқасы, буын саны жағынан да түрліше болып келеді. 
1. Құл құллығ болмыс ерті(7а) 
1. Құл құлды болған еді,
Күң күнліг болмыс ерті(7а)
Күң күңді болған еді. 
інісі ечісін білмез ерті (106)
Інісі ағасын білмес еді. 
Оғлы қаңын білмес ерті(9б)
Ұлы әкесін білмес еді. 
Соңүкүң тағча йатды (7а)
2. Қаның судай жүгірді, 
2.Қаның субча йүгүрті (7а)
Сүйегің таудай үйілді. 
Бегілік ұры оғлың құл бол ты (96) Бек ұлдарың құл болды, 
Сілік қыз оғлың күң болты (86) 
Пәк қыздарың күң болды. 
3. Иоруклығ қантан келіп(7а) 
3. Қарулылар қайдан келіп, 
Иана өлтді? (46) 
Тағы (сені) құлдыратты.
Сүңігліг қантан келіп (7а)
Найзалылар қайдан келіп, 
Сү ре елтді?
Қайта (сені) ыдыратты?
4. Теңрі йарулқазу (6а) 
4. Тәңірі жарылқады
Бүкүл түрк будунқа (66) 
Бүкіл түрк халқына
Иаруқлығ йоғуғ келүрмедім (9в) 
Қарулы жау келтірдім,
Төгүнліг атуғ йүртмедім (8г)
Атты әскер жолатпадым. 
Бұл үзінділерден ұйқасы, буын саны түрліше болып келетін қазақтың 
жыр үлгілерін көріп отырмыз. Біріншісі мен екіншісі егіз (аабб) ұйқасты, 
үшіншісі шалыс ұйқасты (абаб) болып келсе, төртіншісінде тіпті, 
ұйқас жоқ. Ой шумағы, oй ұйқасы мықты болғандақтан мұны да жырға 
жатқызып отырмыз. Ал, осылардың қай-қайсысында да буын саны әр 
түрлі (4, 6, 7, 8, 9), айнымалы екендігі байқалады.
Орхон жазуларынан бес тармақты жыр шумақтарын да кездестіреміз. 
Бірақ оларда өлең ұйқасынан гөрі ой ұйқасы, дыбыс үндестігі әлдеқайда 
басым жатады.
Мысалы,
Елігіт елсіретміс, Елдігін елсіз етті,
Қағанлығығ қағансыратмыс Хандығын хансыз етті.
Иағығ баз қылмас, Жауын бейбіт етті,
Тізлігіг сөкүрміс, Тізеліні бүктірді, 
Башлығығ йүкүнтірміс Бастыны еңкейтті.
Ескерткіштердегі алты жолдан тұратын жыр үлгілері мынадай болып 
келеді:


89
Елліг будун ертім, Елді халық едім,
Елім амты қаны, Елім қазір қайда,
Кемке іліг қазғанурмен?— тір Кімге ел-жұрт іздермін? – 
ерміс. десті. 
Қағанлық будун ертім, Ханды халық едім,
Қағаным қаны, Ханым қайда,
Не қағанқа ісіг-күчіг Қандай ханға күш-қуатым
бірүрмін?— тір ерміс беремін? – десті. 
Бір өзгешелігі мұнда бірінші мен төртінші, екінші мен бесінші, 
үшінші мен алтыншы жолдар ұйқасып оты рады.
Ескерткіштерден сегіз, тоғыз, тіпті, одан да көп тармақты жыр 
шумақтарын көреміз.
Бірақ тоғыздан әргі жыр шумақтары, көбіне, үндестігі, қиюластығы 
әлі де түгелдей жетіліп бітпеген шұбыртпалы жыр ұйқасын еске салады. 
Ондай ұзақ шумақтарда да негізінен ой түйдегі, ой сәйкестігі басым 
жатады.
Эпикалық шығарманың табиғатына желісі ұзақ шумақтар өте-мөте 
тән болатындықтан, ескерткіштердегі сегіз, тоғыз тармақты жыр 
үлгілерінен бір-бір мысал.
1. Ілгсрү — Шантұң йазықа 1. Ілгері – Шаңтұң жазыққа
тегі сүледім(а) дейін жауладым, 
Талуйқа кічіг тегмедім (о) Теңізге сәл жетпедім
Біргерү — Токуз Ерсенке тегі Түстікте – Тоғыз Ерсенге дейін
сүледім(а) жауладым,
Түпүтке кічіг тегмедім (б) Тибетке сәл жетпедім.
Құрығару - - Иінчу үгіз кече Батыста – Інжу өзенін кеше 
Темір Қапығқа тегі сүледім(а) Темір қақпаға дейін жауладым. 
Пырғару—Иір Байырқу иіріңе Терістікте – Байырқы жеріне 
тегі сүледім(а) дейін жауладым. 
Бунча иірке тегі йорытдым Осыншама жерге дейін жорыттым. 
2. Елтеріс қағанқа 2. Елтеріс қаған үшін
Түрк Бөгү қағанқа Түрк Бөгі қаған үшін, 
Турк Білге қағанқа Түрк Білге қаған үшін,
Қапаған қағанқа Қапаған қаған үшін,
Түн ұдымату Түнде ұйықтамадым,
Күнтүз олұрмату Күндіз отырмадым.
Кузул канум төкті Қызыл қанымды ағыздым, 
Қара терім йүгүрті Қара терімді төктім
Үсіг-күчіг бертім оқ Күш-қуатымды аямадым. 


90
Осы келтірілген екі үзіндінің алдыңғысы — сегіз, соңғысы тоғыз 
тармақты. Бірінші мысалдың әдепкі төрт жолы кезекті ұйқасқа, соңғы 
төрт тармағы ерікті ұйқасқа құрылған. Ал, екінші шумақтың алдыңғы 
төрт тармағы ұйқасады да, қалған (соңғысынан бөлегі) жолда ры екі-
екіден ой ұйқасына бағынған.
Енді әдепкі үзіндінің тақ (1, 3, 5, 7) тармақтарының басында келетін 
ілгерү-біргерү, қурығару-йырғару тәрізді өзара үндесіп, жымдасып 
тұрған сөздерге назар аударыңыз. Сөз басында ұйқасып келген дәл осы 
сөздердің дербес шумағын Күлтегіннің кіші жазуынан кездестіреміз.
Ілгерү — күн тоғсықа Ілгері – күн шығысында,
Біргерү — түн ортасынару Оңымда – күн ортасында, 
Құрығару— күн батысықына Кері – күн батысында, 
Иырғару — түн ортасынару Солымда – түн ортасында
Бұл үзіндінің бастапқы сөздері егіз (аабб) ұйқаспен жазылған. 
Қарап отырсаңыз, ортадағы сөздердің өзі де (күн, түн) өзара ұйқасып 
тұр.
Енді осы шумаққа басқа бір жағынан келсек, (ілгерү-біргеру, 
құрығару-йырғару) сөздерінің үндесіп, өлең болып естілетінін 
байқаймыз. Ондай үндестік пен әуезділік аллитерация түріндегі 
дыбыстық қайталауларға байланысты. Мұнда, тіпті, соңғы ұйқастардан 
гөрі әдепкі сөздердің дыбыс үндестігі, жарастығы әлдеқайда күштірек 
екені көрінеді. Демек, мұның өзі әуезділікке, үнділікке ерекше мән 
берген түрк халқының жырлары аллитерациялы болып келетіндігін 
яки ұйқастың ба сында жасалатындығын дәлелдейді.
Сонымен, жыр ұйқастары, жыр шумақтары жайындағы сөзімізді 
аяқтай келе мынадай тұжырым жасауға болар еді:
Біріншіден, өлең жасаудың, ойды көркем бейнелеудің әдепкі 
адымдары деп біз жырдағы жиі кездесетін: іші-сырты, қасы-көзі 
тәрізді қос сөзді тіркестер мен тәтті сөз, асыл қазына, бағынды, 
жүгінді секілді ыңғайлас мәндес сөздердің жарасымды бірлігі деп 
есептейміз.
Мұндай сөздер қатарласа, жапсарласа келіп, шешендік ынғайға 
ойысып, содан мақал-мәтелге, қанатты жолдарға, әуезді, ырғақты 
жырға ұласады.
Екіншіден, Орхон жырларында екі, үш, төрт, бес, алты, сегіз, тоғыз 
және одан көп тармақты жыр шумақтары кездеседі екен және ұйқасы 
(сыңар, егіз, кезекті, шұбыртпалы) жағынан да, өлшемі (4, 6, 7, 8, 9, 
10 буынды) жағынан да әр түрлі болып, кейде тұлғасы ұйқаспай да 
жатады екен.


91


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   126




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет