Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі «Ғылыми қазына» мақсатты бағдарламасы



Pdf көрінісі
бет66/126
Дата01.11.2023
өлшемі2.92 Mb.
#482164
түріБағдарламасы
1   ...   62   63   64   65   66   67   68   69   ...   126
4100d37a29d9cd8e6f0c6385f1c84be9

«Хан қызының жауына болысуы». Бұл желі б.д.д. аңыздарда да 
болған. Мысалы, «Гүлдірсін» (Син, Шина – бәрі де деген мағына береді) 
аңызын ХІҮ ғасырда Сәйф Сараи дастан етіп жазған. Сараиді зерттеуші 
кей ғалымдар бұл оқиға Ақсақ Темір заманында болған деседі. Негізінде, 
Гүлдірсіннің сақ қызы екенін Ә.Қоңыратбаев айтқан. Тіпті, Гүлдірсін 
шаһары да болған, оны 1937 жылы С.П.Толстов қазған екен. Одан скиф 
садағының оғы, тастан салынған әйел суреті шыққан. Қала Төрткөлдің 
маңайынан табылған (Қоңыратбаев Ә., 1991-79).
Аңызда Гүлдірсін – патшаның қызы екен. Елін жау қоршап алып, 
астығы бітіп, таусыла бастайды. Сонда да берілмей, жауға сес көрсету 
үшін өгізді бидаймен жемдеп, қаланың сыртына қоя береді. Жау әскерлері 
ұстап алып, сойып жейді, қараса іші толған бидай екен. 
Гүлдірсін жау елінің бір жігітіне ғашық болған. Оған хабар беріп: 
«Кетпеңдер, шыдаңдар», – дейді. Қоршаған жау кетпей, ақыры халқы 
ашыққан қаланы басып алады. Бірақ Гүлдірсіннің ғашық болған 
жігіті: «Өз еліне опа қылмаған қыз маған қалай жар болады!», – деп ат 
құйрығына байлап өлтіреді.


268
Хан қызының жауға болысу желісі «Қобыланды батыр» жырында 
Қарлыға бейнесінде, Иранда «Бижан мен Мажинеде» сақталған. Кейбір 
көріністері Зарина аңызында да бар. Бірақ онда сақ патшасының қызы 
Зарина Мидия ханзадасын сүйіп қалса да елін сатпай: «Мен саған 
қосылсам, елім де сенің қол астыңа кіріп, кіріптар болады», – деп елінің 
қамын ойлап, Мидия ханзадамен некелесуден бас тартады.
«Түс қөру». Түс көру, оны жору өнері көне замандардан келіп 
жеткен. Антика әдебиетінде Артемидордың «Түс жорығыш» атты кітабы 
жазылыпты. Антикалық дәуірде түсті былай жорыған: түсінде қол жуса 
– уайымынан құтылады, жыласа – өңінде қуанады, қабырғасын суырса 
– әйелі өледі, араны қуса – байлыққа кенеледі, үйленсе – туыстарының 
бірі өледі, жылан қуса – жаман әйел соңынан түсіп жүр, – деп жорылады.
«Жүсіп-Зылиха» қиссаларында Зылиха да Жүсіпті түсінде көріп 
ғашық болады. Бұдан кейінгі ғашықтық қиссалардың бәрінде негізгі 
кейіпкерлер бірін-бірі түсінде көреді. Қыдыр-әулиелер де түске кіріп, аян 
береді:
«Ер Шеризатта» (Ә.Найманбаев):
Бір күні Қыдыр келіп түсіне енді,
Өңіндей падишаға аян берді.
«Еренғайып-шаһ Ғаббаста» (Мұхаммедқали Өндір қажыұлы):
Осылай болды, тақсыр, көрген түсім,
Қалмады еске түссе ақыл-хошым.
Бұл күнде өлер жерге келіп тұрмын,
Мехнаты арылмаған мұңды басым.
«Бозжігіт» қиссасында Бозжігіт ғашығын түсінде көреді:
Түсінде қыз осылай ғайып болды,
Жігіттің көңірегіне қайғы толды.
Бақсы менен балгерден дәрмен таппай,
Боп-боз жігіттің жүзі солды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   62   63   64   65   66   67   68   69   ...   126




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет