Аударған А.Қ.
Сияуыш адамдарды бақыты ету үшін екі қала салдырады: Сияуышқала
және Гангдиж. Қиялдағы осы екі қаланың сипаты мынадай:
Әлемді қанша кезсең, қанша көрсең,
Гангдиждей таппасаң қаланы артық.
(Весь мир пройдешь, на землю поглядишь,
Всех превосходит красотой Гангидж).
Онда ыстығың ыстық емес, суығың суық емес,
258
Ол – бақыт қаласы, береке қаласы.
(Ни зноен зной, нихолоден там холод,
То счастье город, изобилья город).
Шығыс ойшылдары Низами мен Жәми де Ескендірдің бір бақытты
қалаға келуін, ондағы идеал қоғамды суреттейді:
Әл-Фараби, Низами, Жәми ойларымен таныс, шығыс-батыс
мәдениетінен сусындап өскен қазақ ойшылы Сұлтанмахмұт «Адасқан
өмір» поэмасында өзінің қайырлы қоғамын жазады.
Ол өмірде бірді-біреу алдау болмас,
Жағынып арды ақшаға жалдау болмас.
Ешкімнен достық таппай, қастық көріп,
Бар адамды сайтан деп қарғау болмас.
Қара күшпен жеңіліп, қайғы басып,
Өлгісі кеп өмірден зарлау болмас.
Адамдағы жан, қуат, тапқыш талант.
Гүл шашпай, жеміс бермей қалмау болмас.
Әркімнің қандай іске таланты бар,
Өмірін, күшін соған салмау болмас.
Жаратылыстан керегін әрбір адам,
Еңбегімен алуға бармау болмас.
Хакіммін, Құдайшылмын, әскермін деп,
Еңбексіз, еңбекшілді жалмау болмас.
Сұлтанмахмұттың терең философиялық осы сөздерін кешегі кеңес
дәуірінде: «Ақынның бұл айтып отырғаны – советтік қоғам» деуге
мәжбүр еткен. Себебі, олай демесе Сұлтанмахмұт қазақ әдебиет
тарихынан өшпек еді. Ал, шындығында, Сұлтанмахмұттың суреттеп
отырған қоғамы шығыс ойшылдарынан, еуропа пәлсафасынан қуат алған
адами көзқарастардан туған арман болатын.
Адам – адам болғалы бақытты өмір, бақытқа кенелетін қасиетті жер
іздеген. Тіпті, қисса-дастандар идеясы да осыған саяды. Ақша билеген
қоғамнан тыс өмір сүретіндіктен, адамдық қасиеттеріне кір жұқпаған
Мұңлық-Зарлық пен Робинзон Крузо тағдырлары да ұқсас.
Утопиялық мекен жайды айтқанда, оны іздеген Қорқыт ата, Асан
қайғыны еске аламыз. Жиделі Байсынды қазақ аңыздарында басқа
да жыраулар мен батыр, билер іздеген. Оны Мәшһүр Жүсіп былай
деп көрсетеді: «...біз білгенде, Жиделібайсын атына қызығып, Асан
қайғы барған. Анан соңыратын Қазтуған барған. Орақ-Мамай барған.
Телағыс барған. Тама Шора батыр, кіші жүзден шыққан әз Едіге
барған.
259
Жиделі – өз аты, Байсын – тау аты. Тау болғанда, тамаша тау. Ел қай
жерінде, мал қай жерінде жүргенін жан білмейді. Ел-жұртының көбі
– қазақ. Байсын қоңырат атанады. Шаһарлары – Балық (Балх. А.Қ.) –
Бадақшан. Құндыз-талқан атанған жерлері болады. Қырғыз – Лақайдың
Лақайы – Құндыз талқанда, елін ақсақалдар билейді» (Көпеев М., 1992-
75).
Бұған қарағанда, Жиделі-Байсын аңызы – «жұмақ жер» мифтерімен
тоғысқан деуге болады. Жиделі Байсынды сөз еткенде, әңгіме сол
жердің тарихи орнында емес, «жер жұмағы» ұғымындағы мифтік мекен
екендігінде.
Қисса-дастандар ішінде «Сейфүлмәлікте» жазира арал атты мекен
бар. Оның сән-салтанаты Атлантиданы еске түсіреді.
Жолықты бір жазира және тағы,
Кең арал, мұхит-теңіз екі жағы.
Ғажайып зифа, харам бір жазира,
Адамның бастарындай жеміс бағы.
Түн болса ағаштары шұғыла ұрар,
Мың түрлі жарқ-жұрқ етіп әуез қылар.
Кей дауыс қаһ-қаһ күліп, кейбірі ұлып,
Ғажайып неше түрлі дауыс қылар.
(Ғашық наме. 1976-115).
Платонның Атлантидасы қиссаларда «жазира арал», «ирамбақ»,
«тамаша бау-бақша», «алтын сарай» бейнелеріне айналып, түрлі
трансформацияланған секілді.
«Еренғайып шаһ Ғаббаста»:
Үйінде сексен панар жанып тұрған,
Жібек атлас үйіне жайып қойған,
Айнала оның іші толған жақұт,
Отырдым бір тақытта даяр тұрған.
Құрметтеп неше түрі тағам қойды,
Отыз қыз, отыз жігіт бастап тойды.
Бұлбұлы, сандуғашы сайрап тұрған,
Мың есе бұрыңғыдан желпиді ойды!
(Ғашық наме. 1976-343).
Сондай-ақ, Систан жері де Өтүкен сияқты, қасиетті жер-су ұғымын
беретіндігі байқалады. Систан, Х.Г.Короглының дәлелдеуінше, Орта
Азиядағы сақ-скифтер мекендеген жер. Систан батырлары ежелгі парсы
аңыздарында Зоххақ атты жылан патшадан жеңіліп, Орта Азияға қашып
260
барған Жәмшид ұрпақтарынан тарайды. Жәмшидтен – Тұр, одан –
Шидас, Тұрақ, Шам, Нариман, Сам, Зал, Рұстам. Мысалы:
Болады асылым – Иран, жайым – сыстан,
Оғына бабам Кіршаш тау-тас ұшқан.
Нариман – туған атым, өзі түгіл,
Бармаған маңайына қорқып дұшпан.
Біздің ойымызша, Абайдың Ескендірінің жолыққан қақпасы ескі
мифтерден жеткен жұмақ есігі болса керк дейміз. Жұмаққа кіру үшін,
әуелі, «құлқының мен құлығыңа ие бол!» деген ой айтылады.
Қорыта келе айтарымыз, Ирамбақты ақындардың «жазира арал»
деуі тегін болмаса керек, ол жоғарыда сипатталып өткен «жер жұмағы»
мифтерінен шыққан дейміз. «Қайырлы қала», «рахат ел» идеясы біздің
дәуірімізде Индияда Ауробиндо пәлсафасына ұласқан (Рерих С., 1989).
Ауробиндо ауылы да бар. Ол ауылға мүше болып кіру үшін әуелі үш ай,
одан соң бір жыл сынақтан өтеді. Мал-мүлік, дүниеге қызықпайтын,
тек өз еңбегімен күн көріп, артық киім кимей, қанағатпен өмір сүруді
мойындаған адам ғана ол ауылда өмір сүре алады. Бай-кедейлік, мансап
қуу, атаққұмарлық деген жағымсыз қылықтардан тыйылған, тек адал
тіршілік қылған иманды кісі мәңгілік бақытқа кенелмек.
Қасиетті мекеннің тағы бір көрінісі – Шын-Машын. Бұл жер нақты
жағрапиялық атаудан гөрі, мифке ұласқан. Қисса-дастандарда, жалпы
Орта ғасыр ескерткіштерінде жиі кездесетін мекен. Махмұт Қашқаридің
«Түрік сөздігінің» жинағында «шын» деп Қытайды, ал «Машын» деп
тауғашты көрсетеді: «Тауғач – Машын елі». Бұл мемлекет – Шыннан
төрт айлық жер. Шын мемлекеті негізінен, мынадай үшке бөлінеді:
1. Жоғары Шын – Шығысқа орналасқан тауғач.
2. Орталық Шын – Қытай.
3. Төменгі Шын – Бархан. Бұлар Қашқарда. Бірақ қазір тауғачтар
– Машын, Қытайлар – Шын деп аталып жүр. Тауғач – түріктердің бір
бөлігі» (Түбі бір... 1993-22).
Ғылыми еңбектерде Шын-Машын, кейде Қытай мен Византия деп
аталып жүр. Машын – кейде Индонезия, кейде Үндістан да болып,
алғашқы дерегі көмескіленген сияқты.
Қазақтың жыл санауында мешін жылы бар. «Мешін» деп маймылды
атаса керек. Шын-Машындағы «машын» - мешіндер елі, яғни маймылдар
елі. Зерттеуші М.Исқақов, мешін – маймыл емес, «азған адамдар», яғни
қар адамы, орман адамы деген пікірді айтады (Исқақов М., 1980-272).
Оған сақай мен сәмеңгілерді де (ергежейлі) жатқызады. Қиссаларда
ол бір орманы бар, ғажайып оқиғалар өтетін мифтік өлкеге айналған.
261
Шын-Машын – бүкіл дүние, бар әлем деген ұғымды береді. Ирамбақ,
Сарандил, Шын-Машынның бір шығарманың ішінде аралас келуі
оқиғаның таңғажайыптығын, белгісіздігін, алыстығын еселей көрсету,
әмірелеу мақсатынан туады.
Достарыңызбен бөлісу: |