Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі «Ғылыми қазына» мақсатты бағдарламасы



Pdf көрінісі
бет64/126
Дата01.11.2023
өлшемі2.92 Mb.
#482164
түріБағдарламасы
1   ...   60   61   62   63   64   65   66   67   ...   126
4100d37a29d9cd8e6f0c6385f1c84be9

«Нұрдан жаралу». «Оғыз қаған жырында» Оғыз Тәңірге жалбарынып 
отырса, көктен бір жарық нұр түседі. Онда маңдайында алтын қазықтай 
меңі бар (Темірқазық. А.Қ.) қыз отыр екен. Оғыз қағанның осы бірінші 
жұбайы Нұрсұлу немесе Күнсұлу нұрдан жаралған еді. Қазақтың «Дың 
сұлу», «Домбауыл» аңыздарындағы сұлу қыздар күн нұрынан жүкті 
болады.
«Нұрдан жаралу» желісі шығыс сюжетіне құрылған қисса-дастандарда 
да кездеседі. Көбіне Ирамбақ қыздарының кейпіне қатысты айтылады. 
Мысалы, Мәшһүр Жүсіптің «Гүлшат-Шеризат» қиссасында Нұр – інжу-
маржан түрінде келеді. Онда жеті жұртқа патша болған Парақзат елден-
ерек түс көреді. Айбаты күнбатысты қаптаған аждаһаға қарсы інжу-
маржан шығады:
Ешбір жан оған қарсы бара алмады,
Қолына қару-сайман ала алмады.
Бір інжу-маржан сонда көктен түсіп,
Алдына аждаһаның аяңдады.
Бұл жердегі көктен түскен інжу-маржанның шешуі:
Дегенін інжу-маржан көктен түскен,
Бір сұлу ақылы кемел болар қызың.
Осы ежелгі мифтердегі «нұрдан жаралу» желісі адамзаттың 
жабайылық санасынан емес, даналық санасынан туған болуы керек. 
Шығыс пәлсафасы бойынша, ғалам нұрдан жаралған. Әл-Фараби: 
«Бүкіл дүние ғаламы басында бір шапаты ауданда болған нұр сәуле – 
жарық сәуледен жаралған», – дейді (Машанов А., 1994-60). Қазір өте 
дәл элоктрондық өлшеулер арқылы, алғаш дүние жаралғанда пайда 
болған нұр сәуленің қалдығы табылыпты. Сол қалдық сәуле, шығыс 
ұғымында, «әлмисақ» (әлімсақ). Қиссадағы нұр желісі әуел басында, 
«әлем күннен жаралды» дейтін ұғымның бөлшектенуінен пайда болса 
керек. Жалпы тарихи тұлғалардың өміріне құпиялылық, ерекшелік беру 
мақсатында, олардың ана құрсағына нұрдан дарығаны туралы аңыздар 
айтылып, жазылып жүр. Мысалы, Заратуштра, Будда, Иса пайғамбар мен 
Мұхаммед пайғамбар да нұрдан жаралған.
Нұрға байланысты аңыз Шыңғысхан әулетінен туып, өсіп-өнуі 
жөнінен де айтылады:


262
«Баяғы заманда бір хан өмір сүріпті. Оның жалғыз қызы болыпты. 
Қызын еркек кіндік көрмесін деп елден ерек ұстапты. Қыз бойжетеді. 
Күннен басқа ешкімді көрмеген қыздың бойында нұрдан бала бітеді. Ол 
бала Шыңғысхан (Шын-қыз-хан) атанады» (Казахский фолкьлор... 1972-
65).
Тағы бір аңызда Шыңғысханның әкесі Дүйінбаян нұрдан жаралады. 
Әкесінің әруағы үйге нұр болып кіріп, бөрі болып шығып кететін. Бұл 
ежелгі ғұндардың күн төтеміне Ү ғасыр түріктерінің бөрі төтемінің 
қосылғанын аңғартады.
Дүниенің нұрдан жаралып, нұрмен қауышатындығы жөнінде мына 
бір пікірді қызықты деп есептейміз:
«Көк өгіз «(су), көк өскін (жердегі тіршілік), көк аспан, яғни бүкіл 
болмыс ұлы ғаламшар құрылымының бір түсінігі көгілдір нұр әлемін 
құрайды... Адам жаны ұдайы дамып, жетіле отырып, ұлы нұрға 
қауышады» (Ақпанбек Ғ., 1993-35). Яғни, қисса қаһармандарының 
нұрдан жаралуы тегін емес екен.
Шәді Жәңгірұлының «Назым Сияр Шәриф» дастанында пайғамбардың 
тууы жайындағы оқиғалар нұрға қатысты болып отырады.
Мысалы:
«Сол күні Расул Алла дүниеге келді,
Аспаннан бір нұр шығып, сәуле келді».
«Ғабдолла әсем еді, сұлу түрі,
Бар еді маңдайында Расул нұры».
«Әуелі кездескенде Ғабдолланың,
Расулдың Әминаға жауды нұры» 
(Жәңгірұлы Ш., 1995-10-11).
Ислам дінінен тараған түсінік бойынша, адамның жақсы қасиеттері 
он нұрдан бастау алады екен:
1. 
Нұр садық – адалдық пен шындық.
2. 
Нұр сабыр – табандылық пен шыдам.
3. 
Нұр шәкір – қадір-құрмет.
4. 
Нұр фәкір - өз қадірін түсірмеу.
5. 
Нұр зәкір – келбетті болу.
6. 
Нұр намаз – Құдайға құлшылық
7. 
Нұр ораза - қанағатшылдық
8. 
Нұр иман – имандылық пен сенім
9. 
Нұр садақа – қайырымдылық
10. 
Нұр пәк жан – тазалық.
Осы қасиеттердің бәрі бойына жинақталған адам ұшпаққа шықпақ. 
«Фәниден бақиға өту немесе бұл дүниеден қайту дегенннің өзі бір 
пішіннен екінші пішінге ауысу, жанның бақи дүниеге өтіп, нағыз нұрға 
айналуы» (Ақпанбек Ғ., 1993-47).


263
Нұр – қазақи пәлсафада мәңгілік нәрсе, оған адамның ақылы жетпесе 
керек. Яғни, әлі танылмаған құпия. 
Күн және үлкен күн – от, ежелгі мифтерде космогенездегі ең алғашқы 
материал ретінде көрсетіледі. Мысалы, Скандинавия мифтерінде әлем су 
мен оттан жаралады. Кейбір эсхатологиялық мифтерде әлемді жоюшы 
күш ретінде көрінеді. Қиссада от екі кейіпте. Бірі эсхатологиялық 
(«Қисас-ул әнбиа»), мысалы, жер адамдардың ауырлығын көтеретінін 
айтып мақтанса, от ашуланса, жер дүниені өртеп жіберетінін мақтан 
қылады. Екіншісінде от – күн (кішкентай от), жұлдыз нышаны ретінде, 
сұлу қыздардың бейнесін жасауда қолданылады.
Ежелден от пен су тақырыбы қарама-қарсы күштердің айқасы ретінде, 
соғыс бейнесінде алынған (Орхон ескерткіштері): «От – су қылмадым» 
– «елімді бірлікте ұстады» (Жолдасбеков М., 1986). Грек аңыздарында 
оттың шығу тегі туралы да айтылады, оны адамдарға Прометей, Әмірен 
сияқты жасампаз қаһармандар әкеліп береді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   60   61   62   63   64   65   66   67   ...   126




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет