365
әулие-пірлерді рухани көмекке шақырады. Ғайып еренге жататын
әулиелер көбінесе өздерінің құпияларын көпшіліктен жасырын
ұстайды. Ғайып ереннің негізгі сипаты және мақсаты — жанашырлық
танығыш, адамдарға әрқашан көмекке келу, рухани жолға түскендерге
жол сілтеп,
бата беру, жолаушыға, қысылған адамға қол ұшын беру
т.б. Қыдыр (Хизр) да
Ғайып еренге, оның ішіндегі қырық шілтенге
(абдал) жатады.
Ескендір Зұлқарнайын (Александр
Македонский, патшалық
құрған мезгілі б.з.б. 336 – 323) – әлемге аты мәшһүр қолбасшылардың
бірі. Александр шын мәнінде Филипп патшаның ұлы, «Македонский»
деген қосымша есімі, ал Шығыс
халықтарының арасында осы
қолбасшының қос мүйізі бар екен деген лақап тарап кеткен.
Сондықтан ол Зул-қарнайн («Қос мүйізді») аталыпты. Македонский
осы өзі жаулап алған Азия аймағында тез арада-ақ өз есімі берілген
онға жуық қала тұрғызыпты.
Ібіліс – діни ұғымда көктен қуылып, адамдарды Аллаһтың ақ
жолынан тайдыратын, күнәға ұшырататын періштенің есімі. Оны
басқаша – «шайтан», «Аллаһтың жауы» немесе жай ғана «лағин»
деп атайды. Әдетте мұсылмандардың
сиынулары шайтанға қарсы
сөздерден басталады. Раджим – «таспен атқыланған» (күнәлі немесе
ақ жолдан тайған) – Құранда жиі кездесетін Ібіліске байланысты
қолданылатын эпитет.
Дәуіт (ғ.с.) – пайғамбар. Мұса (ғ.с.) пайғамбардан кейін 300
жылдан соң исраил қауымына келген. Аллаһ Тағала оған самауи
(көктен түскен) төрт кітаптың бірі Забурды түсірді. Забур – Аллаһтың
бірлігін, ұлылығын дәріптейтін, өлең ұйқасты мадақ (қасида) кітабы.
Ибну Жадридің айтуынша Дәуіт жүз жасаған. Құранда бұл есім 16
жерде аталады.
Дию (парсы – жын, пері) – мифтік кейіпкер. Денелі, күшті, сиқырлы
жан иесі түрінде бейнеленеді. Иесінің (бақсының т.б.)
қалауынша
таңғажайып істер істейді-мыс. Дию, көбінесе, ертегілердің кейіпкері
түрінде жиі кездеседі. Қазақ халқының қиял-ғажайып ертегілерінде
Дию кейде Дәу деп те аталады.
Жақып (ғ.с.) – Исхақ пайғамбардың ұлы. Бір аты – Исраил. Інжіл
және Қасиетті Құран кейіпкері. Ысқақ пайғамбардың Ревеккадан
жиырма жыл уақыттан кейін туған ұлы, пайғамбар. Кейбір тарихшылар
Палестинада туды деседі. Әкесі Исхақтың тәрбиесінде өскен. Исхақ
қасиетті Кұддыста Пайғамбар болып, 80 жыл ғұмырын сонда өткізген.
Құранда Жақып есімі 17 жерде аталады.
Жәбірейіл – Аллаһқа ең жақын жүретін періштелердің бірі, Аллаһ
мен пайғамбарлардың, соның ішінде Мұхаммедтің (с.ғ.с.) арасындағы
бас дәнекерші. Ол Мұхаммедке (с.ғ.с.) Аллаһ сһөзін
Құран аяттары
366
арқылы бөліп-бөліп түсіре отырып, рамазан айында тапсырып болған.
Жәбірейіл Аллаһқа жақын төрт періштенің ең лауазымдысы болып
табылады.
Достарыңызбен бөлісу: