Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі «Ғылыми қазына» мақсатты бағдарламасы



Pdf көрінісі
бет99/126
Дата01.11.2023
өлшемі2.92 Mb.
#482164
түріБағдарламасы
1   ...   95   96   97   98   99   100   101   102   ...   126
4100d37a29d9cd8e6f0c6385f1c84be9

Күлтегін (684-731) – Құтлық (Елтерiс) қағанның екiншi ұлы
Бiлге қағанның (Могилян) туған iнiсi. Шешесi Елбiлге қатұн. Ачынұ 
тектi. Екінші Шығыс Түрік қағанаты әскерінің бас қолбасшысы, «көк 
түріктің көк семсері» атанған атақты батыры. Әкесінен жастай жетім 
қалып, ағасы Қапаған қағанның тәрбиесінде өскен Күлтегін тым ерте 
есейіп, қабырғасы қатып, бұғанасы бекімей жатып, жау жарағын 
асынып, түрік еліне тұс-тұстан төнген басқыншы жауға қарсы 
ересектермен бірге, ерлікпен күреседі. 


367
Қорқыт Ата – аты аңызға айналған, түркі халықтарына ортақ 
ұлы ойшыл, жырау, қобызшы. Қорқыт Ата өмірде ізі, артында әдеби-
музыка мұрасы қалған тарихи тұлға ретінде белгілі. Қорқыт Атаның 
өмір сүрген кезеңі туралы ғылымда әр түрлі болжамдар қалыптасқан. 
Алайда зерттеулердің көпшілігі Қорқыт Ата Сырдария бойында өмір 
сүрген оғыз-қыпшақ тайпалық бірлестігінде Х ғасырдың басында 
дүниеге келген деген тұжырымға саяды. Рашид әд-Дин «Жамиғ ат-
тауарих» атты тарихи шежіресінде Қорқыт Атаны қайы тайпасынан 
шыққан десе, Әбілғазының «Түрік шежіресінде» оның тегі баят 
екендігі, оғыздардың елбегі болып, 95 жасқа келіп қайтыс болғандығы 
айтылады. 
Лұқман Хакім – Азар әулетінен шыққан Аюб пайғамбардың 
(ғ.с.) нағашы апасынан туған, Аллаһ мол ғылым, хикмет берген 
діни нанымдар мен үкімдерге пәтуа айтатын, жолы тура, ойы терең 
адам. Дәуіт пайғамбардан тәрбие көріп, тағылым алған. Өзінен көп 
өнеге, үлгі, насихат қалған. Өз ұлына айтқан ақыл-насихаты Құранда 
баяндалған. Пайғамбар емес, ұзақ жасаған. Есімі Құранда екі жерде 
аталады. Лұқман аса дана, тәуіп болған кісі. Жалпы көзқарас бойынша 
пайғамбар емес, дәрігер болған. Лұқман Хакім жайлы мағлұматтар аз 
кездеседі.
Мұхаммед (с.ғ.с) – ислам дінінің пайғамбары, Мекке қаласында 
туған. Бану Хашим тайпасынан шыққан. Аллаһтың соңғы елшісі, тура 
дінді насихаттаушы, әділеттің көркем мінезділіктің нышаны және 
үлгісі боп табылады. Бұған қоса – соңғы пайғамбар‚ мұсылмандар 
түсінігінде тек арабтардың пайғамбары ғана емес, жалпы 
адамзатқа келген биік адамгершілік, ахлақтық ғибраттың үлгісі.‎ 
Мұсылмандардың қасиетті кітабы – Құран Құдайдың уаһи етілуімен 
Мұхамед (с.ғ.с) арқылы адамзат баласына түсірілген.
Сүлеймен (ғ.с.)пайғамбар, Дәуіт пайғамбардың (ғ.с.) Құран 
Кәрімде аты аталатын ұлы. Сүлеймен – бәни Исраил пайғамбары. 
Құранда он жерде есімі бар. Аллаһ Тағала оған пайғамбарлық та, 
патшалық та берген. Әкесі Дәуіт қаза болған жылы, он екі жасыңда 
таққа отырған. Дау-дамайда әкесінің қасында жүріп, әділ үкім айтуға 
үйренген. Көп ұзамай пайғамбарлық дәрежесіне жеткен.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   95   96   97   98   99   100   101   102   ...   126




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет