362
иегері, сонымен қатар «Қызыл жұлдыз» ордені, «Ерлігі үшін», «Москваны
қорғағаны үшін» медальдарының иегері.
Ұстаздық жолын 1942 жылы алғаш өзі білім алған Орал педагогика
институтынан бастайды. Осы оқу орнында 1951 жылға дейін еңбек еткен
ол оқытушы, аға оқытушы, кафедра меңгерушісіне дейін көтеріледі. 1952
жылдан бастан өмірінің соңына дейін С.М.Киров
атындағы КазМУ-де
оқытушы, доцент, профессорлық дәрежеге дейін көтеріледі.
1952 жылы «Абайдың қарасөздері» деген тақырыпта кандидаттық,
1969 жылы «Қазақ әдебиетінің қалыптасу кезеңдері»
атты тақырыпта
докторлық диссертация қорғаған.
Абайтану мәселелерімен жүйелі айналыса отырып, «Абай
қазақ
халқының ұлы ақыны және ағартушысы» (1954), «Абай Құнанбаев
және орыстың классикалық әдебиеті» (1955, орыс тілінде), «Абайдың
қарасөздері» (1956), Абай Құнанбаев» (1958, орыс тілінде) атты зерттеулер,
сонымен қатар, «XVIII-XIX ғасырлардағы қазақ әдебиеті» (1961), «Қазақ
әдебиетінің қалыптасу кезеңдері (Ерте дәуірден
ХІХ ғасырдың аяғына
дейін)» (1967), «XV-XVII ғасырлардағы қазақ әдебиеті» (1967), «Орта
ғасыр әдеби ескерткіштері» (1973), «Ізденіс іздері» (1975), «Саңлақтар
сарабы» (1978), «IX-XII ғасырлардағы әдебиет ескерткіштері» (1981),
«XVIII ғасырлардағы қазақ ақындарының поэзиясы» (1982), «XIX
ғасырдағы қазақ әдебиеті» (1986), «Ғасырлар поэзиясы» зерттеулер
(1987), «Қазақ әдебиетінің тарихы» (1997) атты еңбектері қазақ әдебиеті
тарихында елеулі орын алады.
Достарыңызбен бөлісу: