361
ЗЕРТТЕУШІ-АВТОРЛАР ТУРАЛЫ МӘЛІМЕТ
Б.Кенжебаев (1904-1987) – сыншы, журналист, жазушы, аудармашы
және қазақ әдебиеттану ғылымының негізін салушылардың бірі,
филология
ғылымдарының докторы, профессор. 1921 жылы Мәскеуде
Шығыс еңбекшілері коммунистік университетіне (КУТВ) оқуға түсіп,
оны 1925 жылы аяқтайды. 1938-1942
жылдары Қазақ мемлекеттік
университетінің журналистика факультетінде оқып, білім алады. 1925-
1928 жылдары «Жас қайрат» газеті мен «Лeниншіл жас» журналы
редакторының
орынбасары, 1928-1930 жылдары «Социалистік
Қазақстан» газеті редакторының орынбасары, 1931-1935 жылдары қазақ
радиосының бас редакторы, 1936 жылы «Қазақ әдебиеті» газетінің бас
редакторы қызметтерін атқарған. Мәскеу қаласында «КСРО Жоғарғы
Кеңесінің ведомствосында»
бөлім меңгерушісі, 1941-1944 жылдары
Қазақтың мемлекеттік біріккен баспасының (қазіргі «Жазушы») бас
редакторы болып қызмет істейді. 1944 жылдан бастап С.М.Киров
атындағы ҚазМУ-ге педагогтік қызметке көшеді. Ол
алғашында аға
оқытушы (1944), филология факультетінің деканы (1950), қазақ әдебиеті
кафедрасының доценті (1946), профессоры (1944-1975), кафедра
меңгерушісі (1975-1984) болды.
Ғалымның «Абай» (1942), «Октябрьдің бел баласы» (1956), «Терең
талант» (1958), «Қазақтың ХХ ғасыр басындағы демократ жазушылары»
(1958), «Жиырмасыншы жылдардағы әдеби сын мәселелері» (1959),
«Жазушы Сабыр» (1960), «Тар жол, тайғақ кешу» (1961), «Қазақ совет
әдебиетінің қалыптасуы» (1961), «Абай жолы» (1963), «Ақын Ілияс»
(1965), «Қазақ совет әдебиетінің программасы» (1973), Жиырмасыншы
жылдардағы қазақ совет әдебиеті (1961), «Шындық және шеберлік»
(1966), «Жылдар жемісі» (1984), «Әдебиет белестері» (1986), «Асау
жүрек» (1987) атты еңбектері қазақ әдебиеттану ғылымы тарихында елеулі
орын алады.
Сонымен қатар, «Диуани лұғат ит-түрік», «Мұхаббатнама»,
«Қисас ул-анбия», «Кодекс Куманикус» және т.б. зерттеу еңбектері бар.
Достарыңызбен бөлісу: