363
жетекшісі болып істеді. 2005 жылы «Еуразиялық ғалымдар одағы»
қоғамдық қорының президенті болып сайланды. 2006-2011 жылдар
аралығында Президент мәдени орталығының
директоры қызметін
атқарды. «Парасат» (2005), «Құрмет» (1996), «Халықтар достығы»,
«Барыс» ІІІ дәрежелі (2011), «Алтын қыран» (2012) ордендерінің,
түркология саласындағы жетістігі үшін «Күлтегін» сыйлығының иегері.
А.Қыраубаева (1947-2001) – Қызылорда облысы, Сырдария ауданы,
Бірқазан ауылында дүниеге келген. 1965-1970 жылдары С.М.Киров
атындағы ҚазМУ-дің филология факультетін, 1970-1973 жылы
аспирантурасын тәмамдаған. 1974 жылы ҚазМУ-де ассистент, 1978 жылы
аға оқытушы, 1981 жылдан доцент, филология ғылымдарының докторы
(1997), профессор (1998), Қазақ ұлттық музыка академиясында кафедра
меңгеруші қызметтерін атқарған. Ол – Жамбыл атындағы халықаралық
сыйлықтың иегері (1997).
1971 жылы «Қисас ул-Рабғузи» мен «Махаббатнаманың»
идеялық-
көркемдік ерекшеліктері» деген тақырыпта кандидаттық, 1997 жылы
«Қазақ әдебиетіндегі қисса-дастандардың түп-төркіні мен қалыптасуы»
атты тақырыпта докторлық диссертация қорғаған.
А.Қыраубаева Қазіргі қазақ әдебиетінің ежелгі дәуірі мен қазақ
әдебиетіндегі шығыс поэзиясының ықпалы мәселелері бойынша ғылыми
зерттеу жұмыстарын жүргізді. Ол қазақ мектептеріне арналған тұңғыш
«Ежелгі әдебиет» оқулығының (1996), жоғары оқу орындарына арналған
«Ежелгі дәуір әдебиеті» хрестоматиясының (1991), «Ғасырлар мұрасы»
(1988), «Шығыстық қисса-дастандар» (1997)
атты монографиялардың,
«Махаббатнама» (1985), «Түркі әдебиеті» (1988), «Ежелгі әдебиет» т.б.
оқу құралдарының, жүзден астам ғылыми-әдістемелік және зерттеу
мақалалардың авторы.
А.Қыраубаева 2000 жылдан өмірінің соңына дейін Л.Н.Гумилев
атындағы Еуразия университетінің профессоры болып қызмет атқарды.
Ғалым 2001 жылы 5-ақпанда Астана қаласында өмірден озды.