378
ХХ ғасырдың бас кезінде жарияланған. Жыр сюжеті Қазақстан, Орта
Азия, Кавказ халықтарынан
бөлек Балқандағы гагауз, Сібірдегі Тобыл
татарларына да жақсы мәлім. Жыр
оқиғасы бірде тарихи-этикалық,
бірде аңыз-әпсаналық, бірде мифтік мәліметтерге жүгініп, Көрұғлының
халықтық тұлғасын сомдауға бағытталған. Жырдағы негізгі желілердің
бірі – жылқы малы, оның бабы мен белгілеріне қатысты өрбиді.
«Қозы Көрпеш-Баян Сұлу» – қазақ халқының лиро-эпостық жыры.
ХІІІ-ХІҮ ғасырлардан бастап жырланып, қазақ арасына кең тараған. Жыр
Сарыбай мен Қарабайдың аң аулай жүріп құда болып, Қозы мен Баянды
күні бұрын атастыруынан басталады. Әрі қарай қос ғашық Қозы мен
Баян, қара күш иесі Қодар, дүниеқоңыз Қарабай арасындағы шиеленіскен
оқиғалар негізінде зұлымдық пен махаббат күресі баяндалып, Қозы мен
Баянның қайғылы қазасымен аяқталады.Жырдың негізгі идеясы – адал
махаббатты дәріптеу.
Жырда айтыс, тұрмыс-салт жырлары: естірту,
жоқтау, қоштасу т.б. кеңінен қолданылады. Бекбау, Жанақ, Сыбанбай,
Шөже т.б. ақындар әр кезде дастан оқиғасын өздерінше жырлаған.
«Құтадғу білік» (Құтты білік) – түркі шайыры әрі ойшыл Жүсіп
Баласағұн жазған дидактикалық поэма (1069-1070 жылдары жазылған).
Бұл көне түркі тілінде жазылған түркі
тектес халықтардың ортақ
қазынасы. Поэма Жүсіп Баласағұнның мемлекетті басқару қағидалары
мен
принциптерін, елге билік жүргізудің ережелері мен тәртібін,
қоғам мүшелерінің мінез-құлық және
әдеп-ғұрып нормаларын жыр
еткен этикалық-дидактикалық мазмұндағы көркем туындысы. Түркия
ғалымдары 1942–1943 жылдары «Құтадғу Біліктің» үш нұсқасын да
Стамбұлдан үш томдық кітап етіп шығарды.
Дастанды зерттеу ісіне,
әсіресе түрік ғалымдары Р.Р.Арат, М.Ф.Кепрюлзаде және А.Дильгар т.б.
көп еңбек сіңірді. «Құтадғу Білік» дастаны орта ғасырларда бүкіл түркі
әлеміне ықпал еткен Қарахан мемлекеті түріктерінің тілінде жазылған.
«
Махаббатнама» – барлығы он бір бөліктен тұратын поэма. Авторы
– Хорезми. Парсы және түркі тілдерінде 1353 жылы яғни һижраның
754 жылы жазылған. Поэмадағы ғашықтық өлеңдердің үш тарауы
парсыша, сегізі – түркі тілінде. Дастан – 473 бәйіттен тұрады және 58
жолы «хикая» деп аталатын шығарманың негізгі мазмұнынан бөлек өлең
бар. Шығармада ақын махаббат, адалдық, адамгершілік жайында айтады,
азға қанағат етуді, бұрынғы салт-дәстүрлерлден қол үзбеуді өсиет етеді.
Хорезми бұл поэмасында нама жанрының
өзіне дейін болмаған жаңа
мүмкіндіктерін ашты, байытты. Өлеңнің араб-парсы поэзиясы арқылы
келген ғазал, қасыда, мәснауи, фард дейтін шағын жанрларын қолданған.
Достарыңызбен бөлісу: