Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі «Ы. Алтынсарин атындағы Арқалық педагогикалық институты» шжқ рмк


Дүниеге қөзқарас немесе дүниетану -



бет5/10
Дата06.12.2022
өлшемі472.19 Kb.
#466683
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Ежелгі және орта ғасырлар тарихы - ГТ-21 8 к

Дүниеге қөзқарас немесе дүниетану - әлем (табиғат, қоғам өмірі) және оның даму заңдылықтары туралы қөзқарастардың, ұғымдардың жиынтығы (жүйесі), яғни адамның айналадағы дүниеге табиғат пен қоғам өмірінің құбылыстарына қатынасын білдіретін қөзқарастардың жүйесі.
Демос (гр.-demos -халық) - 1)ертедегі құлиеленушілік Грекиядағы төменгі еркін халық, яғни халықтың ақсүйектерге қарсы қойылатын бөлігі; 2)таптық қоғамдағы қарапайым адамдар, халық.
Деспот (гр.despotes-әмірші) - заңмен тежелмеген, озбырлықпен, шексіз ел басқарушы, қатал, рақымсыз адам.
Деспотизм (гр.despoteia-шектелмеген өкіміт) - ешқандай заңмен тежелмеген, жеке адамның дара билігіне негізделген үкіміт жүйесі және ел басқару тәртібі.
Деспотия (лат.despoteia) -деспот билеген ел. Ешқандай заңмен тежелмеген, күштеу, зорлық арқылы жүргізілетін басқару формасы.
Децентрализация - 1)орталықтандырудың әлсіреуі: 2) жергілікті мекемелерге орталық мекемелердің кейбір басқару міндетін беру, жүргізу жүйесі.
Диктатор (лат.dictator-бұйрық, тапсырма беру деген мағынада) – ежелгі Римде ерекше жағдайда сенат тағайындаған, өкіметтің тежеусіз билігі бар басқарушы адам.
Диктатура (лат.dictatira-шексіз белік) - 1)қандай да бір таптың күшке сүйенген саяси үстемдігі, мемлекеттік басшылығы; 2) диктатордың күштеуге сүйенген заңмен шектелмеген өкіметі; 3) пролетариат диктатурасы социалистік революция нәтижесінде орнаған капитализмнен социализмге өту дәуіріндегі пролетариаттың мемлекеттік өкіметі.
Династия (гр.dynasteia-өкімет, үстемдік) - 1) патша әулетінің тұқым қуалап, бірінен соң бірі патша болуы; 2 ) бір тектен, бір атадан тараған бірнеше ұрпақтар өкілдерінің қоғамдық өмір салаларының бірінде істеуі.
Дипломат (фр.diplomatie) - 1) елшінің немесе сыртқы істер министрлігінің қызметкері; 2) адамдар арасындағы қатынасты, істі өте шебер жүргізе білетін адам.
Дипломатия (фр. Diplomatie) - мемлекеттің сыртқы, халықаралық саясатты жүзеге асырудағы мемлекет басшылары мен оның органдарының практиқалық іс-әрекеттері.
Дін - жаратыластан тыс құдіретті күш бар деп сенуден қалыптасқан адамдар арасындағы қалынастардың, заттар мен идеялардың, әрекеттердің жиынтық көрінісі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет