Культ (лат. cultus-табыну) - 1)дін, ғибадат; 2) құдайға табынуды, қызмет етуді қасиетті іс деп есептеу; 3) дін жоралғыларына сыйынудың жиынтығы, жеке адамға табыну, оның рөлін жоғары көтеру.
Курия (лат.curia) - 1) таптық және мүліктік сипатына қарай өзара бөлінетін сайлаушылар тобы осылай аталады; 2) Рим куриясы - папа басқаратын Рим католик шіркеуінің орталық әкімшілік аппараты.
Қауым - жер иелену түрі. Мұнда жер ұсақ шаруалардың ұжымдық билігінде болды. Қауым алғашқы қауымдық құрылыс кезінде кең тараған, оның өзгерген түрі кейбір елдерде ХХ ғ. дейін сақталды; 2) қауым кең мағынасында әр түрлі жалпы мәнді бірлестіктер.
Қоғамдық еңбек бөлінісі - еңбектің бөліну процесі, бір мезгілде алуан түрлі еңбектің болуы.
Қоғамдық сана - бұл қоғам өмірінің руғани жағы, адамдардың идеяларын, қөзқарасы мен теорияларын, наным түсінігін, әдет-ғұрпын құрайтын элементтердің жиынтығы. Қоғамдық сана қоғамдық болмысқа тәуелді қоғамның руғани өмірін білдіретін философиялық ұғым.
Қоғамдық-экономикалык формация - қоғамдық дамудың сатысы. Оны белгілі бір тарихи –экономикалық құрылыс пен сол кұрылысқа сай келетін қондырма және қоғамдық сананың формасы сипаттайды.
Құлиеленушілік құрылыс - адамды адам қанауға негізделген алғашқы әлеуметтік-экономикалық формация. Құлдық экономикалық теңсіздіктің күшеюінен жеке меншік шығып, алғашқы қауымдық құрылыстың ыдырауынан алғаш рет ежелгі Шығыс елдерінде (Египет,Вавилон, т. б.) қалыптасты. Одан кейінгі Грекия мен Римде дамып, біздің эрамыздың III-IV ғасырларында ең жоғарғы шегіне жетті. Онда өндіріс құрал-жабықтары мен құлдар құлиеленушілердің меншігінде болды.
Легион ( лат.ligio) - 1) ертедегі римдегі ең ірі әскери құрама. Легионда 4500, тіпті 6000 жасақшылар болған; 2)кейбір елдердегі ерекше әскери бөлімдерінің аты; 3)сансыз қол.
Магистрат (лат. magistrates) - 1) кейбір елдердегі қалалық басқарма тұрған үй, муниципалитет; 2) Римдегі ежелгі мемлекеттік қызмет орны (консул, претор, трибун т. б.).
Магистр (лат. magister-оқытушы, жетекші) - 1) ежелгі Римде кейбір қызмет адамдарының лауазымы, шені; 2) ортағасырлық Еуропадағы діни рыцарлық орденінің басшысы; 3) ғылыми дәреже.
Матриархат (лат. mater-ана және грек. Arche- билеу) - алғашқы қауымдық құрылыстың дамуында аналар үстем жағдайда болған. Әйелдер шаруашылық және қоғамдық өмірде үстемдік етіп басшылық рөл атқарады. Туыстық ана атынан жүргізілді.
Мемлекет - қоғамның саяси ұйымы, экономикалық жағынан үстемдік етуші тап диктатурасының органы, қондырманың бір бөлігі бола тұрып, мемлекет өзін тұғызған құрылысты сақтауға, нығайтуға ат салысады. Тарихта мемлекеттің төрт типі белгілі; құлиеленушілік, феодалдық, буржуазиялық, социалистік мемлекет.
Метрополия (гр. Metropolis, meter- ана, polis –қала) - ежелгі Грекияда қала-мемлекеттерді осылай атаған, кейіннен капиталистік мемлекет өзінің басып және қанап отырған отарларына метрополия болып табылады. Ол отары бар мемлекет дегенді білдіреді.
Достарыңызбен бөлісу: |