Әкімшілік құқық (лат. administratio-басқарма, басқару) - мемлекеттік басқару процесінде туатын қоғамдық қатынастарды реттеп отыратын құқық саласы
Буддизм-дүние жүзіндегі ең көп тараған үш діннің бірі. Буддизм ертедегі Үндістанда, б. з. б. VI-V ғасырларда пайда болды. Буддизм өмірдің оның барлық көріністерінде жауыздық бар, ол бүкіл өмір сурушіге қайғы-қасірет әкеледі деп үйретеді. Буддизм адам баласының өмір сүруінің мақсаты жоғары рақатқа бөлену, ал оған бұл дүниедегі өмірдің қуанышы мен құмарынан тугелдей қол үзу ғана жеткізе алады, - деп уағыздайды. Буддизм зұлымдыққа қарсылық жасамауды уағыздап және барлық басқа діндер сияқты тап күресінен оның көкейкесті мәселелерінен еңбекші бұқараның бетін бұрып отырды.
Вандалдар (лат.Vandali )-мәдениет мұраларын талқандаушы жоюшы; ертедегі герман тайпаларының тобы. 455 жылы римляндармен соғысып Римді алғанда олардың мәдениет ескерткіштерін аса қаталдықпен жойған, күйреткен, тонаған. Осыдан вандал, вандализм деген ұғым, мәдениет ескерткіш мұраларын жоюшы, талқандаушы ретінде вандал тайпасының атымен аталып кеткен.
Варвар ( гр.barbaros) - 1)ежелгі гректер мен римдіктерше жат адам дегенді білдіреді және барлық бөтен көрші тайпаларға жиіркенішті қарауды көрсетеді; 2) ауыспалы мағынада жабайы, тағы, мәдениетсіздік, дөрекілік.
Вето (лат.veto- тыйым саламын) - 1) буржуазиялық мемлекет басшысынның немесе жоғары палатаның парламент қабылдаған заңның күшін жою немесе тоқтатып қою құқы. 2)Біріккен Ұлттар Ұйымының уставында вето құқы хауіпсіздік кеңесінің мүшесіне ғана көрсетілген. Белгілі бір шешімге тыйым салу; вето құқысы.
Гегемон (гр.hegemon) - көсем, басшы.
Гегемондығы (гр.hegemonia - үстемдік басымдылық) – біріншілік, басшылық, үстемдік, белгілі бір таптың немесе мемлекеттің басқа таптардан, мемлекеттерден басым болуы, басшылық ету, жетекшілік рөлі.
Генезис (лат.genesis) - шығу , даму; заттың, құбылыстың тууы мен одан әрі даму процесін бейнелейтін ұғым.
Гносеология (гр.gnosis) - білім; таным, ілім - таным туралы, таным көздері және оның түрлері туралы философиялық ілім. Гносеология дүниені танып білуге болатын-болмайтынын, біздің білімдеріміз қоршаған шындықты дұрыс бейнелей ала-алмауы жөніндегі сұрауларға жауап береді. Философияның негізгі мәселесін шешу сипатына байланысты материалистік не идеалистік гносеология болады. Материяның алғашқылығын ашатын материалистік диалектика бірден-бір ғылыми гносеология болып табылады.
Демократия (гр.demos-халық, ratos-өкімет) - 1)өкімет билігі халықтың қолында болатын саяси құрылыс. Демократияның таптық мәні, сипаты болады. 2) мәселені шешуге барлық ұжым мүшелері қатыстырылатын белгілі бір ұжымдық басқару әдісі.
Достарыңызбен бөлісу: |