Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі «Ы. Алтынсарин атындағы Арқалық педагогикалық институты» шжқ рмк



бет6/10
Дата06.12.2022
өлшемі472.19 Kb.
#466683
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Ежелгі және орта ғасырлар тарихы - ГТ-21 8 к

Дінге табынушылық - құдайға сыйыну, ғибадат қылу. Дінге сенушілердің ойынша өз тілегінің қабыл болуы үшін құдайға, әулиеге, құдіретті күштерге сыйынып, ырым қылып, оларға әсер етуге болады-мыс.
Епископ - көбінесе христиан дініндегі жоғары діни атақ. Аймақтың шіркеу бастығы.
Илот (гр.heilotos) - 1)ежелгі Спартада құлдық жағдайда болған жер өңдеумен айналыстан бұқара халық; 2) құқықсыздық.
Император (лат.imperator-әмірші, қолбасшы) - әмір иесі; монархтың мұрагерлік атағы, а бсолютизм дәуіріндегі мемлекет басшысы.
Империя (лат. Imperium- үстемдік, мемлекет) - 1) император билігіндегі ең ірі монархиялық мемлекет; 2) отарға, тәуелді елдерге үстемдік жүргізетін отарлы держава. Империализм термині осыдан шыққан.
Интенсивті (лат. Intension-күшейтілген, қарқынды, үдемелі) - қызу қарқындау, үдемелі, өнімді. М., интенсивті еңбек - еңбек өнімділігін арттырады.
Каста (порт.casta-ру,ұрпақ) - қоғамдық топ. Үндістанда және кейбір Шығыс елдерінде адамдардың шығу тегі мен құқықтары бойынша белгіленіп ерекшеленген және таптық артықшылығын қорғайтын қоғамдық тобы. Адамның кастаға жатуы мұраға қалып отырған Үндістан конституциясы 1950 ж касталардың тең құқылығын жариялады.
Келісім шарт - белгілі бір азаматтық құқықтар мен міндеттерді белгілеу, өзгерту немесе тоқтату туралы екі немесе бірнеше адамның арасындағы келісім. Қысқартып айтқанда екі жақтың құқықтарын, қарым-қатынасын және міндеттерін белгілейтін келісім.
Коалиция (лат.coalitio-одақ,бірігу) - мемлекеттердің, партиялардың ортақ мақсатқа жету жолындағы бірлестігі, саяси экономикалық одағы.
Конфедерация (лат.confoedntia-бір орынға жинау) - 1) мемлекеттердің шектелген белгілі бір, ортақ мақсатпен біріккен одағы. Олардың өкілдерінен ортақ органдар құрылады және тәуелсіздігі сақталады; 2) ұйымдардың одағы, бірлестігі. Мыс,. кәсіподақтардың дүниежүзілік конфедерациясы.
Контрибуция (лат. соntributio) - 1)соғыста жеңген мемлекеттің жеңілген мемлекеттен ықтиярсыз алатын алымы; 2) басып алынған территорияда шетел әскерлері үшін жергілікті халықтан жиналатын алым (ақшалай, заттай).


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет