Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі «Ы. Алтынсарин атындағы Арқалық педагогикалық институты» шжқ рмк


Троица - христиан дініндегілердің әке құдай, бала құдай және рух құдай деген үш құдайларына арналған мерекесі. Фаланға



бет9/10
Дата06.12.2022
өлшемі472.19 Kb.
#466683
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Ежелгі және орта ғасырлар тарихы - ГТ-21 8 к

Троица - христиан дініндегілердің әке құдай, бала құдай және рух құдай деген үш құдайларына арналған мерекесі.
Фаланға (гр.phalanx) - 1)ертедегі гректің ауыр қарулармен қаруланған жаяу әскерлерінің бірнеше қатардан құралған сапы.
Феникс (гр.phoinix) - ежелгі Египетте грек және басқа халықтардың мифологиясында өлім таянғанда, ұясында өзін-өзі жағып жіберіп, мол күлден қайта тіріле беретін қасиеті бар ғажайып құс, бұл мәңгі жаңару, қайта туу символы.
Философия (гр. phileo – сүю, Sophia – даналық, даналықты сүю) - қоғамдық сананың формасы; табиғаттың, адам қоғамының және танымының анағұрлым жалпы заңдары туралы ғылым, өте ерте заманда Қытай мен Үндістанда шыққан. Б.э.б.VII-VI ғасырларда ежелгі Грекияда пайда болып, дамудың жоғары сатысына жеткен, философияның негізгі мәселесі - ойлаудың болмысқа қатынасы. Оның шешілуіне қарай философиялық бағыт екі лагерьге-материалистік және идеалистік болып бөлінеді. Болмысты материяны бірінші, ал ойлауды, рухты екінші деп танушы философтар материалистер болып табылады. Рухты, сананы бірінші, ал материяны онан туған деп танушы философтар - идеалистер болып табылады. Қ.Маркс пен Ф.Энгельстің диалектикалык материализмді жасауы - философиядағы революциялық төңкеріс болды.
Формация (лат.formatio-құрылу) - адамзат қоғамы дамуының белгілі кезеңі және сол даму кезеңіне тән құрылыс. Қоғамдық экономикалық формация-өндіргіш күштер мен өндірістік қатынастарының үйлесімді бірлігімен және қондырмаларымен сипатталатын қоғамдық дамудың сатысы. Мәселен, тарихтағы бес қоғамдық формация.
Фортификация (лат. fortification-бекеніс) - 1)соғыс бекіністерін салу, оларды пайдалану, әскерді, тылды зақымданудан сақтау жөніндегі инженерлік ғылым; 2)әскери-инженерлік бекініс, қорғаныс құрылыстары.
Форум (лат.forim) - 1)ежелгі Римде базар және халық жиналысы өтетін алаң, 2)сөз сөйлетін орын, өкілдік жиналыс, съезд; 3)мемлекеттік және халықаралық көлемде болатын съезд, жиналыс.
Ценз (лат. census-тізімін жүргізу) – азаматтардың белгілі бір саяси құқықтарын, ең алдымен сайлау құқықтарын пайдалануға рұқсат етуде қойылатын шарт. Олар – мүлік цензісі, білім цензісі, бір жерде тұрақтап тұру цензісі, жас цензісі, т.б.
Цивилизация (лат. civilis-азаматтық, қоғамдық) - 1)белгілі бір қоғамдық-экономикалық құрылыс кезіндегі рухани және материалдық мәдениеттің даму дәрежесі. Кейде цивилизация деп қазіргі кезеңдегі адамзат қоғамының мәдениеті мен техника саласының өркендеу, өскен дәрежесін де айтады; 2)мәдениеттің синонимі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет