Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі ы. Алтынсарин атындағЫ Ұлттық білім академиясы



Pdf көрінісі
бет23/64
Дата28.04.2024
өлшемі3.97 Mb.
#500027
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   64
3-2020

2001 жылы
2006 жылы
1. Швеция
1. Ресей
2. Нидерланды 2. Гонконг
3. Англия
3. Канада
4. Болгария
4. Сингапур
5. Латвия
16. Ресей
5. Канада (Британдық 
Колумбия провинциясы)
2011 жылы
2016 жылы
1. Гонконг
1. Ресей
2. Ресей
2. Сингапур
3. Финляндия
3. Гонконг
4. Сингапур
4. Ирландия
5. 
Солтүстік 
Ирландия
5. Финляндия
Бұл кестеден Ресейдің 4-сынып 
оқушылары соңғы халықаралық зерт-
теуде (PIRLS-2016) 2001 жылғы нәти-
желерін 16-орыннан 1-орынға дейін 
көтеріп, оқушылардың оқу деңгейін 
жақсартуда прогресс жасағанын байқау- 
ға болады.
PIRLS-2001 – 35 ел, PIRLS-2006 – 
40 ел, PIRLS-2011 – 45 ел, PIRLS-2016 
жылғы зерттеуге 50 ел және 11 про-
винция қатысқан. PIRLS-2016 жылы 
алдыңғы орындарды Ресей, Сингапур, 
Гонконг, Ирландия, Финляндия, Польша, 
Солтүстік Ирландия елдері иеленген. 
Келесі зерттеу PIRLS-2021 жылы өт-
кізіледі, оған 60-қа жуық ел қатысады 
деп жоспарланған еді.
Қазақстан бұл зерттеуге алғаш рет 
2016 жылы қатысты. Еліміздегі 172 мек-
тептен 4-сыныптың 4925 оқушысы, 234 
бастауыш сынып мұғалімі, 4925 ата-ана 
және 172 мектеп басшылары қатысқан 
[4].


БІЛІM - ОБРАЗОВАНИЕ, ISSN 1607-2790
№3, 2020
31
www
.nao.kz
ОҚЫТУДЫҢ ТЕОРИЯСЫ МЕН ТӘЖІРИБЕСІ / ТЕОРИЯ И ПРАКТИКА ОБУЧЕНИЯ / THE THEORY AND PRACTICE OF TEACHING
PIRLS-2016 тестілерінде 4-сынып 
оқушыларына 12 мәтін (6 ақпараттық,
6 әдеби) және осы мәтіндер бойынша 
175 сұрақ құрастырылады. Басты 4 дағ-
дыны (рефлексия жасау, баға беру, тал-
дау, қорытындылау) бақылау үшін әр 
мәтінге деңгейлік сұрақтар мен тапсыр- 
малар беріледі.
PIRLS-2016 зерттеуінде мәтінді оқу 
және түсіну сапасы бойынша Қазақстан 
ортадан жоғары нәтиже көрсеткен. Қа-
зақстандық оқушылар оқу сауаттылығы 
жөнінен 50 елдің ішінде 27-орынды 
(536 балл) иеленген. 4-сынып оқушыла-
ры әдеби мәтіндерге қарағанда ақпа-
раттық мәтіндерден жоғары көрсеткіш 
көрсеткен (544 ұпай және сәйкесінше 
527) [1].
Бұл көрсеткіш салыстырмалы түр-
де жаман емес. Италия, Бельгия, Жаңа 
Зеландия т.б. Еуропаның алдыңғы қа-
тарлы елдерімен салыстырғанда біздің 
қазақстандық оқушылар өздерінің қа-
білетті екенін дәлелдеді. Дегенмен зерт-
теу нәтижелері бойынша оқушылардың 
«Идеялар мен ақпараттарды біріктіру 
және түсіндіру» қабілеттерін тексе-
ру блогы бойынша «мәтіннің әртүрлі 
бөлімдерінен ақпаратты тауып жазу» 
(29%); «өз ойларын тұжырымдау, оқиға-
лар арасындағы себеп-салдарлық бай-
ланыстар негізінде дәлелдемелер мен 
пайымдаулар келтіру» (27%); «кейіп- 
кердің ойы мен әрекеттері арасындағы 
байланысты табу» (38%) т.б. тапсырма-
ларды толық орындай алмаған [5].
Мысалы, бастауыш мектептің «Әде-
биеттік оқу» және «Қазақ тілі» пән-
дерінде «мәтінге тақырып қой» деген 
тапсырма жиі кездесетіні белгілі. Алай-
да балама тақырып беріп, «неліктен осы 
тақырып мәтінге сәйкес келетінін түсін-
дір» деп берілген тапсырманы, яғни 
мәтін мазмұнына талдау жасау негізінде 
ойларын жазбаша білдіруді талап ететін 
тапсырманы оқушылардың тең жарты-
сы, яғни 57%-ы орындай алмаған.
PIRLS-тың 
бағалау 
құралдары 
оқушылардың мәтінді (оқығанын) түсіну 
деңгейін анықтауға құрылған. Бұл жер- 
де «оқығанды түсіну» дегеніміз тек қана 
оқу техникасын тексеру немесе мазмұн-
дау емес, әртүрлі мәтінмен жұмыс істеу 
дағдыларын, оқыған мәтініне рефлек-
сия жасау, баға беру, талдау дағдыларын 
қамтиды.
Оқушыларға мәтіннің 2 түрі беріледі: 
ғылыми-ақпараттық мәтін және көркем 
әдеби мәтін. Зерттеуде оқушының оқу 
сауаттылығы 4 дағды деңгейі бойынша 
бағаланады:
• мәтіндегі анық түрде берілген 
ақпаратты табу;
• ақпараттың негізінде қарапайым 
қорытынды жасау;
• мәтіндегі ақпаратты біріктіру 
және ондағы ақпараттар мен идеялар-
ды интерпретациялау (өңдеу);
• мәтіннің тілдік ерекшеліктері 
мен құрылымын, мазмұны мен форма-
сын бағалау [6].
Бұл дағдылар 2013 жылы бекітілген 
білім берудің мемлекеттік жалпыға мін-
детті стандартына сәйкес әзірленген
«Әдебиеттік оқу» пәнінің жаңар-
тылған білім беру бағдарламасында 
қамтылған ба? Қандай оқу мақсатта-
рында қамтылған? Енді соны анықтай-
ық.
Деңгейі
PIRLS халықаралық зерттеу бойынша 
мәтінді оқу дағдылары
4-сынып бойынша 
«Әдебиеттік оқу» 
бағдарламасында көрсе-
тілген оқу мақсаттары
Әдеби мәтін: 
Оқушылар орындай 
алады...
Ақпараттық мәтін: 
оқушылар орындай 
алады ...


БІЛІМ - ОБРАЗОВАНИЕ, ISSN 1607-2790
№3, 2020 
ОҚЫТУДЫҢ ТЕОРИЯСЫ МЕН ТӘЖІРИБЕСІ / ТЕОРИЯ И ПРАКТИКА ОБУЧЕНИЯ / THE THEORY AND PRACTICE OF TEACHING


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   64




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет