БІЛІМ - ОБРАЗОВАНИЕ, ISSN 1607-2790
№3, 2020
ОҚЫТУДЫҢ ТЕОРИЯСЫ МЕН ТӘЖІРИБЕСІ / ТЕОРИЯ И ПРАКТИКА ОБУЧЕНИЯ / THE THEORY AND PRACTICE OF TEACHING
30
Бастауыш сыныпта оқушылар сауа-
тын ашып, әріп танып, оқи алғаннан ке-
йін біртіндеп басқа дағдылар мен білімді
үйренуге көшеді. Оқушының ары қарай
орта мектепте, яғни негізгі және жоғары
сыныпта оқуда жетістікке жетуі көбіне-
се бастауыш сыныпта қалыптасқан оқу
сауаттылығына байланысты. Психолог
А.А. Леонтьев 6-7 жастан бастап оқушы
мәтінде берілген ақпаратты түсіне алуы
және оны қолдана алуы арқылы «қалай
оқуды үйренеді» деп санайды [3].
ӘДІСНАМА
Көрсеткіштерге қарағанда оқу сауат-
тылығының көрсеткіші елдің экономи-
калық жағдайын да анықтауға мүмкін-
дік береді. PIRLS зерттеуінде 4-сынып
оқушыларынан, 4-сыныпқа
сабақ бе-
ретін сынып мұғалімдерінен, ата-анала-
рынан және мектеп басшыларынан әлеу-
меттік проблемаларды қамтитын тест
сұрақтары мен сауалнамалар алынады.
50-ге жуық елдің эксперттері PIRLS-ті
оқушының алғашқы оқу дағдысын, яғни
оқу сауаттылығын бағалаудың заманауи
құралы ретінде жоғары бағалаған. 2001
жылдан бері әрбір 5 жыл сайын (2001,
2006, 2011, 2016) жүргізіліп келе жатқан
бұл мониторинг арқылы зерттеуге қаты-
сушы елдер білім беру сапасына әсер
етуші маңызды факторларды анықтай-
ды. Зерттеуге қатысушы елдер әрбір
кезеңде өз нәтижелерінің динамикасын
салыстырып отырады,
болашақта білім
сапасын көтеру үшін жаңа шешімдер
қабылдауға, білім беру саясатын өзгер-
туге, мектеп бағдарламаларын, оқыту
тәсілдемелерін, ұстанымдарын қайта
қарауға мүмкіндік алады.
Төменде
кестеде көрсетілген елдер
PIRLS зерттеуінде 4 кезең бойы (2001,
2006, 2011, 2016) жоғары көрсеткіштер-
ге ие болған. Соңғы 2016 жылғы көр-
сеткіш бойынша да Ресей Федерациясы
(581 балл), Сингапур (575 балл), Гонконг
(569 балл), Ирландия (567 балл) және
Финляндия (566 балл) алдыңғы орын-
дарды иеленген.
Достарыңызбен бөлісу: