Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі ы. Алтынсарин атындағЫ Ұлттық білім академиясы



Pdf көрінісі
бет28/64
Дата28.04.2024
өлшемі3.97 Mb.
#500027
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   64
3-2020

Көрсету және модельдеу сатысын-
да айқын, жақсы құрылымдалған көр-
сетілімдерді ұсыну, мысалы, географи-
ялық есептерді қалай шешу керектігі, 
компьютерлік бағдарламалық жасақта-
маны қолдану жолдары қарастырылған. 
Есептің негізгі міндеттері: оқыту, тәрби-
елеу, дамыту және бақылау болып табы-
лады. Қазіргі оқулықтарда есеп мазмұ-
ны оқушылардың жоғары моральдық 
қасиеттерін қалыптастыруға, ғылыми 
көзқарастарын дамытуға, отаншылдық 
рухта тәрбиелеуге негізделген. Есеп 
шығару оқушылардың сөйлеу мәде- 
ниетіне, мінез-құлқының қалыптасуы-
на, табандылыққа, шыдамдылыққа
бастаған істі аяғына дейін жеткізу, 
қиындықты жеңе білу сияқты қасиет-
терінің тәрбиеленуіне ықпалын тигі-
зетіні аян. Есеп оқушының логикалық 
ойлау, кеңістікті елестету, жеке бас қа-
білеттерін дамытуға бірден-бір себепші 
болатын басты құрал болып табылады. 
Оқушылардың білімін, біліктілігін және 
дағдысын анықтау міндеттері де көбі-
несе есепке жүктеледі.
Түсіндіру және сипаттау сатысын- 
да бұрынғы жұмысқа немесе әдіске 
негіздеп нақты, жақсы құрылымдалған 
түсініктеме беру: түрлі кесте, схемалар- 
дың шешілу тәсілін баяндау және бұл 
неліктен осылай шығатынын түсіндіру. 
Пән бойынша білім мен дағдыларды 
бақылау мен бағалау үшін ауызша тек-
серу, бақылау, жазбаша жұмыстар жүр-
гізудің маңызы зор. Білім алушылар-
дың жүйелі талдау, зерттеу дағдыларын 
қалыптастыруда, табиғатқа жүргізген 
зерттеу жұмыстарын қолдана отырып, 
жүйелі де логикалық түрде жасаған баян- 
дамасы мен тәжірибелік жұмыстарды 
дұрыс орындап, қойылған сұрақтарға 
толық жауап беруі талап етіледі.
Бұл сатыда оқушыларға мынадай 
тапсырма беруге болады: XIX ғасыр-
дың екінші жартысы мен XX ғасырдың 
бірінші жартысында Қазақстанның фи-
зикалық-географиялық зерттелуіне то- 
лық тоқталып, жауап бер.
XIX ғасырдың екінші жартысында 
зерттеген ғалымдар
Уақыты
Зерттеген аймақтары
1
П.П.Семенов-Тян-Шанский
2
Н.А.Северцов
3
Ш.Ш.Уәлиханов
4
И.В.Мушкетов
5
А.Н.Краснов
6
Л.С.Берг
Кесте 1 - Тапсырма үлгісі


БІЛІМ - ОБРАЗОВАНИЕ, ISSN 1607-2790
№3, 2020 
ОҚЫТУДЫҢ ТЕОРИЯСЫ МЕН ТӘЖІРИБЕСІ / ТЕОРИЯ И ПРАКТИКА ОБУЧЕНИЯ / THE THEORY AND PRACTICE OF TEACHING
40
Сұрақ қою және талқылау сатысы 
барлық оқушылардың қатысып отыр- 
ғанына көз жеткізу, олардың назарын 
толықтай сабаққа аудару мақсатын-
дағы сұрақ қою тәсілі сабақтың бағы-
тына және қарқынына сәйкес келетін 
жолдармен жүзеге асырылуы тиіс. Қа-
жет болған жағдайда, құрылғылардың
карталардың, калькулятордың көмегін 
немесе белгілер мен таңбаларды қол-
данады. Бұл кезеңде қалыптастырушы 
бағалау тәсілдерінің бірі «бұрыштар 
тәсілі» көмекке келеді. Бұл тәсілдің 
шарты бойынша мұғалім оқушыларға 
сұрақ ұсынады және сұрақты көрсету-
дің құралдары арқылы сұрақтың төрт 
жауабын сыныптың төрт бұрышына ор-
наластырады. Қойылған сұрақтардың 
барлық нұсқалары дұрыс болуы мүм-
кін. Мысалы, Қаскелең қаласына сәйкес 
келетін жауапты табыңыз:
– 1-бұрышқа – Қаскелең агломе-
рациясы;
– 2-бұрышқа – Қаскелең көпұлтты 
қала;
– 3- бұрышқа – Қаскелең табиғаты 
әсем қала;
– 4-бұрышқа – Қаскелең атауы 
«Қос келін» деген сөзден шыққан.
Тапсырманың ережесі бойынша 
оқушылар өзіне дұрыс деген жауап-
тың қасына барып тұрады. Бір жауап-
тың маңына бірнеше оқушы топтасады 
да өздігінен топ құрылады. Таңдаған
жауаптарын топтық жұмыста тұжы-
рымда- уға азырақ уақыт беріледі де, 
соңында оқушылар өздерінің көзқа-
растарын дәлелдейді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   64




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет