БІЛІM - ОБРАЗОВАНИЕ, ISSN 1607-2790
№3, 2020
41
www
.nao.kz
ОҚЫТУДЫҢ ТЕОРИЯСЫ МЕН ТӘЖІРИБЕСІ / ТЕОРИЯ И ПРАКТИКА ОБУЧЕНИЯ / THE THEORY AND PRACTICE OF TEACHING
Сурет 2 - Google Earth веб-сервистік бағдарламасында туған өлкені іздестіру
Нақтылап айтқанда, Google Еarth
веб-сервисіндегі өлшеу құралын пай-
далану арқылы туған ауылды, жақын
орналасқан көлді, ауыл ішіндегі парк-
тің немесе бақшаның аумағын өлше-
уге, ауыл арқылы ағып жатқан өзен-
нің немесе қатынас жолдардың ұзын-
дығын есептеуге, көршілес ауылдардың
арақашықтығын немесе аудан орта-
лығының қаншалықты алыстығын және
т.б. практика жүзінде өлшеп, нақтылай
алады. Дамыта оқытуда баланың ізде-
нушілік-зерттеушілік әрекетін ұйымдас-
тыру басты назарда ұсталады. Ол үшін
бала өзінің осы кезге дейінгі білетін
тәсілдерінің
жаңа мәселені шешуге
жеткіліксіз екенін сезініп, білім алуға
деген ынтасы артып әрекет жасайды
(3-сурет).
Сурет 3 - Google Earth бағдарламасында Кіші Аралдың көлемін өлшеу жұмысы
Мысалы, ғаламдық мәселеге ай-
налған Арал теңізін сақтау пробле-
масы туралы айтқанда, Кіші Аралдың
қазіргі жағдайы мен оның көлемі тек
қана Арал ауданының оқушыларын
ғана емес, басқа өлкелердің оқушыла-
рын да қызықтыратыны сөзсіз. Google
Еarth веб-сервисін пайдалану арқылы
БІЛІМ - ОБРАЗОВАНИЕ, ISSN 1607-2790
№3, 2020
ОҚЫТУДЫҢ ТЕОРИЯСЫ МЕН ТӘЖІРИБЕСІ / ТЕОРИЯ И ПРАКТИКА ОБУЧЕНИЯ / THE THEORY AND PRACTICE OF TEACHING
42
оқушылар Кіші Аралды тауып, оның
кординаталарымен бірге, ауданын, пе-
риметрін анықтауға мүмкіндік алады.
Сондай-ақ, Google Earth бағдарла-
масы арқылы әрбір бала өзі туған өл-
кесінің табиғи нысандары (өзен, көл,
батпақ, орман және т.б.) туралы әде-
биеттерде көрсетілген морфометри-
ялық сипаттамалардың шынайылығы-
на көз жеткізулеріне мүмкіндік беріп,
орын алған өзгерістердің қаншалықты
ауқымды екендігін практика жүзінде
анықтау жұмыстары, олардың ғылыми
ізденістерге деген қызығушылығын оя-
туы мүмкін. Мысалы, оқушылар тұратын
ауыл немесе қала маңындағы қоқыс
алаңының аумағын анықтау оқушы-
ларға экологиялық тәрбие берумен
қатар, өз өлкесін қорғау, табиғат ресур-
старын ұтымды пайдалану бойынша
жобалар әзірлеуге деген ұмтылысын
туғызады деп есептейміз.
Бұл тапсырманы орындау үшін са-
бақ интернет
желісіне қосылған ком-
пьютерлермен жабдықталған сыныпта
өтуі қажет. Олай болмаған жағдайда,
мұғалім сыныптағы интерактивті тақта-
ны пайдалану арқылы оқушыларға
орындалатын жұмыстардың реттілігін
көрсетіп, үй тапсырмасы ретінде бере
алады. Оқушылар өздерінің зерттеу
жұмыстарынан кейін, өз өлкелерінің
экологиясы туралы ойларын және қор-
шаған ортаны сақтау жөніндегі көзқа-
растарын эссе түрінде әзірлей алса, да-
мыта оқыту технологиясын қолданудың
нәтижелі болғандығын білдіреді.
Рефлексия және бағамдау саты-
сы оқушылардың қателерін анықтап,
олардың өзін және оған алып кел-
ген түсінбеушілікті талқылай отырып,
бұны оқытудың жағымды қыры ретін-
де қолдану. Оқушылар өздері таңдаған
әдістері
мен ресурстарын неліктен
таңдағанын түсіндіру үшін пікірталас
жүргізу, оқушылардың топқа немесе
бүкіл сыныпқа жасаған таныстырылы-
мын бағамдау, олардың жазбаша жұ-
мысына ауызша кері байланыс ұсыну
сияқты процестерге негізделуі қажет.
Рефлексия – көп қырлы, кіріккен
әрекет. Жоғарыда қарастырылған мате-
риалдарға байланысты төмендегі реф-
лексияны ұсынуға болады:
- дамыта оқыту технологиясын қа-
лай түсіндің?
- өз бетімен білім алу, өз бетімен
іздену жолдары пәнге деген қы-
зығушылық тудырды ма?
- оқу тапсырмаларының әрбір ке-
зеңін орындауда қандай қиындықтар
туды?
- кесте, сөзжұмбақтарды шешіп,
толтыруда, эссе жазуда қандай қиын-
дыққа тап болдың?
-
тақырып мазмұнына байланыс-
ты қандай сұрақтарың бар?
Рефлексияның оқушы үшін тиімділі-
гі: өз-өзіне есеп беруге баулиды;
оқушы өзіне қажеттісін білдіре алады;
өзіндік көзқарасы қалыптасады; ала-
тын білімінің сапасын жақсарта алады;
сыни көзқарас қалыптасады; өз-өзіне
баға бере алады; білім алуға деген қы-
зығушылық жоғарылайды.
Рефлексияның
мұғалім
үшін
тиімділігі: зерттеу қызметін одан
сайын арттырады; теориялық білімді
тереңдетудің қажеттілігі туады; шығар-
машылыққа деген ынта-жігер артады;
әрбір оқушының пікіріне мән беретін
болады; пәндік білім сапасының артуы-
на, өзіндік сынның қалыптасуына септі-
гін тигізеді.
Бекіту және қолданысқа енгізу са-
тысында жаңадан меңгерілген дағды-
ларды тәжірибеде қолдану және дамы-
ту үшін сыныпта және үйде орындауға
арналған әртүрлі жұмбақ, жаттығулар-
дың көмегімен түрлі мүмкіндіктер ұсы-
БІЛІM - ОБРАЗОВАНИЕ, ISSN 1607-2790
№3, 2020
43
www
.nao.kz
ОҚЫТУДЫҢ ТЕОРИЯСЫ МЕН ТӘЖІРИБЕСІ / ТЕОРИЯ И ПРАКТИКА ОБУЧЕНИЯ / THE THEORY AND PRACTICE OF TEACHING
ну. Оқушылардың үдеріс
барысында
әріптесімен жұпта немесе топта бірле-
се ойлануы, талқылау арқылы, өз идея-
лары мен пайымдауларының ауқымын
кеңейтуге, өз жұмыстарын жазбаша
жүргізу әдістері мен тәсілдерін салыс-
тыруға және жетілдіруге ынталандыру
жұмыстарына негізделген. Осы тұрғыда
«Венн диграммасын» толтыртуға бола-
ды.
Қорытынды шығару және есте
сақтау: сабақта жұмыс барысына шолу
жасап, оның қорытындысын шыға-
ру және оқушылардың не үйренгенін
түйіндеу; оқушылардың түсінгенін
анықтау және қате түсінген болса тү-
зету; оқушыларды өз жұмыстарымен
таныстырып, оның негізгі тармақта-
ры мен идеяларын ұсынуға шақыру;
оқушыларға оқудың келесі кезеңін
түсінуге мүмкіндік беру. Осы сатыда
«Брейн-ринг» интеллектуалды оқыта
үйрету ойынын ұйымдастырған тиімді.
«Қазақстан табиғаты» тақыры-
бына сай жүргізілетін «Брейн-ринг»
ойынының
мақсаты:
оқушыларды
шапшаң, алғыр, ұтымды, жауап беруге
үйрете отырып, топпен жұмыс жасай
білуге,
ортақ пікірге келуге, қорытын-
ды шығара білуге тәрбиелеу. Ойынның
шарты түсіндіріледі. Шарт бойынша
алты адамнан тұратын 2 команда үстел
маңына топтасып отырады. Тапсыр-
малардың орындалуы ұпаймен есеп-
теліп, білімдері бағаланады (Материал
қысқартылып ұсынылып отыр) [15;100-
112].
Достарыңызбен бөлісу: