Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі ы. Алтынсарин атындағЫ Ұлттық білім академиясы


www .nao.kz ҒТАМР 16.21.25 С.Б. НАРЗУЛЛАЕВА



Pdf көрінісі
бет37/64
Дата28.04.2024
өлшемі3.97 Mb.
#500027
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   64
3-2020

53
www
.nao.kz
ҒТАМР 16.21.25
С.Б. НАРЗУЛЛАЕВА
Ә. Мусин атындағы 
Балқаш гуманитарлық техникалық колледжі, 
Балқаш қаласы, e-mail: sarvirux@bk.ru
АРАМЕЙ ЖАЗУЫ – КӨНЕ ЖАЗУ 
Аңдатпа. Мақалада Арамей жазуының шығу тарихы, жазудың пайда болуы туралы 
ғылыми зерттеулер, руналық жазудың пайда болуына арамей жазуының әсері және осы 
мәселеде ғалымдардың пікірлері қарастырылады. Арамей жазуы ежелгі тайпалардың жазу 
мәдениетінің қалыптасуына негіз болуы, Арамей жазуы қалдырған ескерткіштердің маңыз- 
дылығы айтылады. Арамей жазуы Жеротра теңізінің жағалауындағы ежелгі тайпалары 
арқылы кең тарады. Арамей жазуын номадтар және сол кезеңдегі Қазақстан жерінде өмір 
сүрген тайпалар, тайпалық одақтары және арамей жазуының бір тармағы болған соғды 
тілін Соғды мемлекеті халықтары пайдаланды. 
Түйін сөздер: финикия жазуы, арамей жазуы, руналық жазу, парсы –арамей, еврей ква-
дратты, наветей, пальмир, эстрангель.
КІРІСПЕ
Тарих жазба тіл арқылы қалыпта-
сады. Адам білімді, тарихты жазба тіл 
арқылы, жазылғанды оқу арқылы ала-
ды. Адамзаттың сонау көне дәуірінен 
бастап, біздің заманымызға дейінгі 
талай ғасырлар бойына ғылым мен 
техника, әдебиет пен өнер саласында 
жасаған күллі мәдени байлығын ұр-
пақтан-ұрпаққа жеткізген де – жазба 
тіл. Көптеген заман бойында жасалған 
және біздің заманымызда жасалып 
отырған мол рухани мәдениетті бізден 
кейінгі ұрпақтарға, дәуірден-дәуірге 
жеткізетін де – осы жазба тіл. Жазу ды-
быстық тілдің таңбалануына негіз бо-
лады [1, 7 б.].
Ғалымдар әріптер арқылы оқыла-
тын дыбыс жүйе жазуларының шыққан 
уақытын б.з.б. 2 мыңжылдық деп бол-
жайды. Бірақ зертеу жұмыстары көне 
арамей жазуының пайда болғанына 
6 мыңға жуық жыл болғанын анықтай 
келе, бұл пікірді теріске шығарды [2, 83 
б.]. 
МАҚСАТЫ МЕН МІНДЕТТЕРІ 
Дыбыстық жазудың ең көне түрі –
финикия, арамей және араб жазуы [1, 10 
б.]. Соның ішінде арамей жазуы - б.з.б. 
мыңжылдықтардың басында финикия 
жазуы негізінде пайда болып, арамей 
арқылы кең қолданылған көне жазу 
түрі. Арамей жазуының негізін салушы 
арамей халқы. Арамейлер - түпкі тегі 
Арабиядан шыққан семит тайпалары, 
олар б.з.б. 2 мыңжылдықтың ІІ жар-
тысында Арабия шөліндегі бастапқы 
мекендерін тастап, Орталық Месопата-
мияға көшіп келген. Ассирия патшасы 
Пиглатпаласардың І жазуында «араму» 
сөзін алғаш рет қашаған. 
Арамей халқы б.з.б. ХІ ғасыр орта-
сында Вавилон мемлекетінің әлсіздігін 
пайдаланып, бірнеше қалаларын ба-
сып алып, отыршылықпен айналысқан. 
Ассирияның солтүстік-шығысында бір-
неше дербес мемлекет құрған. Арамей-
лер бізге б.з.б. ІХ-VІІІ ғғ. ежелгі ескерт-
кіштерді мұра етіп қалдырды.


БІЛІМ - ОБРАЗОВАНИЕ, ISSN 1607-2790
№3, 2020 
ҒЫЛЫМИ ІЗДЕНІС / НАУЧНЫЙ ПОИСК / SCIENTIFIC SEARCH
54
Арамей жазуы бірыңғай дауыссыз 
дыбыстардан тұрады. Әр дауыссыздан 
кейін дауысты дыбыс қосылып оқыла-
ды. Оңнан солға қарай жазылады. Ара-
мей жазуы жазылған ескерткіштер Си-
рияның, Солтүстік Мысыр, Шам, Афрад, 
Хам, Ассириядан табылған. Олар б.з.б. 
ХІІІ-ХІХ ғасырларға жатады. Арамей 
жазуы Жерорта теңізінің жағалауын-
дағы ежелгі тайпалар, еврейлер, парсы-
лар, ассириялықтар, вавилондықтар, т.б. 
арқылы кең тараған. Арамей жазуы Аха-
мен әулеті билік құрған кезеңде Парсы 
еліндегі екі мемлекеттік жазудың бірі 
болған. Арамейлердің арабтарға сіңіп 
кетуіне байланысты арамей жазуы б.з. 
ІІІ-ІV ғасырында қолданудан шықты. 
Ғалымдар арамей жазуының негізінде 
Таяу және Орта шығыс, ежелгі Азия ха-
лықтарының жазуы, соның ішінде, ев-
рей, араб, ұйғыр, моңғол, пехлевин жа-
зулары жасалды деген пікір білдірді [3, 
419-420 бб.]. Ғалымдар шығыстағы фи-
никия әріп жазу жүйелерінің барлығы 
(ежелге еврей жазуынан басқа) шығу 
тегі жағынан арамей әріп жазуымен 
байланысты деген пікір білдірді.
Арамей 
жазуының 
финикия 
жазуынан айырмашылығы жеке әріп-
тер таңбаларының оңайлатылуы еді 
және соның нәтижесінде арамей жазуы 
пайда болды. Арамей жазуы персиялық 
сына жазуымен қатар Персияның мем-
лекеттік жазуларының біріне айналды. 
Арамей жазуынан тараған жазулар-
дың 4 түрлі бұтағы бар.
1. еврей жазуы
2. иран жазуы.
3. сирия жазуы.
4. араб жазуы [4, 427 б.].
Арамей жазуының тармақтарға 
бөлінуі иудаизм, сириялық христиан-
шылдық, зороастризм, мұсылман дін-
дерінің дәуірлеуіне байланысты болды. 
Зороастризм мен шығыс христиан-
шылдыққа бірдей қызмет еткен ара-
мей тілі мұсылман діні шыққанға дейін 
бүкіл шығыс елдеріне кең тарады. Ол 
пехлеви-сасан, пехлеви-аршак, авеста, 
хорезм, парсы-арамей, соғда жазула-
рына жіктелді[5]. Б.з.б. мыңжылдықтар-
да тараған парсы тілі, орта ғасырларға 
келіп арамей графикасын пайдалана-
ды [6, 151 б.]. Б.з.д. ҮІ-ІҮ ғасырларда 
Кіші Азиядан Үндістанға дейінгі билік 
құрған Ахемен әулеті билеген парсы 
мемлекетінде қолданылған парсы- 
арамей жазуы (парфян, соғды, хорезм 
жазуларына негіз болған), еврейлердің 
шаршы жазуы, сирияарамей жазуы (ма-
нихей, несториан, яковит жазуларына 
негіз болған), жол асты, жол үсті дәйек-
шелерімен толықтырылған араб жазуы, 
т.б. арамей жазуының жергілікті тар-
мақтарына жатады. Тұңғыш әліпби жа-
сағандар–Финикия елінің тұрғындары. 
Финикиялықтар оңнан солға қарай жа-
затын болған, олардың алфавитінде да-
уысты дыбыстар жоқ, тек дауыссыз ды-
быстар әріппен таңбаланатын болған. 
Осы әліпбидің негізінде арамей (араб- 
тардың бір тайпасы) және грек әліп-
биі жасалды. Арамей әліпбиін Шығыс 
елдері қолданды, бұларда әріп тек да-
уыссыздарды ғана бейнелейді, дауысты 
дыбыстар үшін арнайы белгілер қол-
данылды және солдан оңға қарай жаз-
ды. ҮІІІ-ХІІІ ғасырларда Орта Азиядағы 
түркілердің арамей сирия тармағынан 
тараған несторион, манихей жазула-
рымен жазған жазба ескерткіштері 
болды. Сондай-ақ парсы-арамей тар-
мағына жататын соғды әліпбиі Шығыс 
Түркістанда кеңінен қолданылған көне 
ұйғыр әліпбиіне, көне ұйғыр әліпбиі 
ХІІІ ғасырдан кейін тұңғас-манжүр жа-
зуларына негіз болған.
Мани өзінің діни ілімін тарату жо-
лында бүкіл түркі халықтары арасында 
кең тараған «ұйғыр жазуы» деп аталған 
жазу үлгісін осы арамей жазуының үл-
гісін пайдалана отырып негізін қалады. 


БІЛІM - ОБРАЗОВАНИЕ, ISSN 1607-2790
№3, 2020


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   64




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет