Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі ы. Алтынсарин атындағЫ Ұлттық білім академиясы



Pdf көрінісі
бет34/64
Дата28.04.2024
өлшемі3.97 Mb.
#500027
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   64
3-2020

Түйін сөздер: оқу жетістіктеріне сырттай бағалау, тест тапсырмасы, талдау.
КІРІСПЕ
Жоғары білім республика экономи-
касының барлық салалары үшін білімді 
және бәсекеге қабілетті мамандарды 
ғылыммен және өндіріспен интегра-
циялауда кәсіби даярлау маңызды рөл 
атқарады. Жоғары білім беру жүйесін 
жетілдірудің маңызды факторларының 
бірі – білім беру сапасына мониторинг 
жүргізу, білім беру ұйымдары түлек-
терінің қоғам мен еңбек нарығының та-
лаптарына сәйкестігін қадағалау.
Қазақстан Республикасының білім 
сапасын бағалаудың Ұлттық жүйесі 
білім алушылардың оқу жетістіктерін 
сырттай және іштей бағалауды қамтиды.
МАҚСАТЫ МЕН МІНДЕТТЕРІ 
2012 жылдан бастап білім сапасын 
сырттай бағалау жүйесі – орталықтан-
дырылған тәртіпте, бірыңғай принцип-
тер мен тәсілдерге негізделген жоғары 
оқу орындарының білім беру жетістік-
терін сырттай бағалау (ОЖСБ) ретінде 
енгізіліп, өзінің негізгі мақсаттары мен 
міндеттерін орындады.
2019 жылы ОЖСБ білім беру қыз-
меттерінің сапасын бағалау және білім 
алушылардың мемлекеттік жалпыға 
міндетті жоғары білім беру стандар-
тында көзделген жалпы білім беретін 
пәндер циклінің үлгілік оқу бағдарла-
маларын меңгеру деңгейін айқындау 
мақсатында жүзеге асырылды. ОЖСБ 
негізі Қазақстан Республикасының 
«Білім туралы» Заңы, 2011-2020 жыл-
дарға арналған білім беруді дамытудың 
мемлекеттік бағдарламасы болып та-
былды.
ОЖСБ-ға арналған тест тапсырмала-
рының мазмұны Елбасының «Болашаққа 
бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдар-


БІЛІМ - ОБРАЗОВАНИЕ, ISSN 1607-2790
№3, 2020 
ҒЫЛЫМИ ІЗДЕНІС / НАУЧНЫЙ ПОИСК / SCIENTIFIC SEARCH
48
ламасы жастарымыздың өз халқының 
тарихы мен дәстүрлері туралы білім-
дерді игеруін, патриоттық сезімде тәр-
биеленулерін, обьективті бағалауға 
бағытталғанын ескере отырып, сыни ой-
лау мен функционалдық сауаттылықты, 
патриоттық сезімді тәрбиелеу, өз халқы-
ның тарихы мен дәстүрлері туралы білім 
алу бағдарында қалыптастырылды. 
ОЖСБ студенттердің құзыреттілік-
терінің қалыптасу деңгейі мен олар-
дың құндылық бағдарларын объективті 
бағалау мақсатында Қазақстанның 
қазіргі заманғы тарихы, Философия, 
Ақпараттық-коммуникациялық техно-
логиялар (ағылшын тілінде), Шетел тілі 
(ағылшын, неміс, француз) пәндері бой-
ынша өткізілді. 
ОЖСБ-ға арналған тест тапсырмала-
рының сапасын арттыру үшін барлық 
пәндерге арналған тест спецификаци-
ясы толығымен өзгертілді, тесттің фор-
маты өзгерді, тест тапсырмаларының 
базасы қалыптастырылып, тест тапсыр-
маларын әзірлеу мен сараптау жетекші 
жоғары оқу орындарының оқытушыла-
рымен жүргізілді.
ОЖСБ-ға арналған тест тапсырмала-
рының талдау нәтижелері 
Тест тапсырмаларының сапасын 
талдау 2019 жылғы ОЖСБ-ның байқау 
сынағының нәтижелері негізінде қолда-
нылған әр нұсқа бойынша тестілеу де-
ректері аясында жүргізілді.
ӘДІСНАМА
Тест тапсырмаларының сапасын тал-
даудың мақсаты тест тапсырмаларының 
және дистракторлар жиынтығын түзету, 
тест тапсырмаларының үйлесімділігін, 
студенттердің дайындық және тесттің 
қиындық деңгейінің сәйкестігін анықтау 
болып табылады.
ОЖСБ өткізуге арналған тест тапсыр-
маларының сапасын бағалау үшін Rush 
моделі пайдаланылды. Rusсh моделі те-
стіленушілердің дайындық деңгейі мен 
тест тапсырмаларының қиындықтарын 
бірдей масштабта (логиттерде) өлшеуге 
мүмкіндік береді.
Профессор Дэвид Эндрич (Мердок 
Университеті, Австралия) басқаруымен 
қалыптастырылған жасырын айнымалы-
ларды (латенті) өлшеуге арналған RUMM 
(Rasch Unidimensional Measurement 
Models) бағдарламаларының көмегімен 
ОЖСБ пәндері бойынша байқау сынағы 
нәтижелерінің матрицалары өңделді. 
Бағдарламаны қолдану кезінде сенімді 
нәтиже алу үшін тестілеушілер саны 
бойынша көп тапсырған нұсқалар ірік-
теу нысандары ретінде қолданылды.
Мысал ретінде 2019 жылғы ОЖСБ-
ның байқау сынағының кезінде қолда-
нылған Қазақстанның қазіргі тарихы 
пәні бойынша тест тапсырмаларының 
нұсқасына негізгі сипаттамалар кел-
тірілген. Таңдалған нұсқа бойынша тест 
нәтижелерінің матрицалары берілген 
пәннен нұсқадағы 25 тапсырма арасын-
да талданды. Нәтижесінде экстремал-
ды тапсырмалар, яғни барлық тестіле-
нушілер шешкен немесе шешілмеген 
тапсырмалар жоқ екендігі анықталды.
RUMM диалогтық жүйесін қолданған 
талдау нәтижелері өлшеу моделінің тест 
нәтижелерінің қанағаттанарлық үй-
лесімділігін және тест тапсырмалары- 
ның дұрыстығын көрсетті. Маңыз-
дылықтың эмпирикалық деңгейі Қа-
зақстанның қазіргі тарихы пәні бойын-
ша - 0,05, бұл, алынған тест нәтижелері 
оқушылардың дайындық деңгейін және 
тапсырмалардың қиындық деңгейін өл-
шеуге болатынын көрсетеді.
Тапсырмаларды талдау нәтижесінде 
алынған сипаттамалардың ішіндегі ең 
маңыздысы саралау (дифференциалдау) 
қабілеті, тапсырманың қиындығы және 
корреляциясы. Тест тапсырмасының са-
ралау қабілеті дайындық деңгейі бой-
ынша күшті және әлсіз тестіленушілерді 


БІЛІM - ОБРАЗОВАНИЕ, ISSN 1607-2790
№3, 2020


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   64




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет