123
Стансаның коммерциялық есебінің негізінде жүк тасымалы жӛнінде ЦО үлгісінде
статистикалық есеп жасалады.
Барлық есеп жүргізу операциялары жай және қатаң үлгідегі бланкілермен
атқарылады.
Катаң есеп жүргізу бланкілеріне жол ведомостары, әр түрлі алымдар
және айыппұл ӛндіру квитанциялары,
коммерциялық актілер, жӛнелтетін жүк
қағаздары және т.с.с. жатады. Бұл бланкілердің бәрінде басылған нӛмірлері,
қорғаныш торлары және бүкіл теміржол желісіне ортақ стандартты тапсырысы
бойынша орталықтандырылған әдіспен дайындайды.
Қатаң есеп жүргізу бланкілерінің жоғалуы
туралы станса бастығы жол
бӛлімшесінің қаржы бӛліміне, жолдың қаржы қызыметіне және кӛліктегі ІІМ
органдарына дереу хабарлауға міндетті. Мұндай бланкілерді жоғалтудың әрбір
жағдайы зерттеліп, оған кінәлілер жауапқа тартылады.
Кезекшілік ауысқанда қатаң есеп жүргізу бланкілерінің күнделікті қоры
қабылдаушы қызметкерлерге қол қою арқылы тапсырылады.
Станса қатаң есеп жүргізу билеттері мен бланкілерін
арнайы қоймалардан
алады. Мұндай құжаттардың жӛнелтілуін, пайдаланылуы мен бар-жоғын
құжаттардың тегіне, сериялары мен нӛмірлеріне қарай анықтайды.
Қатаң есеп
жүргізу бланкілерін ЛУ-1 үлгісіндегі талап ету қағазы арқылы алады, ол талап ету
қағазы, қол қоятын жүк қағазы және бір мезгілде кӛшірме қағазбен толтырылатын
түбіртек деп аталатын үш бӛліктен тұрады.
Барлық қатаң есеп жүргізу бланкілері ЛУ-7 үлгісіндегі қатаң есептегі
жолаушылар билеттері мен бланкілерінің кіріс кітабына жазылады.
Олардың
қоры бӛгде адамдар ене алмайтын үй-жайлардағы сейфтерде сақталады. Олардың
сақталуы үшін станса бастығы және оларға жауапты адам қатаң есептегі
бланкілердің пайдаланылуы туралы есеп жасалады. Автоматтандырылған жұмыс
орны болатын жағдайда жол ведомостары бланкілерінің
пайдаланылуы туралы
есеп жасалып, ол автоматтандырылған режимде басып шығаруға беріледі.
Достарыңызбен бөлісу: