7.7. Масса ӛлшеу қҧралдарын (МӚҚ) кҥтіп-баптау және тексеру
Массаны ӛлшеу құралдарының түрлері, оларды күтіп-баптау және тексеру
жұмыстарының мазмұны мен орындалу мерзімі оларды пайдалану жӛніндегі
нұсқауларда, Теміржолда жүкті ӛлшеу, ӛлшеу құралдарын күтіп-баптау тәртібі
мен технологиясы туралы нұсқаудың нормативтік-техникалық құжаттары мен
талаптарында айқындалған.
Массаны ӛлшеу құралдарының ақаусыз және орнықты жұмыс істеуін
қамтамасыз ету мақсатында тиеу-түсіру жұмыстары мен коммерциялық
операциялардың механикаландырылған дистанцияларында таразыларды құрастыру,
жӛндеу және тексеру жӛніндегі таразы ӛндірістік телімі ұйымдастырылады.
Жұмыстың кӛлеміне және аумақтық бағытына қарай таразы ӛндірістік телімнің
құрамына таразы бригадалары кіреді. Дистанция бастығының орынбасары таразы
шаруашылығына жауапты басшы болып саналады, оның қарауында таразы
шаруашылығының аумақтық бағыттар бойынша ревизорлары болады.
Таразы бригадалары таразы телімдеріндегі жұмысты тікелей атқарушылар
болып табылады. Массаны ӛлшеу құралдарын құрастыру, жӛндеу және тексеру
жұмыстарын атқару үшін әрбір таразы бригадасы механикаландырылған таразы
тексеру вагонымен және вагон-таразы шеберханасымен, ал ірі теміржол
тораптарында – тұрақты таразы шеберханасымен қамтамасыз етіледі.
Арбашалар мен гірлерді жылжымалы жебеде сырғитын тельфер тиеп-
түсіреді. Ӛзі жүретін шағын кӛлемді арбашалар таразының платформасын бойлай
жылжып, таразыны тексеретін вагоннан 30 м қашықтыққа дейін алыстай алады.
Механикаландырылған таразы тексеру вагонының үлгі соғу-тарту құралдары мен
тежеу жүйелері оны белгіленген жүріс жылдамдығында пойыздың құрамына
қосуға мүмкіндік береді, дизель электр стансасымен, жылжыту жетектерімен,
кӛтеру кӛлік жабдықтарымен және тежегіш тірек тӛсемдермен жарақтанған. Қазір
осы заманғы А-300 модельді таразы тексеру вагоны жасалып, жол қызметіне
берілуде.
Достарыңызбен бөлісу: |