Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі М. Тынышбаев атындағы Қазақ кӛлік және коммуникациялар академиясы


-тарау. Жҥк тасымалдау ҥшін жылжымалы қҧрамды таңдау



Pdf көрінісі
бет45/114
Дата15.01.2023
өлшемі5.45 Mb.
#468411
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   114
Ж‰к тасымалдау 1-22

8-тарау. Жҥк тасымалдау ҥшін жылжымалы қҧрамды таңдау 
 
8.1. Жылжымалы қҧрамды таңдауға әсер ететін факторлар 
Теміржол кӛлігімен жүк тасымалдау, әдетте, тасымалдаушылардың, ӛзге де 
заңды және жеке тұлғалардың вагондарымен және контейнерлерімен жүзеге 
асырылады. Жалпы жұрт пайданылатын теміржол тарамдарымен жүк 
тасымалдауға арналған жылжымалы құрам кімге тиесілі екеніне қарамастан
тиісті стансалардың талаптарына, сондай-ақ ҚР темір жолдарын техникалық 
пайдалану ережелерінің талаптарына сай болуы тиіс; жаңадан жасалған вагондар 
мен контейнерлердің тасымалдауға рұқсат етілген жүктердің тізбесі кӛрсетілген 
сертификаты, сондай-ақ мұндай вагондар мен контейнерлердің қандай 
пойыздарға және қандай шекті жылдамдықпен қосылатыны кӛрсетілуі тиіс. 


61 
Вагондар күрделі жӛндеуден ӛткен соң олардың тарасының массасы тексеріледі. 
Вагон тарасының массасы оған трафарет түрінде салынады. 
Тасымалданатын жүктердің алуан түрлілігі жүк вагондары паркінің 
құрылымына ықпал етеді. Ол жүктердің жекелеген түрлерін немесе топтарын 
тасымалдауға биімделген әр түрлі вагондардан тұрады. Тасымалданатын жүктің 
сипаты мен қасиетіне қарай жылжымалы құрамды дұрыс таңдаудың жүктің 
сақталуын қамтамасыз етуде және кӛлік құралдарын барынша тиімді пайдалануда 
зор маңызы бар. Жылжымалы құрам мен контейнерлерді таңдауда кӛлік 
шығындарының барынша аз жұмсалуын кӛздеу маңызды шара. Тасымалдау 
кезінде жүктің сақталуы едәуір дәрежеде жылжымалы құрамның коммерциялық 
тұрғыдан ақаусыз болуына және жүктің дұрыс тиелуіне, орналастырылуы мен 
бекітілуіне байланысты.
Нақты жүкті тасымалдау үшін жылжымалы құрамды таңдауда бірқатар 
факторларды ескеру қажет. Ең алдымен, тасымалданатын ӛнімдерге 
қолданылатын мемлекеттік стандарттарды және техникалық жағдайларды, оның 
ішінде кӛлік түрлерін таңдауға қойылатын талаптарды басшылыққа алу керек. 
Жүктің кӛліктік сипаттамаларын ескеру қажет және осыған орай жылжымалы 
құрам мен контейнерлерді түрлері бойынша ғана емес, сондай-ақ оның нақты 
жүкті тасымалдауға жарамдылығына, құрылыс ерекшеліктеріне, вагондар мен 
контейнерлерді сипаттайтын кӛсеткіштеріне қарай таңдау керек. Жүк 
орындарының, машиналар мен жабдықтардың сызықтық ӛлшемдеріне, оларды 
вагонда немесе контейнерде орналастыру мүмкіндігіне, тиеу габаритінің 
сақталуына және ашық жылжымалы құраммен тасымалдауда бекіту мүмкіндігіне 
назар аударған жӛн. Кӛлемді жүктерді тасымалдау үшін жылжымалы құрамды 
таңдауда оларды тиісті үлгідегі транспортерлерге тиеу есебінен кӛлемділігін 
азайту мүмкіндігін де қарастыру керек. Вагондар техникалық тұрғыдан да, 
коммерциялық жағынан да жарамды болуға тиіс. Бұл арқылы пойыздардың жүріс 
қауіпсіздігі және тасымалданатын жүктің сақталуы қамтамасыз етіледі.
Жылжымалы құрамды таңдауда вагондардың жүгін тиеп-түсіру 
жұмыстарын жан-жақты механикаландыру, сондай-ақ вагондарды жүк 
кӛтерімділігі мен сыйымдылығына қарай ұтымды пайдалану мүмкіндігін 
қарастыру керек.
Вагондарды сипаттайтын кӛрсеткіштер Магистральды темір жолдарда 
пайдаланылатын әмбебап және мамандандырылған жүк вагондарының 
классификаторында келтірілген. Ол бойынша нақты жүкті тасымалдау үшін 
қажетті вагон түрін таңдап, оны жүк тасымалдау ӛтінімінде кӛрсетеді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   114




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет