Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі М. Тынышбаев атындағы Қазақ кӛлік және коммуникациялар академиясы



Pdf көрінісі
бет44/114
Дата15.01.2023
өлшемі5.45 Mb.
#468411
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   114
Ж‰к тасымалдау 1-22

қҧралдарын (МӚҚ) тексеруі 
Таразы құралдары міндетті түрде мемлекеттік тексеруден ӛтіп, стандарттау 
мен метрология саласында бекітілген тәртіппен таңбалануы тиіс. 
Масса ӛлшеу құралдарын тексеруші ретінде аттестациядан ӛткен жеке тұлға 
тексереді. Масса ӛлшеу құралдарын пайдалануға жарамды немесе жарамсыз деп 
тану тексерудің нәтижесі болып табылады. Егер құралдар тексеру нәтижесінде 
пайдалануға жарамды деп танылса, оларға және олардың техникалық 
құжаттарына тексеру таңбасы басылып, тексерілгені туралы куәлік беріледі. 
Күйентелі кӛрсеткіші бар таразылар үшін таңба негізгі шкаланың 
тығынына, негізгі гірдің бекіту тығынына, қосымша шкала мен гірдің тығынына, 
беріліс рычагының бекіту тығынына, күйентелі кӛрсеткіштің жүгін ұстап тұрған 
тіреудің бекіту тығынына салынады.
Циферблатты кӛрсеткіші және дискретті есептеу құрылғысы бар 
таразыларда таңба аралық механизмнің теліме гірлерінің бекіту тығындарына
циферблатты кӛрсеткіштің және дискретті есептеу құрылғысының пломбысына 
екі жағынан салынады. 
Электр механикалық таразыларда таңба күші ӛлшеуіш датчиктің 
пломбысына және кӛрсеткіш құралдағы бӛлікті реттеуішке салынады. 


60 
Электронды вагон таразыларын жүріс кезінде тексерудің дұрыс нәтижелері 
мемлекеттік тексеру таңбасы салынған тексеру туралы куәлік толтырумен 
ресімделеді. 
Масса ӛлшеу құралдары бастапқы, мерзімдік, кезектен тыс, инспекциялық 
және сараптамалық тексеруден ӛткізіледі. 
Бастапқы тексеру таразы жасаушы зауыттарда, сондай-ақ оларды орнатқан 
соң жүргізіледі. 
Пайдаланудағы масса ӛлшеу құралдары бегілі бір тексеру аралықтарында – 
астық және азық-түлік ӛнімдерін ӛлшейтін таразылар мен гірлер үшін 6 айда бір 
рет және қалған жүктер үшін – жылына бір рет мерзімдік тексеруден ӛткізіледі. 
Мерзімдік тексерудің нәтижелері тексеру аралықтарында күшінде болады. 
Пайдалану барысында – тексеру таңбасы зақымданғанда, масса ӛлшеу 
құралдарын ұзақ сақтаудан кейін кезектен тыс тексеру жүргізіледі. 
Мемлекеттік метрологиялық бақылауды жүргізуде масса 
ӛлшеу 
құралдарының қолдануға жарамдығын анықтау үшін инспекциялық тексеру 
жасалады. 
Соттың, прокуратураның, полицияның талап етуімен даулы мәселелер 
туғанда сараптамалық тексеру жүргізіледі. Тексеру 4-разрядқа жататын 
эталондық гірлердің кӛмегімен жүргізіледі. Үлкен массалы эталондық гірлерді 
және механикаландырылған таразы тексеру вагондарының шағын кӛлемді 
арбашаларын тексеру және таңбалау эталондық таразыларда немесе 3-разрядты 
компараторда жүргізіледі. 
Тексеру кезінде метрологиялық параметрлер ―Тұрақты ӛлшеу таразылары. 
Тексеру әдістері мен құралдары‖ деп аталатын ГОСТ-8.453-82 Мемлекеттік 
стандартында кӛрсетілген әдістермен анықталады. Жүріс кезінде ӛлшейтін вагон 
таразыларын тексеру әдістемесі таразылардың нақты түріне берілетін 
нормативтік-техникалық құжаттарда баяндалған. Стандарттың талаптарына сай 
келмейтін таразыларды шығаруға және қолдануға тыйым салынады (оларға таңба 
басылмайды), ал пайдаланудағы таразылардың таңбасын ―Х‖ белгісімен ӛшіреді. 
Ақаулы, сондай-ақ мерзімдік тексеру мерзімі ӛтіп кеткен таразыларда ӛлшеуге 
рұқсат етілмейді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   114




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет