Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі М. Тынышбаев атындағы Қазақ кӛлік және коммуникациялар академиясы


 Вагондар мен контейнерлерге жҥк тиеудің техникалық нормалары



Pdf көрінісі
бет73/114
Дата15.01.2023
өлшемі5.45 Mb.
#468411
1   ...   69   70   71   72   73   74   75   76   ...   114
Ж‰к тасымалдау 1-22

12.7. Вагондар мен контейнерлерге жҥк тиеудің техникалық нормалары 
Вагондар мен контейнерлерге жүк тиеу жұмысы оларға жүк тиеудің 
техникалық нормалары негізінде жүргізілуі тиіс. 
Вагонның немесе контейнердің жүк кӛтерімділігі мен сыйымдылығын 
барынша жақсы пайдалану кезінде олардың осындай түріне тиеу үшін 
дайындалған жүктің тиімді мӛлшері техникалық тиеу нормасы деп аталады. 
Жүк жӛнелтуші техникалық тиеу нормасы арқылы белгілі бір вагонға 
немесе контейнерге нақты жүктің қаншалықты ең кӛп мӛлшерін тиеуге 
болатынын тез анықтап, жүк тасымалдау жӛніндегі ӛтінімде қажет болатын вагон, 
контейнер санын кӛрсете алады. 
Вагондардың техникалық тиеу нормасы Теміржол кӛлігімен тасымалдау 
ережелері мен тарифтерінің жинағында келтірілген. Мұндай нормалардың тізбесі 
тасымалданатын жүктерді ғана қамтуы мүмкін. Вагонның жүк кӛтерімділігіне, жабық 
вагондар мен ашық вагондар кузовының кӛлеміне, жайдақ вагондар рамасының 
ұзындығына, кейбір ӛнімдердің түріне, маркасына, фирмалық атауына, орындарының 
ӛлшеміне, ұзындығына, массасына және т.с.с. қарай техникалық тиеу нормалары 
белгіленген. Вагондарға астық және тұқым тиеу нормалары астықтың кӛлемдік 
массасы мен вагон кузовының кӛлеміне қарай анықталады. Рефрижераторлы 
жылжымалы құрамның (жеке вагондардың, сондай-ақ секциялардың), контейнерлердің 
(олардың брутто жүк кӛтерімділігіне және жүк қаптамасының түріне қарай), екі 
қабатты жайдақ вагондар мен жабық вагондардың жеңіл автомобильдермен, цементке 
және минералдық тыңайтқыштарға арналған хоппер-вагондардың, цементке арналған 
цистерналардың және т.с.с. техникалық тиеу нормалары белгіленген. 


97 
Техникалық нормалар тоннамен, данамен және тоннамен, контейнерлер 
үшін – килограммен белгіленген. 
Вагондардың техникалық тиеу нормасын жасауда есептеп шығару жолымен 
вагондардың мүмкін болатын тиеу нормасын анықтайды, мұнда ыдысты-дара 
жүктер үшін олардың сипаттамаларын ескере отырып, барынша тиімді 
орналастыру нұсқасын таңдап алады. Бос тиелетін және үйінді жүктердің 
техникалық тиеу нормасын жабық вагондармен және ашық жылжымалы 
құраммен тасымалдау үшін бӛлек есептеп шығарады. Тәжірибелік тиеуден кейін 
тәжірибелік тасымалдау атқарылады, одан соң техникалық норманы белгілеп, 
жүкті вагондарға орналастыру мен бекіту тәртібі мен әдістерін жасайды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   69   70   71   72   73   74   75   76   ...   114




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет