Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі М. Тынышбаев атындағы Қазақ кӛлік және коммуникациялар академиясы


 Жҥк ауданында жҥк тиеп-тҥсіру кезінде еңбекті қорғау



Pdf көрінісі
бет88/114
Дата15.01.2023
өлшемі5.45 Mb.
#468411
1   ...   84   85   86   87   88   89   90   91   ...   114
Ж‰к тасымалдау 1-22

14.7. Жҥк ауданында жҥк тиеп-тҥсіру кезінде еңбекті қорғау
және қауіпсіздік техникасы 
Станса бастықтары ӛндірістік учаскелердің және жүк аудандарының 
бастықтарымен бірге қызметкерлердің станса мен жүк ауданындағы жолдар 
арқылы қауіпсіз ӛту сызбасын, сондай-ақ автокӛліктің ӛту жолдарын белгілейді. 
Мұндай сызбалармен әрбір қызметкер танысуы, ал барлық ӛткел маршруттары 
бойына жол сілтегіштер ілінуі тиіс. 
Жүк тиеп-түсірілетін орындарда жылыну пункттері, тынығу, тамақтану 
бӛлмелері, киім ілетін орын, душ және қол жуатын орындар, арнаулы киімді, 
жұмыс аяқ киімдерін жуып, тазартатын және кептіретін орындар жасалады. 
Барлық уақытта ішу үшін қайнатылып салқындатылған су болуы тиіс. Осы 
орындардың барлығына таяудағы медициналық пункттердің мекен-жайы мен 
телефон нӛмірлерін іліп қояды. 
Қызмет үй-жайларында зардап шеккендерге алғашқы жәрдем кӛрсету 
жӛніндегі кеңестері бар аптечкалар болуы тиіс. Жүкті қабылдап-тапсырушы 
зардап шеккендерге алғашқы жәрдем кӛрсете білуі тиіс. 
Қыста жүк тиеп-түсіру орындарын жарақаттанудан сақтандыратын арнайы 
шаралар кӛзделеді: ӛткелдерді, кітмелерді, кран жолдарын, жұмыс орындарын қар 
мен мұздан тазарту, құм себу және т.с.с. 
Жүк ауданының қызметкерлері ерекше жүктермен, шаң-тозаңды және улы 
жүктермен немесе қалыпты ӛндірістік ортадан ӛзгеше жағдайда жұмыс істеу үшін 
арнаулы киімдермен және жеке қорғаныш құралдарымен қамтамасыз етілуі тиіс. 


114 
Жалпы жұрт пайдаланбайтын стансалар мен теміржол тарамдарында 
вагондар мен автокӛлік жүктерін тиеу, түсіру, ауыстырып тиеу жұмыстарын осы 
жұмыстардың атқарылуына жауапты адамның басшылығымен ғана жүргізуге 
рұқсат етіледі. 
Жүкті қабылдап-тапсырушыға арналған техника қауіпсіздігінің талаптары 
жүкті қабылдап-тапсырушының лауазымдық нұсқауында кӛрсетілген. 
Тиеу-түсіру жұмыстары атқарылып жатқан жолдарды ауыспалы 
сигналдармен қоршалып және вагондар бекітілгеннен кейін ғана жүктерді тиеуге-
түсіруге рұқсат етіледі. 
Маневр жасау кезінде тиеу-түсіру жұмыстарын жүргізуге болмайды. 
Жүкті тиеу-түсіру жұмыстары қолмен атқарылатын жерлерде тек кӛлденең 
жол бӛлігінде стансаның немесе жүк ауданының бастығы бӛлген жауапты 
адамның тікелей басшылығымен бір тиеулі немесе екі бос вагонды жылжытуға 
рұқсат етіледі. 
Ішінде адамдар отырған, қауіпті жүк тиелген вагондарды қолмен 
жылжытуға тыйым салынады. 
Тиеп-түсіру жұмыстары кезінде жүк кӛтеретін механизмдер жұмыс істейтін 
аймақта, ашық вагондар мен автомобильдерде адамдардың болуына рұқсат 
етілмейді. 
Жоғарғы қатардың салмағын кӛтере алмайтын нашар қаптамалы жүктерді 
және жинағанда орнықты тұра алмайтын бұрыс пішінді жүктерді қатарластырып 
жинауға болмайды. 
Тиеп-түсіру жұмыстары кезінде жарақаттануға жол бермеу үшін 
жәшіктерде және басқа қаптамаларда шығып тұрған шегелері, ұштары 
майыстырылмаған сымтемірлері, орау таспалары және басқа үшкір бекіту 
элементтері бар жүктерді қабылдауға тыйым салынады. 
Қабылдап-тапсырушылар жабық вагондардың ашық есіктері ригельге ілініп 
тұрғанына кӛз жеткізуі тиіс. Вагондағы жүктің үстіне құламауы үшін жабық 
вагонның есігін тұтқасынан ұстап ашып-жабу керек, бұл кезде оның ұзына бойын 
байқап тұрған жӛн. Есіктің қырына немесе вагонның қабырғасына қолды тіреп 
тұруға болмайды. Жұмысшылар есікті ашқанда оны ӛзіне қарай тартуы, жапқанда 
– әрі қарай итеруі керек. Жайдақ вагонның бүйірін немесе ашық вагонның люгін 
ашарда жұмысшы одан кемінде 1 м қашық тұруға міндетті. Ашық вагондардың 
люгін люк кӛтергіштермен жабады, ал ол жоқта – мұны үш жұмысшыдан тұратын 
бригада атқарады. Вагондардың есігін, ашық вагондардың люгін, жайдақ 
вагондардың бүйірлерін ашарда, байлайтын сымды кесерде, тіреулерді алуда 
қабылдап-тапсырушы мен жұмысшылардың жүк құлауы мүмкін аймақта тұруына 
болмайды. Жүк құлап кетпеуі үшін вагондағы немесе қатарлап жиналған жүкті 
астыңғы жағынан алуға тыйым салынады. 
Жәшіктерді, теңдерді немесе бумаларды тиеп-түсіруде 
олардың 
қаптамасына назар аудару керек. Нашар немесе зақымдалған қаптама, шығып 
тұрған шеге, сымның ұштары, болат таспа және басқа сүйір заттар қолды 
зақымдауы мүмкін. Сондықтан жүкті ӛңдеу үстінде жұмысшылар қолғап киюге 
міндетті. 


115 
Жүкті кӛлденең бағытта қолмен тасымалдаудың бір адамға арналған шекті 
шамасы белгіленген нормадан аспауы тиіс (50 кг-ға дейін, 60 м қашықтыққа, кӛтеру 
биіктігі 3 м-ге дейін). Салмағы 50-100 кг жүк орындары арбашамен, ал 100-ден 1500 кг-
ға дейінгілері – шағын габаритті тиегіштермен жылжытылуы тиіс. 
Домалайтын бӛшке тәрізді жүктерді, әдетте, домалату арқылы жылжытады. 
Шағын кӛлемді жүктерді арбашалармен тасымалдау тиімді. Рулондар мен бӛшкелерді 
кӛлденең еден үстінде артынан итеріп домалатады. Мұнда қолды жарақаттап алмау 
үшін бӛшкенің кертігінен немесе рулонның бүйірінен ұстауға болмайды. Кӛлбей 
беткеймен жүкті домалатуда жұп сырғауылды арқанмен пайдалануға болады. Сонда 
тӛменгі жақтан кӛмектесетін жұмысшылар сырғауылдың бүйір жағында тұруы тиіс. 
Массасы 35 кг-ға дейінгі бӛшкелерді арқансыз домалатуға рұқсат етіледі. Сұйылтылған 
газды баллондарды резина доңғалақты арнайы арбашалармен немесе зембілмен 
жылжытады. Иыққа қойып тасымалдауға тыйым салынады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   84   85   86   87   88   89   90   91   ...   114




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет