120
15.7. Тасымалдушының жҥкті қайтаруы және ӛткізуі
Тасымалдау шартына сәйкес тасымалдаушы, жоғарыда айтылғандай, жүкті
баратын жеріне жеткізуге және жүк қабылдаушыға тапсыруға міндетті. Алайда
дүлей күштердің,
әскери қимылдардың, қоршауда қалудың, індет таралуының
немесе жүкті одан
әрі тасымалдауға кедергі жасап, тасымалдаушының оны
баратын жеріне жеткізіп, жүк қабылдаушыға тапсыруына мүмкіндік
бермейтін
ӛзге де мән-жайлардың салдарынан кейде мұндай міндеттемелер орындалмай
қалатын жағдайлар да болады (Жарғының 46-бабы). Осындай мән-жайлар
кездескенде тасымалдаушы жүк қабылдаушы мен жӛнелтушіден жүктің
бұдан
былайғы тағдырын шешуді ӛтінеді. Бұл адамдар жүкпен не істеу керектігі туралы
шешім қабылдауы және сауал алынғаннан кейінгі тӛрт тәулік ішінде ӛз шешімі
туралы тасымалдауға хабарлауы тиіс. Кӛрсетілген мерзім ішінде шешім
қабылданбаған жағдайда тасымалдаушы жүк қабылдаушыға жүкті
қайтаруы
мүмкін болмайтын ретте – оны ӛткізуі немесе сатуы мүмкін. Шекаралық және
порттық стансаларда кедендік немесе ӛзге органдар ұстап қалған экспорттық
жүктер жӛнінде жүк жӛнелтушілер шаралар
қабылдамаған жағдайда да
тасымалдаушыға осындай құқық берілген. Мұндай жағдайда осындай жүк
жӛнінде 10 тәулік ішінде, ал тез бұзылатын жүктерге қатысты – вагондардың,
контейнерлердің ұсталғаны туралы тасымалдаушыдан хабар алған сәттен бастап 4
тәулік ішінде шешім қабылдануы тиіс.
Аталған
жағдайлардан басқа, құжатсыз жүктер, сондай-ақ жоғалды деп
есептелгенімен, жеткізу мерзімі аяқталудан 30 күн ӛткенде стансаға келген, жүк
қабылдаушы алудан бас тартқан немесе тӛрт тәулік ішінде жүктің тағдырына қатысты
шешім табылмаған жүктер де ӛткізуге немесе сатуға жатады.
Тасымалдаушы сақтау
және әкету мерзімі аяқталған жүкті ӛткізуге немесе сатуға құқылы.
Тасымалдаушының жүкті ӛткізуі немесе сатуы – бұл мәжбүрлі шара, ол
мұны ӛзінің қарауындағы талап етілмеген жүктерді сақтауға байланысты шеккен
шығындарын ӛтеу мақсатында істейді.
Достарыңызбен бөлісу: