121
Ақпаратты ЭЕМ-ге енгізу макеттеріінің негізгі үлгілерінің, есеп беру, есеп-
шот үлгілерінің және басқа құжаттардың мазмұны үлгі технологиялық процеске
қосымшаларда келтірілген.
Автоматтандырылған басқару жүйесі пайдаланылатын жағдайда жүк
стансасының үлгі технологиялық жұмыс процесін ендіру ақпараттың қайталауын,
есеп жүргізу және есеп беру санын едәуір азайтуға,
ЖС АБЖ-ны тезірек ендіруге
және қағазсыз жүк тасымалдау технологиясына кӛшуге мүмкіндік береді.
Технологиялық
процесс
негізінде
жүкті
қабылдап-тапсырушылар,
механизаторлар, тауар кассирлері,
баға қоюшылар, коммерциялық агенттер,
ақпарат берушілер, диспетчерлер секілді жетекші мамандық қызметкерлері үшін
технологиялық нұсқау карталары жасалады.
16.2. Жҥк және коммерциялық операцияларды орындау графиктері
Операцияларды орындау графиктері – технологиялық
процестің негізгі
құрамдас бӛлігі, ол жұмсалатын уақытты және кейбір операцияларды элементтері
бойынша орындау тәртібін реттейді. Әрбір график ӛлшемді дәлме-дәл белгілеп,
оған нормативтерді кӛрсетуі тиіс (мысалы, бір жӛнелтілімге,
бір вагонға және
т.с.с.). Тауар кеңсесінде бір құжатты (жӛнелтілімді) ӛңдеу графигін жасау тиімді;
жүк ауданында – қоймадағы жүкті қабылдауға, тиеуге, түсіруге және беруге және
тікелей бір жӛнелтілімге (вагондық немесе ұсақ) және бір берілген вагондар
тобына жасау пайдалы. Операцияның орындалуына
бірнеше қызметкер
қатысатын жағдайда графикте барлық элементтерді орындаушылар кӛрсетілуі,
операцияларды қатар атқару мүмкіндігі ескерілуі тиіс.
Достарыңызбен бөлісу: