119
Тез бұзылатын жүк оны жеткізу мерзімінен кешіктіріліп немесе
рефрижераторлы вагонмен тасымалдауда температуралық режим сақталмай
жеткізілетін жағдайда да жүктің берілуі кезінде тасымалдаушы оның күйін,
массасы мен орындар санын тексеруге міндетті түрде қатысуға тиіс.
Массалары ӛлшенген ақтарма және үйінді жүктер, әдетте, жӛнелтілу
алдында ӛлшенген үлгідегі таразыда ӛлшенген соң беріледі. Мұнда вагонның
массасы оның трафаретіне сәйкес қабылданады. Жүк
қабылдаушыға вагондық
таразы болатын жағдайда вагонды ӛлшеп кӛруге рұқсат етіледі.
Массасы кӛлемін ӛлшеу арқылы жӛнелтілген жүк массасын тексерместен
немесе вагондық таразыда тексеру арқылы беріледі. Массасы стандарт және
трафарет бойынша анықталып жӛнелтілген дара жүктер жӛнелтілімдегі орындар
санын және зақымданған жердегі жүктің массасын немесе бірлік санын ғана
тексеру арқылы беріледі. Картоп, капуста секілді және басқа ақтара тиелетін және
торға салынатын кӛкӛністер мен бақша дақылдары
олардың массасын тексерген
соң беріледі. Жүктің жӛнелту стансасында анықталған массасы мен баратын
теміржол стансасында анықталған массасы арасындағы айырмашылық осындай
жүктің нетто массасын анықтау нәтижесіндегі шекті алшақтық мәнінен және
оның массасының табиғи
кему нормасынан аспайтын болса, жүктің массасы
дұрыс деп есептеледі.
Жүк қабылдаушының ӛтінуі бойынша тасымалдаушы шартқа сәйкес жүктің
күйін, массасын, орындар санын тексеруге қатыса алады.
Жүкті беру кезінде вагонда немесе контейнерде кеден органының БПҚ-сы
болуы тасымалдаушы үшін жүктің күйін, массасы мен орындар санын тексеру
үшін негіз бола алмайды.
Жүк қабылдаушының атына келген жүктің массасын тасымалдаушының
ӛлшеу құрамдарымен тексеруде одан ӛлшегені үшін №3
Тарифтік нұсқауда
кӛрсетілген кӛлемде алым алынады.
Достарыңызбен бөлісу: