Негізгі ережелер
Балабақшаның меңгерушісінің бұйрығына сәйкес, мекемедегі тамақтану
сапасын әкімшілік бақылау: бас медбикеге, емдәм медбикесіне, бақша
меңрушісіне жүктелген.
Бақылау жұмысын жүргізу үшін, балабақша меңгерушісінің бұйрығына
сәйкес,құрамы бекітілген арнайы комиссия ұйымдастырылады. Комиссия
жұмысына қадағалаушылар ретінде: ата-аналар комитеті мен әдістемелік
кеңес мүшелері, СЭҚ өкілдері қатыса алады.
Ас әзірлейтін бөлімді тексеретін тұлғалар міндетті түрде ереже мен
бұйрыққа сәйкес, медициналық тексерістен өткен болулары керек. Осы
тармақтың орындалуына жауапты тұлға ретінде балабақшаның медбикесі
жауапты.
Бақылау жұмыстарына негіздеме құжаттары:
- жоспар-кесте;
- балабақша бойынша бұйрық;
- ата-аналардың үндеуі (заң өкілдерінің) және балабақша
қызметкерлерінің өтініші
Қадағалаушы тұлғалар: құжаттарды зерделеуге, тамақтануға қатысты
ақпараттарды алдын-ала сұрастыруға құқылы.
Тексеріс барысында анықталған, ҚР заңына сәйкес ереже бұзушылық
болса, балабақша меңгерушісіне хабарланады.
Достарыңызбен бөлісу: |