дид. ойындар.
13
29
Ыдыс жуудың
технологиясын
сақтау
Медбике
Әрдайым
Ереже
бұзушылыққа
әрекет
Бақылау , сұрау
30
Арнайы киімді
уақытында
ауыстыру
Медбике
Күн сайын
Көзбен шолып
бақылау
Меңгеруші
Шаруашылық
меңгерушісі
Тоқсанына
1 рет
Алу үшін
тапсырыс
31
Қажетті заттар
мен ыдыс-
аяқтар санының
жеткілікті болуы
Медбике
Үнемі
-
Көзбен шолып
бақылау
Меңгеруші
Шаруашылық
меңгерушісі
Тоқсанына
1 рет
Танысқандар:
_____________ әдіскер
_____________ шаруашылық меңгерушісі
_____________ медбике
_____________ емдәм бикесі
_____________ бухгалтер
_____________ бас аспаз
14
ТАМАҚТАНУ ТӘРТІБІ МЕН ОНЫ ҰЙЫМДАСТЫРУ ЕРЕЖЕЛЕРІ
Салауатты өмір салты мен тамақтану гигиенасының негізгі талаптары:
- азық-түліктердің құрамы;
- сапасы мен көлемі;
- тәртібі мен ұйымдастырылуы.
Балабақшада басты назар ас мәзірінің дұрыс құрылуы мен тамақ
дайындау технологиясына аударылады. Тамақ әзірлеу ережелерін сақтап, ас
мәзірін қадағалау жұмыстары бас медбикеге жүктеледі және ол балалардың
дұрыс тамақтануын қадағалап отырады. Балабақшадағы балалардың
тамақтану үдерісін қадағалау жұмыстарындағы медбикенің міндеттері:
- жеткізілген азық-түліктердің сапасын бақылау;
- сақтау мерзімінің талаптарын орындау;
- ас мәзірін құрамы, тағамдардың мөлшерін қадағалау;
- тағам дайындау технологиясы ережелерінің сақталуы;
- балалардың физиологиялық ерекшеліктеріне байланысты құрылатын ас
мәзірінің сапасын қадағалау болып табылады.
Бас медбике балабақшадағы ас әзірлейтін бөлімнің санитарлық тазалығы
мен қызметкерлердің жеке басының гигиенасын ұстауын күнделікті тексеріп,
топтағы балаларға тамақтардың жеткізілуін қадағалайды. Жеткізілген азық-
түліктердің сапасы мен сақталу мерзімі, шарты, пайдалану уақытының
бақылау жұмыстары күнделікті жүргізіледі. Мектепке дейінгі ұйымдарға
жеткізілетін тамақ өнімдері мемелекеттік стандарттардың талаптарына сәйкес
тексеріледі. Тез бұзылатын өнімдердің сапа куәлігінде: сұрыпы мен санаты,
пайдалану мерзімі, зертханалық мәліметтері, сақтау мерзімі көрсетілуі керек.
Балалар ас мәзірінің қажетті мазмұны – тамақ үлесінің химиялық
құрамының мөлшелеріне байланысты жасалады. Мектеп жасына дейінгі
балалардың дұрыс тамақтану тәртібі – нақты ұйымдастырылған ережелер
болуы керек. Мектепке дейінгі ұйымдардың балаларын, күніне төрт мезгіл
тамақтандыру қажет.
Негізгі тамақтанудың арасы 3,5-4 сағ. болғаны дұрыс. Қосымша жеңіл-
желпі тісбасарлар беріледі. Дұрыс тамақтану тәртібінің тағы бір талабы -
тәуліктік тұтынатын тағамдардың сәйкестендірілген тізімі. Күннің бірінші
жартысында бала ағзасына пайдалы дәрумендермен байЫтылған және ақуыз
бен майға қаныққан тағамдарды беру ұсынылса, кешкі асқа: тез қорытылатын
жеміс-жидектер мен көкөністер, балық, сүт өнімдерін дайындап беруге кеңес
беріледі. Балалар – тағамының тәуліктік үлесінің көп мөлшерін мектепке
дейінгі ұйымдар беретініН ескере отырып, тамақтануды ұйымдастырушылар,
балаға күш беретін құнарлы тағамдармен қамтамасыз етулері керек.
Балалар мен жасөспірімдерді тәрбиелеу мен білім беру объектілеріне
қойылатын
тамақтанудың қалыпты мөлшері 9 қосымшада, санитарлық
талаптарымен көрсетілген.
15
Жалпы білім беретін мектептер және интернаттар, жетім балаларға
арналған білім беретін ұйымдарындағы балаларға екі апталық маусымдық
(жаз-күз, қыс-көктем) ас мәзірі дайындалады.
Ас әзірлейтін бөлiмін, ас мәзiрі және шығарылатын өнiмнiң түрлілік
тiзiмiн пайдалануға беру үшін, мемлекеттiк органмен келіскен санитарилық-
эпидемиологиялық мақұлдауынан өтіледі. Осыдан кейінгі тамақтануға
қатысты мәселелерді: ас мәзірінің құрылуы, тамақ әзірлейтін бөлімнің
тазалығы, тағамдардың құрамы өз кезегімен анықтала береді.
Тамақтанатын балалар саны, әр тамақтану үрдісіне арналған тағамдардың
тізімі: жас ерекшелігіне сәйкес тамақтың граммдық мөлшері, көрсетілген ас
мәзірі күнделікті құрастырылады (санитарлық ереже бойынша 9,10
қосымшада).
Тамақтану тәртібі келісілген ас мәзіріне сәйкес болуы керек. Ерекше
жағдайларда, ас мәзіріндегі тағамдар мен тәтті өнімдерді алмастыруға рұқсат
етілген.
Тағамдар, міндетті түрде, ас құрамын мен мөлшері көрсетілген
технологиялық картадағы нұсқаулықтар бойынша әзірленуі керек.
Ас мәзіріндегі тағамдар мен аспаздық өнімдер тізімі күн ішінде, келесі 2-
3 күнде қайталанбауы керек.
Күнделікті тамақтану тәртібінің тізіміне енетін өнімдер: ет, сүт, сары
және өсімдік майы, бидай наны немесе қара бидай наны, қант және көкеністер.
Балық, жұмыртқа, ірімшік, сүзбе, құс етін 2-7 күнде 1 рет.
Түскі астың құрамы: салат, бірінші, екінші тағамдары (негізінен ет,
балық, құс еті қосылған ыстық тағамдар) және үшіншіге (жеміс қайнатпасы,
кисель, шай).Көкеністердің (қияр, қызанақ, орамжапырақ, сәбіз, қызылша,
аскөк) қайнатылған, шикі түрлерінен жеңіл салаттар дайындау. Бесін астың
мәзіріне сусындар кіреді( сүт, сүт қышқылы өнімдері, кисель, шырын) майсыз
тоқаштар мен кондитерлік өнімдер.
Кешкі астың құрамы: көкеністер мен сүзбеден тағамдар, ботқалар; негізгі
екінші тағам ( ет, балық, құс еті), сусын (шай, шырын, кисель). Екінші кешкі
ас ретінде: кремсіз тоқаштар мен кондитерлік өнімдерді, жеміс-жидектер, сүт
қышқылы өнімдерін беруге болады.
- Мектепке дейінгі ұйымдарының ас ішетін бөлмелерінде күнделікті ас
мәзірінің бекітілген үлгісі ілулі тұруы керек.
(
«Балалар мен жасөспірімдерді тәрбиелеу мен білім беру объектілеріне
қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» Санитарлық
талаптар № 9 Қосымша)
Достарыңызбен бөлісу: