6
АС ӘЗІРЛЕЙТІН БӨЛІМДІ БАҚЫЛАУ, АС МӘЗІРІН ЖАСАУДАҒЫ
ТАЛАПТАР, ТАҒАМДАРДЫҢ ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ КАРТАСЫ, ТОПТАРДЫ
ТАМАҚТАНДЫРУДЫ ҰЙЫМДАСТЫРУ
Бақылаудың мақсаты мен талаптары
Бақылаудың мақсаты: балабақшаны сапалы тағаммен қамтамасыз
етудің келісімділігі.
Талаптары:
- ҚР санитарлық әдістемелік құжаттарына сәйкес техникалық
қағидаларының орындалуын қадағалау;
- балабақшадағы балалардың сапалы тамақтануын ұйымдастырып
қамтамасыз ететін бөліміне қатысты ереже бұзушылық пен бұйрықты
орындамаушылықты анықтау;
- талап бұзушылыққа қатысты ескерту жұмыстарын жүргізіп,
себептерін сараптау;
- тамақ сапасына жауапты тұлғалардың атқарған жұмыс нәтижелеріне
сәйкес, кәсібилік деңгейлеріне баға беріп, сараптау;
- балабақшаның нормативтік-құқықтық актілері мен басқа да
бұйрықтарының орындалу нәтижесін бағалау және сараптау;
- тамақтану жүйесін ұйымдастырушы тұлғаларға әдістемелік көмек
көрсету;
- бақшадағы сапалы тамақтандырудың ұйымдастыру құрылымын
жетілдіру.
Достарыңызбен бөлісу: