Тақырыбы: Жануарларды жалпы зерттеу
Сабақ мақсаты: Жануарларды жалпы зерттеу кезінде габитусын анықтау, тері жамылғылары, лимфа бездеріндегі өзгерістерді дер уақытында нақтылауды үйрету және оқып-игеру
Материалдар мен жабдықтар: сиыр, жылқы, қой, шошқа, ит, мысық, бекемдеуге арналған құралдар (жіптер, дәке, тумылдырық, Соловьев, Гармс қысқышы, бураулар), қолғаптар, халат, алжапқыш, дезинфекциялауға арналған спирт, жануарларды жығуға арналған жабдықтар, термометрлер, фонендоскоптар, перкуторлық балғашық пен плессиметр, вазелин, З.Н. Горяинов руминографы, ағаш бураулар т.с.с.
Сабақтың өтетін орны: кафедра аудиториясы немесе ветеринарлық клиника.
Тапсырмалар:
Г абитусты зерттеу
Конъюктива және басқа да кілегейлі қабықтарды зерттеу
Тері және тері туындыларын тексеру
Малдың лимфа бездерін зерттеу
Дене қызуын өлшеу-термометрия
Әдістемелік нұсқау 3.1 Габитусты зерттеу
Габитус дегеніміз малды зерттеген кездегі сыртқы қалпы. Габитусқа мына сыртқы белгілері жатады: кеңістікте өзін-өзі устау қабілеті, дене курылымы, қоңдылығы, дене бітімі (конституция), темпераменті (сыртқы әсерлерді сезгіштігі).
Малдың кеңістікте өзін-өзі устау қабілеті табиғи және амалсыздан немесе еріксіз болып бөлінеді. Сау жылқы негізінен үш аяқтап турады, ал төртінші артқы аяғын алма кезек алмастырып турады. Сау сиыр барлық уакытта төрт аяқтап турады, ал күйіс қайтарғанда бір жамбастап жатады. Түйе турғанда төрт аяқтап, ал күйіс қайтарып, демалған кезде шөгіп жатады. Ауру малдарда амалсыз жату немесе турып туру белгілері кездеседі. Еріксіз турып туру негізінен өкпе қабынғанда, жүрек қабы жарақаттанғанда, сіреспе ауруымен ауырғанда білінеді. Еріксіз жатып қалу - малдың аяқтары, омыртқа жулыны зақымданып жарақаттанғанда. Еріксіз козғалыстар малдың ми, мишық және есту мүшелері зақымдалғанда болады.
Дене қурылымы сүйек пен еттің жетілу дәрежесіне қарай анықталады. Малдың дене курылымы күшті, орташа және әлжуаз болып бөлінеді.
Малдың қондылығы жоғары, орта, ортадан төмен және арық болып бөлінеді. Арықтаудың ең ақырғы шегі кахексия деп аталады.
Дене бітімі төрт түрге бөлінеді: сөлекет, нәзік, тығыз және борпас немесе болбыр. Сөлекет дене бітімді мал сыртқы ортаның қолайсыз жағдайына төзімді, ауруға көп шалдықпайды. Нәзік дене бітімді мал өсімтал, жүйрік, сүтті және етті-жүнді болады. Борпас немесе болбыр бітімді мал мінезі жуас, тез семіреді, зат алмасу қубылыстары баяу жүреді. Тығыз денелі, бітімді мал әрі өнімді, әрі төзімді келеді. Тәжірибеде дене бітімі мықты мал ауруға да берік, қажырлы, өнімді және терісі мен түгі тез жетіледі.
Темперамент дегеніміз малдың әртүрлі сыртқы әсерлеріне сезгіштігінің тездігі мен реакция дәрежесі. Малда өткір (қызу) және флегматикалық (баяу) түрлері кездеседі.
Габитусты зерттеу үлгісі
Мал денесінің қойылымы (жағдайы)-өздігінен, табиғи, жатқан не турған, өзіне тән емес (басын артқа тартып жатуы, ит сияқты отыруы, бақылаушы тәрізді түруы т.б.), еріксіз қозғалыстар (тоқтамсыз алға, артқа, айналып, сағат тілі бағытымен т.б. жүруі).
Дене бітімі - дүрыс (берік, жақсы), бүрыс (әлсіз, нашар). Ақаулар көрсетіледі.
Қоңдылығы - жақсы, қанағаттанарлықтай, канағатсыз, жүдеген, семіріп кеткен.
Конституциясы - дөрекі, нәзік, тығыз, босаңқы (тершең). Конституция түрі (жылқыларда) - астениялық, бүлшық етті, пикникалык.
Темпераменті (мінез-қүлқы)- пысық, флегматикалық.
Мінезі - жуас, асау (ызақор).
Конъюнктива және басқа да кілегейлі қабықтарды зерттеу
Жалпы зерттеуде малдың конъюнктивасын (көздің кілегей кабығы), мүрын, ауыз және қынап кілегей қабықтарын қарау арқылы тексереді.
Терең жатқан кілегей қабықтардың бөлімшелерін тексеру үшін арнайы аспаптар (4-ші сурет) қолданады (риноскоп, рефлектор, ларингоскоп, қынап айнасы). Малдың кілегей қабықтарын зерттегенде түсіне, ылғалдығына, ісінуіне, іріңдеуіне назар аударады. Ірі қара мал конъюнктивасы шама бойынша қызғылтым, кейде ақ-қызыл, мүрын кілегейі ақ-қызыл, ауыздікі - ақ-кызыл, тіл ноқаты астында сарғыш түсті, қынаптікі - бозғылтым, ақ-қызыл, әлсіз сары түсті, іріңді және ісіксіз боладьғ Қой, ешкі, шошқалардікі де осындай.
Ж
Сурет 4 - Ірі қара малдың ауыз қуысын арнайы аспап көмегімен зерттеу
сәті
ылқылардың конъюнктивасы ақ-қызыл не бозғылтым, кеңсірігінің кілегей қабығы ашық қызыл, сәл көкшіл тартып түрады. Мүрын кілегейі -
ақ-қызыл көкшіл түсті, ауыздікі - бозғылтым ақ-қызыл, тіл түбі сарғылт түсті болады. Қынап кілегейі ақ-қызылдан қызыл түске дейін, кейде сары түске дейін ауытқиды.
Түйелердің конъюнктивасы ашық ақ-қызыл, қызыл түсті, мүрын кілегейі ақ-қызыл, не қызыл түсті.
Ит, мысықтардың конъюнктивасы ак-қызыл, жануар қозғанда анық- қызыл түске тез ауысады. Ауыз кілегейі ақ-қызыл, пигменттелген.
Мал ауырғанда кілегей қабықтың түсі өзгереді, яғни қызарады, сарғаяды, көкшіл және бозғылт тартады.
Кілегей қабықтың ісінуі және қоймалжың іріңнің басып қалуы көбінесе ауыз, мүрын, көз кілегей қабықтары кабынғанда білінеді.
Көзден жас, мүрыннан су, ауыздан сілекей және қынаптан сүйық зат ағуы олардың кілегей кабықтары қабынғанда, ауыз және басқа ауруларда байқалады. Кілегей қабықтан аққан сүйық зат (экссудат) аурудың түріне, жітілігіне қарай шырышты, үйыма және іріңді болып бөлінеді.
Достарыңызбен бөлісу: |