Тақырыбы: Жануарларды зерттеудің клиникалық жоспары
Сабақ мақсаты: Жануарларды жалпы және арнайы зерттеу әдістерін меңгеру және оқып-игеру
Материалдар мен жабдықтар: сиыр, жылқы, қой, шошқа, ит, мысық, бекемдеуге арналған қүралдар (жіптер, дәке, түмылдырық, Соловьев, Гармс қысқышы, бүраулар), қолғаптар, халат, алжапқыш, дезинфекциялауға арналған спирт, жануарларды жығуға арналған жабдықтар, термометрлер, фонендоскоптар, перкуторлық балғашық пен плессиметр, вазелин, З.Н. Горяинов руминографы, ағаш бүраулар т.с.с.
Сабақтың өтетін орны: кафедра аудиториясы немесе ветеринарлық клиника.
Тапсырмалар:
Жануарларды тіркеу
Жануарларды жалпы зерттеу әдістері
Арнайы зерттеу әдістері
Әдістемелік нұсқау
Жануарларды тіркеу
Малдардың ауруларын ойдағыдай, жеткілікті түрде және дүрыс балау үшін, зерттеуді мейлінше толық өткізу керек. Себебі, неғүрлым жиналған ауру белгілері көп табылса, соғүрлым мал дәрігері де дәл, нақты диагноз қою үшін көбірек, өте маңызды мәліметтер жинақтайды. Сондықтан, тексеріп үйрену кезінде әрбір мүшені немесе маңызды белгісін жіберіп алмау үшін, клиникалық зерттеуді арнайы жоспар бойынша жасау қажет.
МАЛДАРДЫ КЛИНИКАЛЫҚ ЗЕРТТЕУ ЖОСПАРЫ
Малмен алдын ала танысу:
Малды тіркеу (регистрация)
Анамнез жинау:
А) Өмір туралы анамнез Б) Ауру туралы анамнез
Жалпы зерттеу:
Г абитусты тексеру
Конъюнктиваны, және басқа кілегей қабықтарды зерттеу
Теріні және тері туындыларын тексеру (шаш, жүн, түк және т.б.)
Лимфа бездерін зерттеу
Дене қызуын өлшеу - термометрия.
Арнайы зерттеулер:
Жүрек-қантамыр жүйесін тексеру
Тыныс алу жүйесін зерттеу
Ас қорыту жүйесін зерттеу
Несеп бөлу, жыныс жүйелерін тексеру
Жүйке жүйесін зерттеу
Зат алмасуын зерттеу
Қан жүйесін зерттеу
Қосымша зерттеулер:
І. Бактериологиялық, рентген, серологиялық, зертханалық, микологиялық, аспаптар арқылы және т.б. зерттеулер.
МАЛМЕН АЛДЫН АЛА ТАНЫСУ
Емханаға келген малды тіркеу. Ауру малдың тіркеуін малдың иесінен немесе сол малды күтушіден сүрап, болмаса арнайы қүжатқа сүйене отырып жүргізеді. Келген мал емханадағы арнайы құжатка тіркеледі. Бұл кезде малдың мына мағлұматтары толтырылады:
емханаға түскен күні
кімнің немесе қай шаруашылықтың малы
мал иесінің мекен-жайы (аты-жөні, шаруашылық атауы, мекемесі)
малдың түрі (ірі қара мал, қой, ешкі, жылқы, шошқа , ит, т.б.)
жынысы (сиыр, бұқа, өгіз, айғыр, ат, бие, қошқар, сек, шошқа, қабан, ешкі, теке, аталық, аналық)
жасы (жылы, айы, күні)
түсі мен ерекше белгілері
тұқымы
тірідей салмағы
ені мен таңбасы
кезекті нөмері (стационарлық ауру малдар журналы бойынша)
малдың жеке, өзіндік ерекшеліктері
клиникаға түскен және шыққан күндері
аурудың соңы. Бул бөлімде сонымен қатар бастапқы және нақты диагноздар ескеріледі.
АНАМНЕЗ
Анамнез (грек сөзінен anamnesis - еске түсіру) - мал иесінен сұрап жинап алынған мал туралы мағлұматтар. Мал мағлұматы екіге бөлінеді:
Өмір анамнезі (anamnesis vitae) - ауруға шалдыққанға дейінгі малдың өмірі туралы мағлұматтар.
Ауру анамнезі (anamnesis morbi) - малдың ауыра бастаған кезінен кейінгі, ауруы туралы мағлұматтары.
Anamnesis vitae. Бул бөлім малдың ауруға шалдығуына дейінгі кезеңін сипаттайды.
Шаруашылыққа осы мал кайдан және қашан келіп түсті, немесе ол үйдің малы ма?
Қоражайда (ағаш, тас, темір бетонды, құрғақ не ылғалды, жарық, не қараңғы; төсеніші, желдетілуі жеткілікті не жеткіліксіз, жел соғуы бар болуы, мезгілімен қидың шығарылуы, не олай емес, механикаландырылған не қолмен), жабынды астында немесе ашық алаңдарда ұсталынуы (ұсталынуы байлаудағы не бос (боксты). Күтімі. Моционы (белсенді, бей-жай не мүлдем жоқ).
Азықтандырылуы - азық рационының сандық және сапалық құрамы, бағалылығы, құндылығы, минералды, дәруменді қоспа азықтардың бар-жоқтығы, азықтандыру тәртібі. Азықтандыру түрі (жалпылама, топтық не жеке).
Суарылуы. Суарылу көздері (су құбыры, құдық, артезиан құдығы, өзен, көл, тоған), су мөлшері мен сапасы (тойғанынша, жеткіліксіз; құнарлы, таза, сапасыз, қоспалы), суарылу түрі (топтық не жеке).
Малдың шаруашылықтағы пайдаланылуы. Орындайтын жүмыс сипаты мен үзақтылығы, күш түсуі тәні, өнімділігі (тәуліктік және жылдық маусымды).
Қайта өндіруге пайдаланылуы. Буаздылығы мен төлдеуі (төлдеу саны, соңғы төлдеу мерзімі мен соңғы толыққанды үрықтандырылу мерзімі, суалу мен суалым уакыттарының үзақтылығы, төлдеу ағымы (оңай не ауыр), төлдеуден кейінгі кезең.
Шаруашылықтың індеттік (эпизоотиялық) жағдайы (жүқпалы аурулардан сау немесе сау емес, нақты аурулар). Ветеринарлық өндеулер мен диагностикалық зерттеу өткізулері (маңқа, туберкулез, бруцеллез т.б.).
Anamnesis morbi.
Мал қашан және қандай жағдайларда ауруға үшырады (азықтандырысымен, жүмыс кезінде т.б.)?
Аурудың басында және кейіннен аурудың қандай белгілері байқалды?
Мал бурын ауырды ма (қашан, белгілері, диагноз)?
Шаруашылықта үқсас не өзге аурулар болуы. Бурын осыған үқсас аурулар болған ба (қашан, қаншалыкты үзақтылығы)?
Мал емделінді ме (қашан, кіммен және немен)? Осы ем нәтижесі.
Мал соңғы кездері қандай диагностикалық және алдын алу зерттеулерден өтті? Олардың нәтижелері.
Жануарларды жалпы зерттеу әдістері
Малдарды зерттеген кезде әртүрлі әдістерді қолданады. Барлық әдістер жалпы, қосымша және арнайы (инструменталды, зертханалық) болып бөлінеді. Жалпы әдістерді әрбір малға, ауруға байланыссыз міндетті түрде жасайды. Жалпы зерттеуді жасап болғаннан кейін ғана, дәрігер арнайы немесе қосымша тексеру әдістерін үсынады.
Достарыңызбен бөлісу: |