Кесте 1 - Жануарлар дене температурасы ауытқулары
Жануар түрлері
|
Дене
температурасы
/градус/
|
Жануар түрлері
|
Дене
температурасы
/градус/
|
1
|
2
|
3
|
4
|
Ірі қара мал:
1 жылдан астам
|
37,5-39,0
|
Торай
|
39,0-40,5
|
1 жылға дейінгі
|
38,5-40,0
|
Ит
|
37,5-39,0
|
2 айға дейінгі
|
38,5-40,2
|
Мысық
|
38,0-39,5
|
6 аптаға дейінгі
|
38,5-40,5
|
Қоян
|
38,5-39,5
|
1 жастан асқан қой
|
38,5-40,0
|
Түлкі қара-сүр түсті
|
38,7-40,7
|
Қозы
|
38,5-40,5
|
Ақ түлкі (песец)
|
39,4-40,0
|
Ешкі
|
38,5-40,5
|
Қүндыз (норка)
|
39,5-40,5
|
Лақ
|
38,5-41,0
|
Уссурий тышқаны (енот)
|
37,0-39,0
|
Қодас (буйвол)
|
37,5-39,0
|
Теңіз шошқасы
|
37,5-39,5
|
Солтүстік
бүғысы
|
37,6-38,6
|
Нутрий
|
36,8-38,0
|
Түйе
|
35,0-38,6
|
Атжалман (бобр)
|
36,8-38,0
|
5 жастан асқан жылқы
|
37,5-38,0
|
Маймыл /резус/
|
37,5-38,5
|
5 жастан дейінгі
|
37,5-38,5
|
Тауық
|
40,5-42,0
|
жылқы
|
|
|
|
1 күндік қүлын
|
39,3 шейін
|
Үйрек
|
40,0-41,5
|
Есек
|
35,7-38,5
|
Қаз
|
40,0-41,0
|
Қашыр
|
38,0-39,0
|
Күркетауық
(индейка)
|
40,0-41,5
|
Шошқа
|
38,0-40,0
|
Көгершін
|
41,0-44,0
|
Бақылау сұрақтары:
Малды зерттегенде қолданатын жоспарды атаңыз?
Малды тіркегенде неге көңіл аудару керек?
Малды тіркегенде әрбір қүрама элементтің клиникалык манызы қандай?
Анамнез нені білдіреді?
Анамнез қандай бөлімдерден түрады, нені көрсетеді?
Габитус нені көрсетеді? Габитусты зерттеу кезінде малдың қандай қасиеттеріне назар аудару қажет?
Малдардың конъюнктивасын (көздің кілегей қабығы) қарағанда неге назар аудару керек? Патология кезінде коньюнктиваның түсі, түрі калай өзгереді?
Терінің физиологиялық қасиеттеріне не жатады? Сау малдардың терісінің жағдайы қандай? Қандай патологиялық өзгерістердің пайда болуы мүмкін?
Малдардың қандай лимфа түйіндерін зерттейді? Пальпация (сипау) жүргізгенде неге назар аудару керек?
Ірі қараның және үсақ мүйізді малдың, шошқа, жылқы және қүстың түрақты дене қызуын атаңыз? Гипо- және гипертония нені көрсетеді?
Лихорадканың (қызба) клиникалық маңызы және жіктелуін атаңыз?
Әдебиеттер: 1, 2, 4, 6, 12
ЖЕКЕ ДИАГНОСТИКА НЕГІЗДЕРІ
№ 4 сабақ
Тақырыбы: Жүрек аймағын қарау, пальпация және перкуссиялау
Сабақ мақсаты: Жануарлардың жүрек аймағын қарау, пальпациялау және перкуссиялау әдістемесін меңгеру
Материалдар мен жабдықтар: сиыр, жылқы, қой, шошқа, ит, мысық, бекемдеуге арналған қүралдар (жіптер, дәке, түмылдырық, Соловьев, Г армс қысқышы, бүраулар), қолғаптар, халат, алжапқыш,
дезинфекциялауға арналған спирт, жануарларды жығуға арналған
жабдықтар, термометрлер, фонендоскоптар, перкуторлық балғашық пен плессиметр, вазелин, ағаш бүраулар т.с.с.
Сабақтың өтетін орны: кафедра аудиториясы немесе ветеринарлық клиника.
Тапсырмалар:
Жүрек аймағын қарау, пальпациялау және перку ссиялау әдістемесі
Әдістемелік нұсқау
Жүрек аймағын қарау, пальпациялау және перкуссиялау
әдістемесі
Жүрек-қантамырлар жүйесін зерттеу мынадай жоспар бойынша өткізіледі: жүрек түсын қарау және пальпациялау, жүрек түсын
перкуссиялау, жүректі аускультациялау, қан тамырларын зерттеу, жүректің функционалдық қабілетін аңықтау және қосымша әдістерді қолдану (ЭКГ, ФКГ, артериялық қысымын).
Жүректі зерттер алдында малдың жалпы жағдайын және мінез- қүлқының өзгеруіне назар аудару қажет. Себебі, қан айналымы жетімсіздігінің клиникалық белгілеріне ентігу, кілегейлі қабықтардың көгеруі (цианоз), жүректің тез соғуы (тахикардия), жүмысқа қабілеттілігінің жойылуы, тершеңдік, жүрек түсындағы сезімталдығының жоғарылауы, алдыңғы аяқтарын жиі ауыстырып басу, ісінулер жатады. Бүндай өзгерістер пайда болған жағдайда, жүрек-қантамырлар жүйесін зерттеуді мүқият, жан-жақты өткізу керек.
Жүрек тұсын қарау, пальпациялау. Жүректі тексеру кезінде малдың сол аяғын барынша ілгері жылжытады. Қарау мен пальпациялау арқылы кеуденің төменгі үштен бір бөлігінде 3-6-шы қабырғалар аралығында кеуденің дүрсілін немесе жүректің қимылын байқайды. Пальпация арқылы жүрек түсында көкірек жақтауының дүрсілі сезіледі. Жүректің дүрсілі (түрткісі) дегеніміз - жүрек етінің жиырылуымен сәйкестеніп келетін көкірек жақтауының сыртқа керілуі. Жүрек дүрсілінің ең жақсы байқалатын жері: ірі қара мен үсақ малдарда сол жақ шынтақтан 2-3 см жоғары, 4-ші қабырға аралығында, 5-7 см 2 көлемді аумағында; жылқыда - сол жақ иық буыны мен жауырын жалғасқан түсының сызығынан жүргізілген түзудің бойынан 7-8 см төмен, 4-5 см аумағы мен 5- ттті қабырға аралығында; шошқаларда сол жақ 4-ші қабырға аралығында, 2-4 см аумағында. Жүректің дүрсілін тексеру кезінде:
Орнынан ығысуы: перикардитте, плевритте,
пневмотораксте, гидротораксте байқалады;
Әлсіреуі: өкпе ауруларында, эмфиземада, пневмонияда, плевритте және перикардитте кездеседі;
Күшеюі: безгекте, жүқпалы ауруларда, перикардитте және
уланғанда расталады;
Ауырсынуы: перикардитте, плевритте және миозитке түспалануы мүмкін.
Жүрек тұсын перкуссиялау.
Жүрек түсын перкуссия арқылы шекарасын және сезімталдығын анықтайды.
Перкуссияны малдың алдыңғы сол аяғын барынша алға қарай жылжытып жасайды. Ірі малдарда инструменттер (плессиметр, перкуторлы балғашықпен), ал үсақ малдарда саусақ көмегімен (дигиталды перкуссия). Перкуссия арқылы жүректің жоғарғы және артқы шекараларын анықтайды.
Перкуссияны үстінен төмен қарай қабырға аралығымен (анконеус сызығы бойынша), сонан соң иық буынынан жоғары-артқа карай (45 град, сербекке (мықын) қарай) жасайды (6-шы сурет). Ірі қара малда жүректің жоғарғы шекарасы иық буыны сызығы бойында, артқысы - 5-ші қабырға бойында (6-шы қабырғаға дейін).
С урет 6 - Жүректі перкуссиялау (соққылау):
1-анконеус сызығы бойынша, 2-шынтақ буынынан сербекке дейінгі
сызық
Қой-ешкілерде жоғарғысы - иық буыны сызығынан 1-2 см төмен, артқысы 6-шы қабырғаға дейін; жылқыларда жоғарғысы - иық буыны сызығынан екі саусақ төмен, артқысы - 6-шы қабырғаға дейін. Иттерде алдыңғысы - 1-ші қабырғаның алдыңғы шегімен, жоғарғысы - иық буыны сызығынан бір-екі саусақ төмен, артқысы - 7-ші қабырғаға дейін. Түйелерде - жоғарғысы иық буыны сызығынан 8-10 см төмен, солтүстік бүғысында ол осы сызықтан 5 см төмен, ал артқысы бүл жануарларда 6- шы қабырғаға дейінгі аралықта болады.
Жүрек пен өкпе ауруларында бүл дыбыстардың естілу шекаралары өзгереді (плевритте, перикардитте, жүректің көлемі үлғайғанда, көкіректің ауамен немесе сүйықпен толып керілгенінде).
Бақылау сұрақтары:
Жүрек тамыр жүйесін зерттеу жоспарын атаңыз?
Жануарлардың жүрегі орналасқан жерінің топографиясын атаңыз?
Жүрек аймағына пальпация (сипау) жүргізгенде неге назар аудару керек? Сау малдарда жүректің анық дүрсілі қай жерде білінеді? Патологиялық жағдайларда жүрек дүрсілі қалай өзгереді?
Жүрек аймағында перкуссияның (нүку) маңызы қандай? Сау малдардың жүрек шекарасын атаңыз? Патология жағдайында қандай өзгерістер байкалынады?
Әдебиеттер: 1, 2, 6
№ 5 сабақ
Тақырыбы: Жүректі аускультациялау. Қантамырларды зерттеу
Сабақ мақсаты: Жүректі аускультациялау, қантамырларды зерттеу әдістемесін меңгеру
Материалдар мен жабдықтар: сиыр, жылқы, қой, шошқа, ит, мысық, бекемдеуге арналған қүралдар (жіптер, дәке, түмылдырық, Соловьев, Г армс қысқышы, бүраулар), қолғаптар, халат, алжапқыш,
дезинфекциялауға арналған спирт, жануарларды жығуға арналған жабдықтар, термометрлер, фонендоскоптар, перкуторлық балғашық пен плессиметр, вазелин, ағаш бүраулар т.с.с.
Сабақтың өтетін орны: кафедра аудиториясы немесе ветеринарлық клиника.
Тапсырмалар:
Жүректі аускультациялау әдістемесі
Артерия қантамырын зерттеу
Сыртқы вена тамырын зерттеу
Әдістемелік нұсқау
Жүректі аускультациялау әдістемесі
Жүректің аускультациясын мал тік түрған кезде алдыңғы сол аяғын алға қарай жылжытып, немесе біраз бүгіп жүргізеді.
Жүректі тыңдау екі жолмен жүргізіледі: қулақпен тыңдау (тікелей), түтікшелер арқылы тыңдау (стетоскоп, фонендоскоп, стетофонедоскоп арқылы). Тыңдау кезінде фонендоскопты жүрек дүрсілінің үстіне басып, дыбыстарды ажыратады.
Жүректі тыңдаған кезде дыбыстардың - саздардың (систолалық және диастолалық) ырғағы мен күшіне, тембріне және жүрек шуылы бар немесе жоғына көңіл бөледі.
Жүректің қызметін тексеру және жүрек ақауларын анықтау кезінде, дыбыстарды жүрек қақпақтары, олар жауып түратын тесіктердің көкірек қуысына проекция жерінде тыңдаудың үлкен маңызы бар.
Бул қақпақшалардың проекциялары - puncta optima - деп аталады, яғни қакпақшалардың дыбысы анық естілетін орын. Ірі қара мал, қой, ешкі жүрек қақпақшаларының жақсы естілу орындары: қолқа жарты ай тәрізді қүлақшалар - сол жағынан 4-ші қабырға аралығында - иық буыны сызығы деңгейінде, екі жарғақты қулақша - осы сызық деңгейінен 2-3 см төмен 4- ші қабырға аралығында, өкпе артериясының жарты ай тәрізді қүлақшасы - 3-ші қабырға аралығында екі жарғақты қүлақша деңгейінде, оң жағынан - үш жарғақты кулақша орыны иық буыны сызығынан 2-3 см төмен, 4- ттті қабырға аралығында.
Жылқыларда қолқа қулақшалары иық буыны сызығынан 1-2 саусақ төмен, екі жарғақты қүлақшанікі - 2-3 саусақ төмен 5-ші қабырға аралығында, өкпе артериясы күлақшасынікі - осы сызықтан 3-4 саусақ төмен, 3-ші қабырға аралығында. Оң жағынан - үш жарғақты қулақшаның естілу орыны иық буыны сызығынан 2-3 саусақ төмен, 4-ші қабырға аралығында (7-ші сурет).
Сурет 7 - Жүрек саздарының нақты естілетін орындары (жылқыда он және сол жақтан): 1- сол атриовентрикулярлы тесік; 2- аорта тесігі; 3- өкпе артериясының тесігі; 4- оң атриовентрикулярлы тесігі; а - 5 - иық буын
сызығы
Шошқаларда қолқа қүлақшалары сол жағынан - 3-ші, екі жарғақты қүлақша 4-ші, өкпе артериясы қүлақшалары 2-ші және үш жарғақтынікі 4- ші қабырға аралықтарында естіледі.
Иттерде естілу орындары жылқылардағыдай. Түйелерде қолқа қүлақшаларының естілу орны сол жағында иық буыны сызығынан 8-10 см төмен, 4-ші қабырға аралығында, екі жарғақтынікі - 4-ші қабырға аралығында, өкпе артериясынікі - 3-ші қабырға аралығында екі жарғақтынікі естілу орнынан аздап жоғары және алға, үш жарғақтынікі - оң жағынан 3-ші қабырға аралығында орналасады.
Жүрек дыбыстары патологиялық өзгерістерінің екеуі бірге немесе бір дыбыстың күшейтілу (акцент), әлсіреуі, үзартылу, жарылу, қосарлану (екіге бөліну) және эмбриокардия түрлерінде кездеседі.
Жүректің аускультациясын жасаған кезде жүрек шуылдарының бар не жоғына назар аударады.
Жүрек шуылдары - жүрек қызметіне байланысты, бірақ әдеттегі дыбыстардан (саздардан) өзгеше дыбысты қүбылыстар.
Шығатын орнына және жаратылысына байланысты жүрек шуылдары эндокардиалды (жүректің ішкі) және экстракардиалды (жүректін сыртқы) деп бөлінеді.
Эндокардиалды шуылдар өзара органикалық және функционалдық болады.
Органикалық ішкі шуылдар жүрек қақпақшаларының қурылымы бузылған кезде, яғни ақауларда пайда болады. Олар жүрек ырғағының кезеңіне сәйкес, фонетикалық быжылдау, сылдыр, ысқырық тәрізді дыбыстар.
Функционалды ішкі шуылдар көбінесе турақсыз, қатты емес систола кезінде байқалып, жүректің біршама жетімсіздігінен улғайғанда, анемияда және паппилярлы булшық етінің гипотониясында кездеседі.
Экстракардиалды шуылдар перикардиалды, плевроперикардиалды және кардиопульмоналды шуылдарға бөлінеді. Жүректің сыртқы шуылдары (шалпыл, үйкелу дыбыс тәрізді) жүрек кезеңдеріне сәйкес емес, жүрек қабының немесе плевра қабынуында пайда болады (жіті перикардитте, плевритте). Бул шуылдар жүрек тусының әрбір жерінде естіліп көбінесе үздіксіз, тырмалау, ысылдау, сатыр-сутыр тәрізді болады.
Артерия қантамырын зерттеу
Тақ туяқты малдардың артерия қан тамырларын сыртқы жақ, көлденең беті, сыртқы самай және қуйрықтың орта қантамырларында анықтайды. Ірі қара малда - бет тамыры, сафен және орталық қуйрық тамырларында.
Түйе тамырларының соғуын артқы сан жілік және орталық құйрык тамырларында анықтайды, ал иттерде - сан тамырларынан. Құстарда жүрек дүмпуі не жүрек дыбыстарын тыңдау арқылы анықтайды.
Алқызыл қан тамырларды зерттеу кезінде ең бірінші артериялық тамыр соғуы (пульс) жиілігін тексереді (2-ші кесте).
Алқызыл қан тамыр соғуының жиіленуі немесе тахикардия -безгекте, уланғанда, жүрек ақауында, қан азайғанда кездеседі. Тамыр соғуының бәсеңдеуі немесе брадикардия - уремия, холемия және уланғанда кездеседі.
Алқызыл - қантамырын пальпациялау арқылы оның сапасын, қанмен толуын, соғу дүрсілін анықтайды. Тамырдың соғуының түрлері мынадай болады: толық, орташа, бос, алмасушылық, ақырын, үлкен, кіші, қылдай болады. Тамыр қабырғасының кернелуіне байланысты тамыр соғуының түрлері мынадай:
жұмсақ тамыр - жүректің ақауында, коллапста кездеседі.
қатты тамыр - бүйрек ауруында, ішек түйілгенде, уланғанда кездеседі.
Сыртқы вена тамырын зерттеу
Ірі қара мал, қой-ешкілерде күре тамыр, сүтті көк тамыры, жылқыларда бас көк тамыры, күре тамыр, сыртқы кеуде көк тамырлары зерттеледі. Өзге жануарларда - бас, сирақ, құрсақ көк тамырлары зерттеледі.
Вена қан тамырларын малдың бас және сирақтардың шеткі көк қан тамырлардың күйін көру арқылы анықтайды. Веналардың шектен тыс толуы үш жармалы қақпақшаның ақауынын салдарынан, перикардитте, плевритте, лейкозда кездеседі.
Вена тамыр соғуын күре тамыр үстінде зерттеу қажет, оның мынадай түрлері болады:
Теріс согуы (физиологиялық, пресистолалық вена пульсі) - вена қан тамырының уақытша қан тоқтау салдарынан бірінші дүрсіл соққан кезде пайда болады (систола). Бул пульс сау ірі қара малда жақсы көрінеді, жылқыларда тек басын төмен устағанда, мойынның төменгі жағынан табылады.
Оң созуы (патологиялык систолалық вена пульсі) - қанның систола уақытында оң қулақшасына қайта қайтқан кезде пайда болады. Вена қан тамырының оң соғуы жүректің оң жақ атриовентрикулярлы қақпақшаның жетіспеушілігінен пайда болады. Күре тамырдың ортасынан басқан кезде тамыр соғуы шеткі жағында үдейді де, екі жағы бірден қанға толады.
Веналардың ундуляциясы дегеніміз, бул уйқы артериялардың қатты соғуының әсерінен күре тамырлардың пульс тәрізді қозғалуы.
Осындай жағдай көбінесе қолқа (аортаның) айшық қакпақшалардың жетіспеушілігінде пайда болады.
Веналарды қосымша зерттеу әдістеріне флебография, веналарды тыңдау және веналық қысымын өлшеу әдістері жатады. Бул әдістерді күре тамырдың үстінен керек кезде қолданады.
Жүректін жумыс ырғағының бузылуын аритмия деп атайды. Жүрек аритмияларын балаудағы ең негізгі әдіс - электрокардиография.
Онымен қатар жүрек түрткісін тексеру, жүректі тындау және соққылау әдістері де пайдаланылады.
Жүректің әрбір қызметінің бузылуына байланысты аритмиялардың бірнеше түрлері болады: респираторлық, экстрасистолия, блокадалар, пароксизмалды тахикардия және т.б.
Жүрек-қан тамыр жүйесінің жасырын жетіспеушілігін анықтау үшін және оның функционалдық қабілетін тексерудің бірнеше әдістері бар.
Жылқыларға - 10 минут айдап жүгірту сынамасы (Домрачев
бойынша) және жүректің қоздыруына сынама (Опперман-Синев бойынша). Ірі қара малдарға - «апноэ» мен жасалатын аускультациялық сынама (Шарабрин бойынша).
Кесте 2 - Жануарларда тамыр соғуы жиілігінің ауытқуы /частота пульса/
Жануар түрлері
|
Тамыр соғуының 1 минуттағы саны
|
Жануар түрлері
|
Тамыр соғуының 1 минуттағы саны
|
Ірі қара мал
|
50-80
|
2 апталық қүлын
|
80-120
|
1 жылға дейін
|
70-100
|
1-күндік қүлын
|
100-120
|
2 айға дейін
|
100-130
|
Есек, қашыр
|
45-60
|
8 күнге дейін
|
116-140
|
Қодық
|
65-75
|
Бүқа, өгіз
|
36-60
|
Шошқа
|
60-90
|
Қой
|
70-80
|
Торай
|
100-130
|
Қозы
|
100-120
|
Ересек ит
|
70-100
|
1 жастан аскан сақтар
|
85-95
|
¥сақ ит
|
80-120
|
Ешкі
|
70-90
|
Күшік
|
110-120
|
Лақ
|
100-120
|
Мысық
|
100-130
|
1 жастан асқан серкелер
|
80-100
|
Марғау
|
130-140
|
Қодас (буйвол)
|
36-60
|
Қоян
|
120-200
|
Солтүстік бүгысы
|
36-48
|
Түлкі
|
80-140
|
Түйе
|
32-52
|
Қүндыз
|
108-300
|
Жылқы
|
24-42
|
Нутрия
|
125-175
|
5 жастан асқан
|
40-60
|
Маймыл (резус)
|
60-70
|
1 жасқа дейін
|
48-72
|
Тауық
|
150-200
|
3-тен 6-айға дейін жабағылар
|
64-76
|
Көгершін
|
140-400
|
Жүрек -қан тамыр жүйесін зерттеу үлгісі
Жүрек аймагы Жүрек дүмпілі (түрткісі) күшті, орташа дәрежеде, әлсіз бөлінген (сезіледі), бөлінбеген (сезілмейді) анықталады.
Сипалағанда, қысым жасағанда ауырсынуы (ауырсынатын, ауырсынбайтын) байқалады.
Дірілдеуін сезіну, сезіну шуылдары (жоқ, бар).
Жүрек дүмпілі (түрткісі). Орны (қабырға аралығы көрсетіледі), оның алға, артқа, үстіне, астына, оңға жылжуы.
Қалыпты шамада жүрек дүмпілі ірі қара малда - 4-ші, жылқыда 5-ші, шошқада 4-ші, иттерде 5-ші қабырға аралығында қарқындырақ (қаттылау) естіледі.
Жүрек дүмпілінің күші - орта деңгейде, күшейген, тарсылдайтын, әлсіреген, сезілмейді.
Жүрек дүмпілінің сипаты - шектелген (орын тепкен), диффузды (жайылған) болып жіктеледі.
Ырғақтылығы - ырғақты, ырғақсыз.
Жүрек перкуссиясы. Абсолютті және салыстырмалы жүректің бәсең дыбысты аймағының (бәсең және бәсеңдеу дыбыс естілетін жүрек аймақтары) үстіңгі, артқы шекараларын анықтау. Жүрек шекаралары өзгеріссіз, ауытқыған (үлғайған, кішірейген) - артқа, жоғары, алға (тоқталып өтуі қажет: жоғары-иық буынының көлбеу сызығына шаққанда, артқы - қай қабырға).
Жүректің абсолютті қатқылдану (бәсең дыбысты) аймағы - улғайған, улғаймаған, тимпаниялық дыбыс болуы (анықталу аймағы). Перкуссия кезіндегі жүрек аймағының ауырсынуы - ауырсынатын, ауырсынбайтын.
Жүрек аускүлътациясы. Жүрек саздары (1-ші систолалық және 2-ттті диастолалық) - ашык, таза, күңгірт, қатаң, айқын; күшейген не әлсізденген (бір не екі дыбыста), үздіксіз; созылған, қосарланған, шабыс ырғағындағы, эмбриокардия түрлеріне бөлінеді.
Егер аускультация кезінде шуылдар аңықталса, онда қай жерде жақсырақ естілетіні (жақсы естілу орыны), күші (әлсіз, күшті), сипаты (жүмсақ, дөрекі, үрленетін, аралағандағыдай, кырғандағыдай, ысылдаған, пырылдаған т.б.), жүрек қызметінің қай саласына сәйкес келетіндігі (систолалық, диастолалық, пресистолалық) анықталады. Эндокардиалды шуылдар - ағзалық, қызметтік (анемиялық, күлақшалардың салыстырмалы кемістігінен болған). Экстракардиальды - перикардиалды (үйкеліс, су шашырауы), плевроперикардиалды, кардиопульмоналды.
Ырғақтар - ырғақты, ырғақсыз. Аритмиялардың түрлері:
Автоматты қызметінің бүзылуы - синусты тахикардия, брадикардия; синусты: а) респираторлық және респираторлық емес ырғақтың жоғалуы, ә) синус блокадасы;
Өткізгіштік қызметінің бүзылуы - жартылай атриовентрикулярлық блокадалануы: - а) түрақсыз, ә) түрақты; толық атриовентрикулярлық блокадалану;
Қозу қызметінің бүзылуы - экстрасистола, тітіркенімді ырғақтың жоғалуы, пароксизмалды тахикардия;
Жиырылу қызметінің бүзылуы - альтернирленуші (алмасушы) тамыр соғуы.
Тамыр согуы (пульс).
Ырғақтар - тамыр соғуы ырғақты, ырғақсыз.
Тамыр қабырғасынан ширығуы бойынша - жүмсақ, дөрекілеу, дөрекі (қатқыл), сым тәрізді.
Толысуы бойынша - толық, орташа, бос (нашар, толық). Тамыр соғу толқыны бойынша - үлкен, орташа, кішкене, жіпше тәрізді.
Тамыр соғу толкынының төмендеуі бойынша - орташа төмендеген, кенет өзгеруі, бәсең.
Альтернирленуші (алмасушы) тамыр соғуы. Тамыр соғуы тапшылығы (толқыныс мөлшері, жүрек соққыларынан аз).
Венаны (көк тамыр) зерттеу.
Көк тамырлар бір тутастығы бүзылмаған; толысуы - орташа, тым толып кеткен (улғайған), нашар толысқан (көк тамырлар түсіңкі), эластикалы не тығыздалған. Көк тамыр соғуы - физиологиялық (теріс), күшейген теріс, патологиялық (оң), ундуляция (толқын тәрізді).
Жүрек-қан тамырлық функционалдық үлгілерін алды (көрсеткіштер бойынша өткізіледі) - жүргізу үлгісі, апноэмен жасалатын үлгі. Жүрек қозуы индексі есептеледі (жылқыларда 1,5-2, бүзылулар кезінде 3-4-ке дейін).
Бақылау сұрақтары:
Жүрек тамыр жүйесін зерттеу жоспарын атаңыз?
Жануарлардың жүрегі орналасқан жерінің топографиясын атаңыз?
Жүрек аймағына пальпация (сипау) жүргізгенде неге назар аудару керек? Сау малдарда жүректің анық дүрсілі кай жерде білінеді? Патологиялық жағдайларда жүрек дүрсілі қалай өзгереді?
Жүрек аймағында перкуссияның (нүку) маңызы кандай? Сау малдардың жүрек шекарасын атаңыз? Патология жағдайында қандай өзгерістер байқалынады?
Жүректі тыңдаған кезде, жүрек саздарының қандай өзгерістеріне назар аударады? Жүрек шуылдарының жіктелуін атаңыз.
Ірі қара мал мен шошқада, жылкыда 1 минуттегі жүрек жиілігі қандай?
Қандай физиологиялық және патологиялық үрдістерде тахикардия және брадикардия өзгерістері кездеседі?
Жүректің функционалдық ерекшілігін анықтау үшін қандай әдістер қолданылады? Қандай ауруларда жүректің функционалдық қабілеті төмендейді?
Әдебиеттер: 1, 2, 4
№ 6 сабақ
Достарыңызбен бөлісу: |