Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Оңтүстік Қазақстан облысының білім басқармасы «ішкі жұҚпалы емес аурулар клиникалық диагностика ренгинологиясымен»


Тақырыбы: Жануарлардың азық қабылдауын, ауыз қуысын, жұтқыншағын, өңешін (жемсау) зерттеу Сабақ мақсаты



бет15/25
Дата14.10.2022
өлшемі1.47 Mb.
#462658
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   25
клиникалық диагностика

Тақырыбы: Жануарлардың азық қабылдауын, ауыз қуысын,
жұтқыншағын, өңешін (жемсау) зерттеу
Сабақ мақсаты: Жануарлардың азық қабылдауын, ауыз қуысын, жұтқыншағын, өңешін (жемсау) зерттеуді меңгеру
Материалдар мен жабдықтар: сиыр, жылқы, қой, шошқа, ит, мысық, бекемдеуге арналған қуралдар (жіптер, дәке, тумылдырық, Соловьев, Г армс қысқышы, бураулар), қолғаптар, халат, алжапқыш,
дезинфекциялауға арналған спирт, жануарларды жығуға арналған жабдықтар, термометрлер, фонендоскоптар, перкуторлық балғашық пен плессиметр, вазелин, ағаш бураулар, ауыз кергіштер, ларингоскоп, ШОГ-1 т.с.с.
Сабақтың өтетін орны: кафедра аудиториясы немесе ветеринарлық клиника.
Тапсырмалар:

  1. Азық қабылдау және су ішуді зерттеу

  2. Ауыз қуысы мүшелерін зерттеу

  3. Жүтқыншақты зерттеу

  4. Өңешті зерттеу

  5. Қүстардың жемсауын зерттеу

Әдістемелік нұсқау

  1. Азық қабылдау және су ішуді зерттеу

Ас қорыту жүйесін зерттеуді белгілі жоспары бойынша жүргізеді:

  1. Азық қабылдауын, су ішуін тексеру,

  2. Ауыз қуысын, жүтқыншақты, өңешті және қүс жемсауын зерттеу,

  3. Мал ішін, үлтабар қарындарын, асқазан мен ішектерді тексеру,

  4. Дефекация акті мен нәжісті зерттеу,

  5. Тік ішек арқылы қүрсақ және жамбас қуыстарында орналасқан мүшелерді тексеру (қажет болса).

  6. Бауырды тексеру.

Ас қорыту жүйесін зерттеу малдың азық қабылдау және су ішу қабілетін тексеруден басталады. Сол себептен малдарға әр түрлі жем-шөп және су беріледі. Малдар азықты қалай қабылдайды және суды қалай ішетінін анықтай отыра мынадай қүбылыстарға мүкият зер салып қарау қажет:

  • тәбет және оның бүзылуы;

  • жүту және шайнау, олардың өзгерісі;

  • қүсу, кекіру және күйіс қайтару, олардың бүзылуы.

Сау күйістілерде тәулік ішінде 4-6 (жазда 10-14-ке дейін) күйіс қайыру кезеңдері болады. Күйіс қайыруы азық қабылдағаннан кейінгі 2030 минутта байқалып, 30-60 минутке созылады. Бар азықты қүсықты шайнауға шамамен 1 минут жүмсалады (40-80 шайнау қимылы).
Төлдерде күйіс қайыру үрдісі ірі азықпен азықтану туғаннан соң 12- 15-ші күні басталады.

  1. Ауыз қуысы мүшелерін зерттеу

Ауыз қуысын зерттеудің негізгі тәсілдері: көру, пальпациялау және қосымша иіс сезетін мүшелер арқылы шықкан иісті анықтау. Дүрыстап зерттеу үшін ауыз кергіштер пайдаланады немесе арнайы аспаптармен (ларингоскоп, ШОГ-1 және т.б.) зерттейді (15-16-шы суреттер). Көзбен көру арқылы ауыз қуысының жабылуын және ашылуын, еріндерінің еріксіз қозғалуын, сілекей бөлінуін және олардың бөгде өзгерістерін анықтайды.



Сурет 15 - Көмей мен кеңірдекті қарауға арналған металдан жасалған шпатель мен жарық түсіргіш (ШОГ-І) (В.И.Габриолавичюс жабдығы)




Сурет 16 - Ауыз кергіштер (зевниктер):
1 - жылқыларға; 2 - 3 - ірі қара малға; 4 - жылқы мен ірі қара малға; 5 - шошқа мен иттерге; 6 - иттерге арналған

Ауыз қуысы мүшелерін зерттеу кезінде тісі жоқ жерінен қолды енгізіп, тілді сыртқа шығару арқылы немесе ауыз кергішті (зевник) енгізу арқылы аузын ашады. Сонан соң мыналарға көңіл аударылады:


• кілегейлі қабықтың күйін, түсін, оның өзгерістерін, жара және бөртпелер бар-жоғын анықтайды;

  • ауыздан шыққан иісті мал сілекейімен сулаған мақтаны иіскеп анықтайды;

  • тілді көру арқылы дақтарды және ісікті анықтайды;

  • тістің күйін қараған кезде тістің босауын, желінуін, түсуін және оның өсіп кетуі.

  1. Жұтқыншақты зерттеу

Жүтқыншақты негізгі қарау, пальпациялау және ларингоскоп тәсілдерімен зерттейді. Қолмен басып қарау арқылы жүтқыншақтың қызуын, ісуін анықтайды.
Көзбен қарау арқылы бас пен мойынның орналасуы және олардың өзгеруіне көңіл бөлінеді. Жүтқыншақ ауырғанда бас пен мойынның қалыпты жағдайдан өзгеруі байқалады.

  1. Өңешті зерттеу

Малдардың өңешін зерттеу мойынның сол жағынан бастап қарау және пальпациялау арқылы жүргізіледі. Бүл кезде оның жуандығына, қалталанып кеңеюіне, қатты-жүмсақтығына, бөгде заттың бар-жоғына, ауырсынуына көңіл бөледі.
Өңешке зонд енгізу ауыз қуысы арқылы немесе төменгі танау қуысын пайдалану арқылы іске асады, бірақ ол малдың түріне байланысты. Сиырда зондты енгізу үшін танау немесе ауыз-қарын зондтары пайдаланылады.
Ауыз қуысы арқылы зондты енгізу үшін әуелі зондты вазелинмен майлап, ауыз кергішті пайдалана отырып, ауыз қуысының ортасымен жүтқыншақ жаққа қарай жылжытып, сонан соң оның жүтыну уақытын байқап отырып өңешке және мес қарынға енгізіледі. Осы кезде екінші көмекші адам малдың мүйізінен мүқият үстап түру керек. Ол үшін зондтың басында темірі бар резеңке шлангыны пайдаланады.
Сақа шошқаға үзындығы 1 м, ені - 10-12 мм зондтар, ал торайларына медициналық зонд пайдаланады.

Сурет 17 - Өңеш пен асқазанға зонд енгізу: А-жылқыға; Б- ірі қараға;


В- итке; Г - құсқа

  1. Құстардың жемсауын зерттеу

Жемсау құстарда өңештің төменгі жағында орналасқан. Жемсау- өңештің кеңейген төменгі бөлігі. Бул мүшені қарау және пальпациялау әдістерімен зерттейді.
Қарау арқылы тексерген кезде көлемін анықтайды, устап қарау және сипау арқылы жемсаудағы азықтың қаттылығын және сырттан әсер еткен қысымға сезімталдығын анықтайды.
Бақылау сұрақтары:

  1. Ас қорыту жүйесін зерттеу жоспары қандай?

  2. Ауыз қуысын зерттегенде неге назар аударады? Сау малдардың кілегей қабықтары қандай болу керек?

  3. Қандай әдістермен жутқыншақ пен өңешті зерттейді? Сау малдың жұтқыншақ пен өңешіне сипаттама беріңіз?

Әдебиеттер: 1, 2, 4

9 сабақ




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   25




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет