Өкпенің перкуссиясы. Өкпенің перкуссиясын өкпе шекараларын және перкуторлы дыбыстардың қасиетін анықтау үшін жасайды.
Ірі малдарда инструменталды перкуссияны (плессиметр, балғашық арқылы), усақ малдарда дигиталды (саусақ арқылы) перкуссияны қолданады. Топографиялық перкуссияның мақсаты - өкпенің шекараларын анықтау. Бул перкуссияны легато тәсілмен, әлсіз сокқылап жасайды. Салыстырмалы перкуссияның мақсаты - өкпенің және плевраның физикалық өзгерістерін анықтау. Бул перкуссияны қысқаша стокатто әдісімен іске асырады. Перкуссияны жасаған кезде қабырға аралығымен үстінен төмен қарай өткізеді. Сау малда өкпенің перкуторлық дыбысы - анық, узаққа созылған, төмен, атимпаникалық. Бул дыбысты айқын өкпе дыбысы деп атайды.
Өкпе алаңы - үшбурышты, үш шекарамен шектелген орын (алдыңғы, жоғарғы, артқы). Алдыңғы өкпе шекарасы артқы жауырын бурышынан басталып төмен анконеус сызығы бойынша көкірек қуысына қарай келеді. Жоғарғы өкпе шекара - артқы жауырын бурышынан басталып артқа қарай, омыртқалардан алақан көлдеңінен төмен өтеді. Артқы шекарасының клиникалық манызы өте зор. Бул шекараны үш көлденең сызық бойынша анықтайды:
Сербек (мықын) сызығы,
Шонданай сызығы,
Иық буын сызығы.
Ірі қара мен үсақ малдарда 2 сызық бойынша:
Сербек сызығы,
Иық буын сызығы (шонданай мен сербек сызықтар бір деңгейінде орналасады).
Бүл сызықтармен перкуссияны алдынан артқа қарай қабырға аралығымен (к.а.) малдың екі жағынан жүргізеді, яғни өкпе дыбысы басқа, қатар жатқан ағзалардың дыбыстарына айналғанға дейін.
Зерттеудегі нәтижелерді қалыпты жағдайдағы өкпе шекарасымен салыстырып өкпе көлемі туралы қорытынды жасайды (әдеттегідей, үлкейген, кішірейген).
Ірі қара мал, қой-ешкілерде өкпенің, мықын сызығы бойымен алғандағы шекарасы сол жақта 12-ші қабырғаға, оң жақта 11-ші қабырғаға дейінгі, иық буынымен оң және сол жағынан 9-шы қабырғаға дейінгі аралықта.
Жылқыларда мықын сызығымен - 17 қабырға, шонданай
төмпешегімен - 15-ші және иық буыны сызығымен 11-қабырғаға (ауыр жүк таситын және семіздерінде 16-14-10 қабырға) келеді.
Түйелерде - 12-10-8 қабырғалар, солтүстік бүғысында - 14-13-7 қабырғалар. Шошқаларда - 12-10-8, иттерде 12-11-9 қабырғалар.
Өкпенің артқы шекарасынын үлкеюі, артқа қарай жылжуы эмфиземада, өкпе қабынуында, ала өкпеде, эхинококкозда болады, ал кішіреюі, алға қарай жылжыуы іш кепкенде, ішек кепкенде, бауыр циррозында кездеседі.
Өкпе шекараларын тексеріп болғаннан кейін малдың өкпе алаңында салыстырмалы перкуссияны іске асырады.
Дені сау малдардың көкірегіне перкуссия жасаған кезде айқын екпе дыбысын естиміз. Сырқат малдарда нүқу (перкуссия) дыбыстары өзгеріліп естіледі, оларға мына дыбыстар жатады:
шыңқылдаған (шел, өкпе қабығы, өкпе қабынғанда);
сызданған сыбырлы (экссудатты плевритте, өкпенің фибринозды қабынуында, жылқының жүқпалы плевропневмонияда, ала өкпеде);
даңғырлаған (өкпедегі тесік каверна, бронх түтігінің кеңеюінде);
шіңкілдеген (өкпенің ішіндегі доп тәрізді қуыс пайда болғанда, іттткі қабаты тегіс, қатты болғанда);
түбі тесік қүмыра (қауак) тыңқылындай (өкпеде қуыс пайда болып ол бронх арқылы жіңішке түтікшемен сыртқы ортамен байланысқанда шығады).
Сурет 8 - Өкпенің перкуссиялық шекаралары (сиырда):
Н - мықын сызығы; В- иық буын сызығы; А - жауырын алдындағы перкуссиялық аймағы; Б - көкірек қуысының перкуссиялық аймағы Дыбыстар. а - қатты, ашық өкпе дыбысы; б - бәсендеу, атимпаникалық; в - бәсендеу, тимпаникалык және г - бәсең, ақырын естілетін дыбыс.
Сурет 9 - Өкпенің перкуссиялық шекаралары (буқада):
Н - мықын сызығы; В- иық буын сызығы; А - жауырын алдындағы перкуссиялық аймағы; Б - көкірек қуысының перкуссиялық аймағы
Достарыңызбен бөлісу: |