Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Оңтүстік Қазақстан облысының білім басқармасы «ішкі жұҚпалы емес аурулар клиникалық диагностика ренгинологиясымен»


Тақырыбы: Кеуде қуысын зерттеу Сабақ мақсаты



бет11/25
Дата14.10.2022
өлшемі1.47 Mb.
#462658
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   25
клиникалық диагностика

Тақырыбы: Кеуде қуысын зерттеу
Сабақ мақсаты: Кеуде қуысында орналасқан мүшелердің анатомо- топографиялық орналасу ерекшеліктерін жете түсіндіру және зерттеу әдістерін оқып-игеру
Материалдар мен жабдықтар: сиыр, жылқы, қой, шошқа, ит, мысық, бекемдеуге арналған қүралдар (жіптер, дәке, түмылдырық, Соловьев, Г армс қысқышы, бүраулар), қолғаптар, халат, алжапқыш,
дезинфекциялауға арналған спирт, жануарларды жығуға арналған жабдықтар, термометрлер, фонендоскоптар, перкуторлық балғашық пен плессиметр, вазелин, ағаш бүраулар, ауыз кергіштер, плегофония т.с.с.
Сабақтың өтетін орны: кафедра аудиториясы немесе ветеринарлық клиника.
Тапсырмалар:

  1. Кеуде қуысын жалпы зерттеу әдістері

  2. Кеуде қуысын графикалық әдіспен зерттеу

  1. Кеуде қуысын жалпы зерттеу әдістері

Қарау арқылы көкірек қуысының пішініне, көлеміне, ширақтығына, тыныс алу қозғалысының түріне, жиілігіне, тереңдігіне, күшіне, симметриялығына және ырғақтығына назар аударады.
Пальпациялау (сипалау) арқылы көкірек кабырғалардың сезімталдығын, сезілетін шуылдарды және ісіктердің бар-жоғын анықтайды. Зерттеген кезде малдың алдынан, сол жағынан, және оң жағынан, ал үсақ малдарда жоғарғы жағынан да қарап тексереді.
Кең және терең көкірек куысы өкпенің жақсы сыйымдылығын көрсетеді. Қысаң, басылған көкірек куысы өкпе ауруларына бейімделген. Кейбір ауруларда (мешел, остеодистрофия, өкпенің эмфиземасы) көкірек қуысының пішіні өзгереді. Альвеолярлық эмфиземада көкірек қуысының пішіні бөшке тәрізді болып калады. Көкіректің бір жағының үлғаюы бір жақты плевритте, кішіреюі - ателектазде, туберкулезде, мешелде кездеседі.
Көкірек қуысының сезімталдығын үлкен саусақпен қабырға аралығына басып тексереді. Плевриттің бастапқы кезінде, немесе қабырғалардьщ сынуында аурсынуы байқалады.
Жергілікті температурасының жоғарлауы ісік және ағзалардың қабынуында пайда болады. Мешел ауруында қабырғалардын үстіңгі жағы жуандайды (четки). Сезілетін шуылдар қүрғақ плеврит пен бронхитте анықталады (алақанмен көкірек қуысын үстаған кезде вибрация шуылдары сезіледі).
Тыныс алу цозгалъістарын зерттеу. Тынысалу козғалыстарын зерттеген кезде олардың түріне, ырғақтығына, күшіне, симметриялығына және 1 минуттегі жиілігіне назар аудару қажет. Диспноэ (демігу, демікпе) пайда болса оның түрін анықтау (инспирациялық, экспирациялық) көзделеді.
Қүрсақты түрі (абдоминалды) демалу қозғалыстары плевритте, өкпенің созылмалы альвеолярлы эмфиземада, қабырғалардың сынуында кездеседі. Бүл тыныс алу түрі сонымен бірге шошқа обасы, геморрагиялық септицемия және энзоотикалық бронхопневмонияда табылады. Сау малдардың тыныс алу қозғалыстарының жиілігі (1 мин) төмендегі кестеде көрсетілген (3-ші кесте).
Тыныс алудың жиілігіне малдың жынысы, жасы, түқымы және қоңдылығы әсер етеді. Сонымен қатар, сыртқы температура мен ауаның ылғалдылығы, малдың жүктілігі, жумыс істеуі, т.б. Патология кезінде тыныс алу қозғалыстары бәсеңдейді немесе жиіленеді (көбейеді).



Кесте 3 - Жануарларда тыныс алу жиілігінің ауытқуы

Жануар түрлері

Тыныс алу жиілігі, мин

Жануар түрлері

Тыныс алу жиілігі, мин

Ірі қара мал

12-20

Теңіз шошқасы

100-150

Қой, ешкі

16-30

Түлкі

14-30

Солтүстік буғысы

8-16

Ақ түлкі (песец)

18-48

Түйе

5-12

Маймыл (резус)

60-70

Жылқы

8-16

Тауық

12-30

Шошқа

15-20

Қундыз

40-70

Ит

14-24

Үйрек

16-30

Мысық

20-30

Көгершін

16-40

Қоян

50-60

Қаз

10-20




Қозғалыстарының жиіленуі - полипноэ, бәсеңдеуі - олигопноэ деп аталады. Полипноэ өкпе (пневмония, бронхит, ісуі, қатерлі ісіктер), плевра (плеврит) ауруларында және қурсақ қуысының ішкі қысымы көбейген кезде болады. Олигопноэ ірі бронх, кеңірдектің тарылуында, бас сүйегінің ішкі қысымы жоғарылаған кезде, гастрит, ацетонемия, т.б. ауруларында пайда болады.


Дем алудың тереңдігін қалыпты жағдайда дем шығару мен дем алу көлеміне сүйеніп анықтайды. Үстіртін демалу полипноэ мен катарда кездеседі. Бул кезде демді ішке тарту мен шығару қысқа болады. Терең демалуда патологиялық бәсеңдеу демалысы байқалады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   25




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет