Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі т. М. Мендебаев, Е. С. Асқаров


Ӛнімді сынаудың метрологиялық қамтамасыздандырылуы



Pdf көрінісі
бет122/200
Дата16.11.2023
өлшемі3.11 Mb.
#483479
түріОқулық
1   ...   118   119   120   121   122   123   124   125   ...   200
mendebaev-stand-metr-sertif

6.8. Ӛнімді сынаудың метрологиялық қамтамасыздандырылуы 
Сынау (ГОСТ 16504-81) – сынау объектісінің сандық және сапалық 
сипаттама қасиеттерін тәжірибе жҥргізу арқылы анықтау. Бҧл тәжірибелік 
мағлҧмат сынау объектісін пайдалануда, моделдеуде оған іштей және 
сырттай әсер ететін жағдайларды зерделеу, зерттеу арқылы жасалады. 
Сынауды – ӛлшеу талдау, диагностикадан ӛткізу, органометрлік әдістер 
қою, кӛптеген қҧбылыстарды (сынып қалу, кенет істен шығу) тіркеу арқылы 
ӛткізеді.
Сынау мақсаты сандық және сапалық бағалау болса объект қасиеттерінің 
сипаттамалары бағаланады. Сынау мақсаты объект сипаттамаларын бекітілген 
талаптарға сәйкестігін белгілеу болса бақылау жҥргізіледі. Мысалы, қабылдау-
ӛткізу, кезеңдік және сертификаттау сынақтары. 
Сынақ нәтижесі бойынша нақты шешімдер қабылданады. Сынау және 
зерттеу кезінде эксперимент мазмҧны сәйкес келуі мҥмкін, бірақ сынау мақсаты 
қандайда болмасын шешім қабылдау болса, онда эксперимент сынау болып 
табылады. Сынау жағдайы деп объектіге табиғи және жасанды әсер ету мен 
оның функционалды режимдерінің қосындысы ретінде тҥсіндіріледі 
(климаттық, механикалық, электрлік, жылулық, радиациялық, химиялық және 
т.б.). сынақтан ӛткізудің бірқатары объектінің беріктілігінде орнықтығын 
анықтау ҥшін қарастырылады. Ішкі факторлар да әсер етуі мҥмкін, олар 
объектінің функционалдығымен байланысты – мойынтіректің қызып кетуі 
немесе объектіні қосқанда ток ӛту. 
Объектінің функционалды режиміне оны орнату, монтаждау, орнықтыру, 
орын ауыстыру жылдамдығы, жҥктелу тәсілдері де кіреді. 
Сынау нәтижелерін орындау шарттары мен дәлдік нормаларын бекітетін 
негізгі қҧжат – оны ӛткізу әдістемесі болып табылады. 
Сынау объектісі – сынақтан ӛтетін ӛнім. Сынау ҥлгісі – ӛнім бірлігі 
немесе сынау кезінде эксперимент объектісі болып табылатын бӛлігі, ҥлгісі. 
Сынау объектісінің негізгі белгісі – осы объект бойынша сынау 
нәтижелері бойынша шешім қабылданады (оның жарамдылығы немесе 
жарамсыздығы, келесі сынауларға ҧсыну мҥмкіндігі, сериялық шығарылуы 
және т.б.). 
Ӛнімнің тҥрі мен сынау объектісі сынау бағдарламы бірліктік ӛнім немесе 
ҥлгі алынатын партиядан немесе ӛнім ҥлгісі, тікелей немесе таңдау 
бақылауының ӛнім партиясы. 
Сынау объектісі макет немесе ӛнім моделі ретінде болуы мҥмкін, сынау 
нәтижелерінің шешімі тікелей макетке немесе ҥлгіге қатысты болуы мҥмкін. 
Сынаудың техникалық базасына ӚҚ жатады – олар сынауға қажетті 
техникалық қҧрылғылар, материалдар, заттар. 


164 
Ӛлшеу қҧралдарымен қатар сынау қҧралдарының маңызды тҥріне сынау 
жабдықтары жатады. Сынау жабдығы дегеніміз – сынау шарттарын объект пен 
оның жҧмыс жасау режиміне әсер ету жағдайын қайталайтын жабдық. Бҧлар 
сынақ шарттарын қайталайтын- температура, ылғалдылық, қысым, электр 
магниттік және радиациялық әсерлер, механикалық жҥктемелер, діріл және т.б. 
- арнайы стендтер, ауа райы камералары және т.б 
Сынау сапасының кӛрсеткіштері болып сынақ нәтижелерінің дәлдігі және 
қайталануы саналады. Сынақ нәтижесінің дәлдігі – сынау кезінде нақты 
параметрлер мәндері мен олардың шын мәндерінің анықталған жағдайда 
жақындығының сипаттамасы.
Сынау объектісінің анықталатын сипаттамасы партиядан алынған ҥлгі –
жеке-дара объект сипаттамасы да, ҥлгі партиясының статистикалық 
сипаттамасы да бола алады. Сынақ нәтижесі сынау объектісіне, ал ӛлшеу 
нәтижесі осы объектіден алынған сынақ ҥлгілеріне жататындықтан сынақ 
нәтижесінің дәлдігі ҥлгі сипаттамасын ӛлшеу дәлдігімен дәл келмеуі мҥмкін.
ГОСТ 16263-70 стандарты бойынша ӛлшеу сапасының критерийі 
қайталану және бірігу.
Қайталану – объектінің қайталанған сынақтарының нәтижелерінің 
жақындығы.
Бірігу – бірдей жағдайда қайталанған ӛлшеу нәтижелерінің жақындығы. 
ИСО 5725 халықаралық стандарты қайталануды біздің бірігу терминіне сәйкес, 
дәл кӛшіру жағдайында жасалған сынақ сипаттамасы ретінде анықтайды. 
Қайталану – біздің мемлекетаралық стандартпен салыстырғанда бірдей 
сынау әдістерін қолданумен, шарттың шексіз қайталануымен, орынымен, 
талаптарымен, қҧралдарымен, сынауды жҥргізу мерзімімен байланысты 
анықталады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   118   119   120   121   122   123   124   125   ...   200




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет